Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Баяндама

Объем: 17 стр.

Полный просмотр работы

Қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру моделі

Бұл баяндамада қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруда, оқу тәрбие үрдісінде, жеке тұлғаның бойында рухы мықты, адамгершілік нормаларды бойына сіңірген теориялық моделі айтылады.
Жеке тұлғаның қоғамдық ортадағы қалыптасуы негізінен бірнеше факторлармен сипатталады.
Ертеңгі күн табалдырығын ата-бабаларымыз айтқандай “Ел болам десең бесігіңді түзе”. Осы тұрғыдан алғанда әр азаматтың өзін-өзі жас ұрпақ алдында ұнамды жағынан көрсете білуге талпынудың болашағымызға сенімді болуға қосар үлесі мол. Тілімізге, дінімізге қайта мойын бұрған кезеңде ұлы көшке тосқауыл болар көп кедергі болғаны белгілі. Болашақ ұрпағымыздың ең асыл мұра -өз ана тілін білмеуі, салт-дәстүрден бірте-бірте қол үзіп бара жатқандығы, әке-шешесін, ата-әжесін, бауыр еті баласын тастап кету, жетімсірету сияқты қатігездіктің, арақ ішу, наша тарту, зорлық-зомбылық ұрлық жасау сияқты жағымсыз қасиеттерге бой алдыруы, өз пікірі жоқтық, біреудің айтқанына көнгіштік, табансыздық т.б. сүреңсіз іс-қылықтардың етек жайып еркінси бастауы. Мұның бәрі адамгершіліктен жұрдай болуға жетелейтін әдеттер. Осы қауіптен құтылудың жіберілген кемшіліктен арылудың жолы қандай? Бұған негізгі жауап халқымыздың даналықпен жасаған ұлттық дәстүр салттарын тәрбие ісінде кең пайдалану, оларды жас ұрпаққа үлгі етіп ұсыну. Жандандырып, насихаттап, үйретіп, тәрбие мәселесінде кеңінен пайдаланып отыруымыз қажет.

Яғни, жігерлі тұлғаға отансүйгіштік тұрғыдан сипатама береді. Ол қоғамдық ортада өзінің мейрімділігімен, бауырмалдығымен ерекшеленеді. Мейірмділік дегеніміз-ол адамгершілік сезім, жеке тұлғаның бойында тәрбие негізінде қалыптасады. Ал, бауырмалдық дегеніміз-ана сүтімен дарыған асыл қасиет. Сондай-ақ, өнерге деген көзқарасына байланысты, шеберлік үйрену, білу барысында қалыптасатын ептілік болып табылады. Халқымыз “жігітке жеті өнер де аз” деп айтады. Оқу-білім үйретуде маңызды қасиетттерге зеректілік, алғырлық, тапқырлық т.б. жатады. Зеректік табиғат берген дарындылықтың, іс-әрекеттің жемісі. Мұндай қасиеттердің өзі тұлғаның құрамдас бөлігіне сипаттама береді. Жалпы адам баласына тән қасиеттердің бірі руханилық “рухты, иманды, адал, пәк, т.б) болып табылады. Рухы мықты дегеніміз тылсым күштердің әсерінен болатын сезім. Кейбір ғылыми еңбектерде рухты аруақпен қатар түсіндіреді. Нақты деректерге сүйенсек, “Аруақ, күш, қуат, т.б.” деген сөздердің ауыспалы мағынасы деп сипатталады. Демек, “сегіз қырлы, бір сырлы” ұғымының қолданыс аясы кең болып табылады.
Сондай-ақ, дүние жүзі халықтарында өз елін, жерін, Отан сүюге бағытталған саяси-идеологиялық талап-міндеттеріне де мысал келтіруге тура келеді. Ағылшын ағартушысы Д.Локк өзінің педагогикалық ойларында өз заманындағы джентельмендер тәрбиесін насихаттай отырып: “ол үшін бүкіл жақсы қасиеттер бойынан табылуы қажет. әрине ақылды, білімді, дене бітімі дұрыс және өз Отанын қорғай білетін азамат-джентельмен болуы тиіс”, деп көрсетеді.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Елікбаев Н. Қазақтың ұлттық психологиясының қалыптасуы мен дамуының тарихы және әлеуметтік-мәдени негіздері-Алматы, 200,-247б.
2. Қазақстанның ұлттық энциклопедиясы. Т.1 “А-Ә”/бас ред. Ә.Нысанбаев.-Алматы,1999. 720б.
3. Қазақ Совет энциклопедиясы. Т.6,/Бас ред. М.Қаратаев.-Алматы.1975-640б.
4. Алпамыс батыр. /Құрастырған А.Сейдімбеков.-Алматы. “Жалын”. 1979.-100б
5. Калиев С.Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы /Оқу құралы.-Алматы, “Білім”, 2003.-280б.
6. Н.Ә.Назарбаев “Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады.. “Егемен Қазақстан” газеті, 11 қазан, 1997ж
7. “Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, Астана. 2004ж.