Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономикалық теория

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 27 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің даму кезеңі


Жоспар
Кіріспе 3
І Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері 4
1.1 Кәсіпкерліктің мәні. Маңызы. Ерекшеліктері 4
1.2 Кәсіпкерліктің экономикадағы орны 5
1.3 Кәсіпкерлік қызмет түрлері 7
ІІ Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары 11
2.1 Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары 11
2.2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясаты 13
2.3 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қалыптастыру жүйесі және оны дамыту перспективалары 16
ІІІ Шетелдерде кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктері 20
3.1 Дамыған елдердегі кәсіпкерлікті ұйымдастыру және өз елімізбен салыстыру 20
3.2 АҚШ-тағы шағын кәсіпкерлік 21
3.3 Ресейдегі кәсіпкерлік қызмет ерекшелігі 24
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27

Кіріспе

Менің тақырыбының аты «Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің даму кезеңі» Бұл тақырыптың таңдау себебім: дамыған елдердегі кәсіпкерліктің ұйымдастыруы, оның нысандары, қызмет ерекшеліктері; Қазақстан жеріндегі шағын кәсіпкерліктің маңызы мен мәні туралы, менің курстық жұмыстың бастапқы мақсаты болып еді.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына - экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді.
Кәсіпкерлік жеке меншік, еркін экономикалық қызмет сияқты қажетті жағдайлар болған кезде күшіне енеді, ол табысты дамиды.

І Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері

1.1 Кәсіпкерліктің мәні. Маңызы. Ерекшеліктері

«Кәсіп ету» – қандай да бір жаңа істі бастау, орындауға шешім қабылдау, қандай да бір маңызды істі орындауға кірісу.
Әкімшілік – бюрократтық үлгінің орнына келген шаруашылықтың нарықтық жүйесі мемлекет қолындағы реттеуші қызметтерді сақтай отырып, экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түріне негізделген.
Соңғы уақыттарында Қазақстанда кәсіпкерлік дамуда. Кәсіпкерлік жеке және заңды тұлғалардың пайда, табыс алуға бағытталған өзінің тәуекеліне, өзінің мүліктік жауапкершілігіне, өз атынан жүзеге асатын бастамалық, еркін қызметі.
Кәсіпкерлік мәнін «іскерлік» сөзі, оның мазмұнын жақсы ашады. Іскерлік барлық жерде, өмірдің барлық ауқымында – тек қана экономикалық қызметте ғана емес, шоу-бизнесте, киноиндустрияда, спортта, әскерде де қажет.
Кәсіпкерлік – іскерлік белсенділік өнері.
Кәсіпкерлік – бұл алдымен ойлау процесі. Біз әр қайсымыз жеке ойлау иесі болғандықтан, осы іскерлік белсенділіктің нақты ауқымындағы әрбір кәсіпкердің табыстары да әртүрлі.

1.2 Кәсіпкерліктің экономикадағы орны

Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформа кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңа болашақты ашты.
Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық маңызы:
• Ол нарықтық экономикаға икемділік береді;
• Халықтың қаржы және өндірістік ресурстарын тартуға әсер етеді;
• Монополияға қарсы әлеуеті бар;
• Ғылыми – техникалық прогреске бағытталған алғы шарттарды жасайды;
• Нарықтық шаруашылықтың еңбекпен қамту және басқа әлеуметтік мәселерін шешеді.
Кәсіпкерлікті қалыптастыру және кәсіпкерді тәрбиелеу нарықтық экономиканың даму негізі.
Бұл міндетті шешуде біршама қиыншылықтар мен психологиялық бөгеулерді жеңу оңайға түспейді.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті дамытудың барлық алғы шарттары жасалған, соның ішінде меншікті жекешелендіру бойынша үлкен жұмыс жүзеге асты. Сол арқылы кәсіпкерлікті дамыту үшін мықты экономикалық негіз жасалды.

1.3 Кәсіпкерлік қызмет түрлері

Кез-келген экономикалық қызмет ұдайы өндіріс циклының типтік фазаларына байланысты болғандықтан, кәсіпкерлік қызметтің келесі түрлерін бөліп көрсетеді: өндірістік, коммерциялық, қаржылық кәсіпкерлік.
Соңғы он жылдықта әлемнің барлық экономикалық дамыған елдерінде кәсіпкерліктің жеке түрі ретінде кеңестік (консалтинг) кәсіпкерлік бөліп көрсетілуде.
Көрсетілген кәсіпкерліктің түрлерінің ішінде әр қайсы бірнеше түрлерге бөлінген. Өндірістік кәсіпкерлікті кәсіпкерліктің жетекші түрі деп атауға болады. Мұнда өнімді, тауарларды өндіру, жұмыс, қызметтер көрсету жүзеге асады, белгілі бір рухани құндылықтар жасалады.
Бірақ осы қызмет сферасы нарықтық экономикаға көшу кезінде көп, жағымсыз өзгерістерге ыдырады:

ІІ Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары

2.1 Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары

Кәсіпкерлік қатысушы – меншік иелерінің санына байланысты келесі нысандарға бөлінеді: жеке және ұжымдық.
Кәсіпкерліктің бұл нысандары, өз кезегіндегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі реттейтін кәсіпорынның белгілі ұйымдасытыру құқықтық нысандары шегінде жүзеге асады.
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдасытыру нысаны кәсіпорынның әріптестері арасындағы қатынас және мемлекеттік ұйымдарымен және басқа кәсіпорындармен қатынас туралы белгілі нормалар жүйесі.
Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықтың нысандарын дұрыс таңдау көптеген факторларға байланысты:

2.2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясаты

Шағын кәсіпкерліктің мынадай «әлсіз» жақтары бар:
• Ұзақ мерзімді міндеттерді жасаудағы басшының білімсіздігіне байланысты әлсіз стратегиялық басқару;
• Өзін өзі ақпаратпен жеткіліксіз қамтамасыз ету;
• Меншікті және несие қаржы ресурстарының жетіспеушілігі;
• Тәуекелдің жоғарылығы және қызметтің тұрақсыздығы;
• Сыртқы ортадан - банктерден, басқарудың мемлекеттік ұйымдарынан, ірі кәсіпорындардан, ғылыми ұйымдардан күшті тәуелділік.

2.3 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қалыптастыру жүйесі және оны дамыту перспективалары

Инфляция жағдайында қаржы тұрғысынан оң нәтижелерге айтарлықтай тез жетуге болғандықтан, негізінен қаржы айналымы саласында басталған Қазақстанның шағын және орта бизнесінің даму тәжірибесі бүгіндері бірте-бірте көмескілене бастады. Реформалардың негізгі мақсаты – макроэкономикалық тұрақтылық кәсіпкерлік қызметтің, ұсақ және орташа тауар өндірушілерге айналғанға дейін кеңейтілуін қалайды. Олар өздерінің арасында ішкі бәсекелестік ортаны қалыптастыруы қажет. Бұндай жағдайда мемлекет кәсіпкерлікті дамытуға қолдау жасау жолына түсуі тиіс.
Үкімет өзінің осындай бағдарламалары туралы талай мәрте жариялады. Енді осы ыңғайдағы саясат сорабына талдау жасауға да болады. Министр Кабинетінің Қазақстанның кәсіпкерлікті қолдау және дамыту орталығын құру туралы 1994 жылғы 11 қазандағы қаулысымен танысу, бұл құжатты Қазақстан кәсіпкерлері конгресі әзірленген, оның республикадағы кәсіпкерлердің бәрінің бірдей көңілінен шығады деуге келмейтінің көрсетеді. Айта кетейік, қаулы оны қосар орындаушылардың да келісімімен қабылдануы тиіс еді, бірақ олай болмаған. Бұл да аталған үкімет шешімінің жарты кештігін көрсетсе керек. Атап айтқанда, ол кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі ғылыми орталық атқаруға тиісті міндеттерді толық атап көрсетпейді. Оның қызметінің негізгі бағыттарымен міндеттерін жүзеге асырудың механизмдерін, оны қаржыландырудың тәртібі мен көздері анықталмаған.

ІІІ Шетелдерде кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктері

3.1 Дамыған елдердегі кәсіпкерлікті ұйымдастыру және өз елімізбен салыстыру

Фирма дегеніміз шаруашылық еркідегі бар, өндірістік және басқа қызметпен айналысатын экономикалық субъект.
Жеке меншік кәсіпкерлік фирмасы – иесі өз қызығушылығымен ісін еркін жүргізетін кәсіпорын. Ол фирманы басқарады, барлық пайданы алады, барлық оның міндеттері бойынша жауапкершілік алады.
Фирма иесі қызметкерлерді жалдау және жұмыстан шығару құқығы бар келісімдер, шарттар жасайды.
Жеке меншік кәсіпкерлік фирманың артықшылығы оны ұйымдастыру, басқару қарапайымдылығы, еркін әрекет, өте күшті экономикалық мотивация (барлық пайданы бір адам алады).

3.2 АҚШ-тағы шағын кәсіпкерлік

Бүгін де АҚШ экономикасында алып корпорациялардың ешқандай да шешуші жағдайға ие емес екендігі көптеген сырттан келушілерді таң қалдыруда. Елдегі тәуелсіз кәсіпорындардың 99 пайызында 500 адамнан кем жұмыскер қызмет істейді. АҚШ-тың Шағын кәсіпкерлік жөніндегі әкімшілігінің мәліметтеріне сәйкес барлық қызмет етушілердің 52 пайызы осы шағын кәсіпорындарда еңбек етеді. Шамамен 19,6 миллион американдық жиырмадан кем жұмыс орны бар компанияларда, 18,4 миллион адам 20 – 99 аралығында кісіге жұмыс бере алатын фирмаларда, ал 14,6 миллион адам 400 – 499-ға дейін жұмыс орны бар кәсіпорындарда қызмет етеді. Ал, керісінше американдықтардың 47,7 миллионы 500-ден жоғары жұмыс орнын ұсына алатын фирмаларда қызмет етеді.

Қорытынды

Қазіргі жағдай да кәсіпкерліктің кең таралған нысаны акционерлік қоғам болып табылады. Олардың көпшілігі мемлекеттік және муниципалды кәсіпорындарды жекешелендіру жолымен құрылады.
АҚ жарғылық қоры белгілі ақша санына бөлінген. АҚ қатысушылар (акционерлер) оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, қоғам қызметіне байланысты шығын тәуекелін, өздеріне тиесілі акция құны шегінде алады.
АҚ ашық және жабық болуы мүмкін. Ашық акционерлік қоғам қатысушылары өздеріне тиеселі акцияны басқа акционерлердің келісімсіз беруіне болады.
Жабық АҚ акционерлері бұл қоғамның басқа акционерлерге сатылатын акцияларды алу да артықшылық құқығы бар.
Ашық және жабық АҚ құрылтайшылық құжаты құрылтайшылар бекіткен жарғы.
Алғаш рет Азаматтық кодекспен еншілес және тәуелді қоғамдар анықталады.
Егер басқа (негізгі) шаруашылық қоғам немесе серіктестік оның жарғылық қорына қатысу күші бар немесе осы қоғам қабылдайтын шешімдерді анықтау мүмкіндігі болса еншілес қоғам деп танылады.