Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Микроэкономика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 11 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Үкіметтің микроэкономикалық саясаты


Жоспар
1 тарау. Үкіметтің микроэкономикалық саясатын талдау 3
2 тарау. Жаңа микроэкономикалық саясат концепциясын негіздеу және оның мәні 6
3 тарау. Жаңа аграрлық, инвестициялық саясаттардың негіздері және олардың мәні 7
4 тарау. Жаңа микроэкономикалық саясатты жүзеге асырудың механизмдері 8
Қолданылған әдебиеттер 11

1 тарау. Үкіметтің микроэкономикалық саясатын талдау
Үкіметтің тұтас микроэкономикалық саясаты жоқ. Үкіметтің ұсынған бағытындағы басты қателік - мемлекет иелігінен алу мен жекешелендруге иек артуы, тауар өндірушілерден, тұтыну рыногын тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен тікелей қамтамасыз ететін меншік иелерінің ауқымды тобының пайда болуы үшін, экономикалық реформаларды жеделдету үшін халықтың өзін, әсіресе ауыл халқын қозғалысқа түсіретін нақты негіз қалыптастырудан өздігінен сырт қалғаны.
Бұрынғы және жаңадан құрылған салалық министрліктер осы уақытқа дейін өнеркәсіп саясатын жасамады. Айталық, энергетика және оның ресурстары министрлігі мен Мұнай-газ министрлігі өздерін мемлекеттік монополиялық энергокомпанияға және монополиялық көмір, мұнай, газ және «ЖЖМ» холдингтеріне біріктіріп жіберді. Мұндай ведомстволарға өздерінің өнімдеріне нарықка қарсы ішкі бағаларды өсіру, дайын өнімдерді емес, шикізатты сыртқа шығаруды арттыру тимді. Мұндай монополияшы-ведомстволар құрылымының өзі нарық идеологиясына және реформаның тереңдеуіне қарсы жұмыс істейді.

2 тарау. Жаңа микроэкономикалық саясат концепциясын негіздеу және оның мәні
Жаңа өнеркәсіп саясатының концепіясы. Жаңа өнеркәсіп саясатын жасаудың қажеттігін тек қана өнеркәсптің қазіргі жай күйі емес, сондай-ақ нарықтық экономикаға көшу мен біздің экономикамыздың өтпелі ахуалы да талап етіп отыр.
Жаңа өнеркәсіп саясат бірқатар міндеттерді: мемлекеттік меншіктің тағдырын, оның жаңа нарық жүйесіндегі мәртебесін, экономиканың мемлекеттік секторындағы басқару жүйесін қайта құруды; мемлекеттің экономиканың мемлекеттйик емес секторына қатынасын; өнеркәсптегі аралас меншіктің тағдырын шешуге тиіс.
Жаңа өнеркәсіптік саясат тек мемлекеттің жалпы мемлекеттік экономикалық, әлеуметтіқ немесе қорғаныс мүдделерін көздейтін экономиканың белгілі бір секторларына. Жекелеген салалар мен өндірістерге ғана қатысты өзіне міндеттеме алатын даму басымдығы қағидаттарына құрылады.

3 тарау. Жаңа аграрлық, инвестициялық саясаттардың негіздері және олардың мәні
Аграрлық саясат мемлекеттік қолдау мен реттеудің неғұрлым дамыған жүйесін негізге ала отырып, бір жағынан, ұлттық азық-түлікпен қамту мүмкіндігін және екінші жағынан, село халқының өмір сүру деңгейін тұрақтандыруды қамтамасыз етуге бағытталуға тиіс. Проблемалардың бір бөлігі ұлттық азық-түлік қауіпсіздігі көлемінде мемлекеттік сатып алу жүйесі шеңберінде шешілуде. Қалған проблемаларды шешу үшін Қазақстандағы аграрлық сектордың маңызын ескере отырып селодағы шағын және орта бизнесті қолдаудың арнаулы мемлекеттік бағдарламасы әзірленуге тиіс.

4 тарау. Жаңа микроэкономикалық саясатты жүзеге асырудың механизмдері
Жаңа микроэкономикалық саясатты жүзеге асырудың механизмдері мыналар:
Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік шаруагерлік салаларын заң жолымен шектеу, өтпелі болашақта жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті объектілер бойынша анықтау. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасына және оны жүзеге асыру мен бақылаудың заңдылық негізіне өзекті түзетулер енгізу. Әртүрлі тұрпаттағы кәсіпорындар жөніндегі жаңа зандар топтамасы қажет. Экономиканы қайта құрудың негізгі бағытын «жедел жекешелендіруден» өндірістің қандай меншік фирмасында қызмет ететініне қарамай осы қүнгі нарық талаптарына сәйкес оның тиімділігін арттыра алатын шаруашылық субъектілерін қалыптастыруға және оларға қажетті жағдай жасау жағына бұру қажет.