Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 31 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Инфляцияның экономикалық әулеметтік салдары


Мазмұны
Кіріспе 3
І-Бөлім. Инфляция теориясы 4
1.1.Инфляцияның мәні және факторлары 4
1.2 Инфляцияның себептері 6
1.3 Инфляцияның түрлері 10
ІІ-Бөлім. Инфляцияның экономикалық әулеметтік салдары 13
2.1 Инфляцияның альтернативті көздері 13
2.2 Инфляцияның тежеу шаралары мен әдістері 16
2.3 Филипстың қисық сызығы 19
ІІІ-Бөлім. Инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат 22
3.1 Инфляцияға қарсы саясат 22
3.2 Инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктері 24
Әдебиеттер тізімі 31

Кіріспе
Курстық жұмысымда инфляция, инфляцияға қарсы саясаттың мәнін алуға жұмыстандым.
Инфляция (лат «желбуаз»), ақшаның құнсыздануы - ақша айналысы арналарының тауар айналымы қасиеттерінен артық мөлшерде толуы. Мұның өзі ақша өлшемінің құнсыздануын туғызып, тиісінше бағаның өсуіне апарып соқтырады.

І-Бөлім. Инфляция теориясы
1.1.Инфляцияның мәні және факторлары
Инфляцияның мәні - ол тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасының өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алуы мүмкіндігінің құлдырауы. Инфляция - қоғамдық ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі . Ол мемлекеттің табысы мен шығынның үйлеспеуі салдарынап кездесетін кез келген экономикалық формацияға тәң құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың салалары арасында, коммерциялық құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.

1.2 Инфляцияның себептері
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұғынысынан артық болуымен байланысты.Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы өлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі.

1.3 Инфляцияның түрлері
Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде қағаз ақшаларды шығаруға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.

ІІ-Бөлім. Инфляцияның экономикалық әулеметтік салдары
2.1 Инфляцияның альтернативті көздері
Батыс экономистері жасаған теорияларды инфляцияның альтернативті қайнар көздері ретінде сұраныс инфляциясы мен шығындар инфляциясын көрсетеді. Бүл концепциялар инфляция болуының әртүрлі себептерің атайды.

2.2 Инфляцияның тежеу шаралары мен әдістері
Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарлатын, уақытша коньюнктураны жандандырады. Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленістерді тереңдетеді. Инфляция шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп, экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді.

2.3 Филипстың қисық сызығы
Инфляция жұмыспен қамтуға айтарлықтай эсер етеді. 1958 жылы ағылшын экономисі А.Филипс оның ықпалын көрсететін «сұраныс инфляциясы» деген үлгіні ұсынды. 1861-1956 жж. Ұлыбритания саңлақтары деректерін пайдалана отырып, ал жалақы вставкасы өзгеруімен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тәуелділіктің кері әсерін қисық сызық арқылы көрсетті. Сөйтіп, Англиядағы жұмыссыздықтың 2,5-3% артық көбейтуі баға мен жалақы өсуін күрт баяулататынын дәлелдеді.

ІІІ-Бөлім. Инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат
3.1 Инфляцияға қарсы саясат
Инфляцияның әулеметтік және экономикалық зардаптары оған шалдыққан елдердің үкіметін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етті. Алдымен экономистер ең басты сұраққа жауап іздейді. Инфляцияны төтенше шаруалар қолдану арқылы жою керек пе, әлде оған бейімделу керек пе? Бүл дилемма әр елде өзінше, сол елдің ерекшеліктеріне сәйкес шешіледі. Мысалы АҚШ-та, Англияда инфляцияға қарсы күрес мемлекет деңгейіндегі. Басқа бір елдер бейімделу шараларын қарастырады.