Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Ақша,несие, банктер

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 26 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Коммерциялық банктердиң операциялары


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 Коммерциялық банктер және олардың қазіргі кезеңдегі қызметінің ерекшеліктері 4
1.1 ҚР екінші деңгейлі банктердің жалпы сипаттамасы 4
1.2 Банктер қызметін пруденциалдық реттеу және банктің меншікті капиталын басқару 7
2 Коммерциялық банктің депозиттік портфелі, оны қалыптастыру және басқару 13
2.1 Депозиттік операциялардың мәні және олардың түрлері 13
2.2 Ресурстарды қалыптастырудағы депозиттік емес көздері 16
3 Несиелеу жүйесі және оның элементтері. Несиелеуді ұйымдастыру 17
3.1 Несиелеу объектілері мен субъектілері 17
3.2 Кредиттік серіктестердің мәні 18
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26

КІРІСПЕ
Банк - банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның лицензиясы болуымен белгiленедi. Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды. Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.
Қазақстан Республикасының екi деңгейлi банк жүйесi бар. Ұлттық Банк мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiне жатады.
Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты Ұлттық Банктiң реттеу және қадағалау функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын қолдауға, банк кредиторларының, олардың салымшылары мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға бағытталған.
Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен бiрiнен астамы:

құқылы. Банкiлер ассоциациялары (одақтары) коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.

1 Коммерциялық банктер және олардың қазіргі кезеңдегі қызметінің ерекшеліктері
1.1 ҚР екінші деңгейлі банктердің жалпы сипаттамасы
Банк ашуға рұқсат беру тәртiбi мен оған рұқсат беруден бас тарту негiздерi банк заңдарында белгiленедi. Банк ашуға берiлген рұқсаттың банк операцияларын жүргiзуге банкке лицензия беру туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдағанға дейiн заңды күшi болады. Банк ашуға берiлген рұқсатты уәкiлеттi орган керi қайтарып ала алады. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия берiлген жағдайда немесе банктiң қызметiн тоқтату туралы сот шешiм қабылдаған жағдайда, сондай-ақ көзделген негiздер бойынша рұқсат керi қайтарып алынған жағдайда банк ашуға берiлген рұқсатты банк уәкiлеттi органға қайтаруға тиiс. Банк өзiне банк ашуға берiлген рұқсатты ерiктi түрде қайтаруға және заңда белгiленген тәртiппен қайта тiркелуге құқылы.
Банк Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен, банк заңдарында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып құрылады. Банк құру жөнiндегi құрылтай шартында, қолданылып жүрген заңдарда көзделген мәлiметтерден басқа, мiндеттi түрде:

1.2 Банктер қызметін пруденциалдық реттеу және банктің меншікті капиталын басқару
Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 Қаулысы екiншi деңгейдегi банктер сақтауы мiндеттi пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтiк мәнi мен әдiстемесiн белгiлейдi.[2]

2 Коммерциялық банктің депозиттік портфелі, оны қалыптастыру және басқару
2.1 Депозиттік операциялардың мәні және олардың түрлері

Банктің депозиттік саясаты оның стратегиялық жоспарының негізінде жасалады. Депозит – бұл клиенттердің банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент-банктердегі шоттарда орналастырумен байланысты операциялар.
Пассивтік депозиттік операциялар – бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді сынадай топтарға бөледі:

2.2 Ресурстарды қалыптастырудағы депозиттік емес көздері
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тартылған қаражаттары.
Ақша ресурстарын тартудың депозиттік емес көздерінің ерекшеліктері:
- қарыз алу мерзімі қысқа;
- рәсімдеу және аудару процедурасы тез жүреді;
- проценттік ауытқуларға жоғары сезімтал.
Банктің депозиттік емес ресурстары банктің қысқа мерзімдік өтімділігін қолдау мақсатында тартылады. Оларға жататындар: банкаралық несиелер; Ұлттық банктің несиесі; банктердің бағалы қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде тартқан рестурстары; отандық және шетелдік басқа да қаржы нарығынан сатып алған ресурстары (синдицирленген займ, суборидинирденген қарыз, несиелік линия және т.с.с.); ауровалюталық нарықтан қарыз тарту; депозиттік сертификаттар шығару.
Банкаралық несие – бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін несиелері. Банкаралық несие бұл басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат ресурс болып табылады.

3 Несиелеу жүйесі және оның элементтері. Несиелеуді ұйымдастыру
3.1 Несиелеу объектілері мен субъектілері
Несиелік саясат – банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.
Несиелік саясат мынадай элементтерді қамтиды:
- несиелік қызметті ұйымдастыру;
- несиелік портфельді басқару;
- несиелеуге бақылау жасау;
- құзыретті бөлу принциптері;
- несиелеуді таңдайдың жалпы критерийлері;
- несиелеудің жекелеген бағыттары бойынша шектеулер;
- несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардың принциптері;
- несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау.
Несиелік саясатты іске асыру үш түрлі құжат түрінде көрсетіледі:

қылау.

3.2 Кредиттік серіктестердің мәні
Қазақстан Республикасының кредиттiк серiктестiктер туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдары осы Заңмен реттелмеген бөлiгiнде кредиттiк серiктестiктерге қолданылады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Несие жүйесінің негізгі буыны – банктер. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершіліктері шектеулі серіктестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақатша бос ақшаларды шоғырландырап, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және тағы да басқа көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.Банк ісі – қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлу мен шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктер көптеген операциялар жүргізеді. Осы айтылған жағдайларды қорыта келе банктің атқаратын қызметтерін негізінен топтастыруға болады.Инвестициялық және иновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Ипотекалық банктер – жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.