Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 36 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қаржы аналитигінің ақпараттық жүйесін қалыптастыру


Жоспар
Кіріспе 3
1 Нарық жағдайында бизнес жоспар құру қажеттілігі және оның маңызы мәні 7
1.1 Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы 7
1.2 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар 7
1.3 Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар 8
1.4 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар 9
1.5 Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар 11
1.6 Математикалық жабдықтау 13
1.7 «Cалық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдауың ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы 15
2 Заңды тұлғалардың табысына салынатын салықты есептеу және төлеу тәртібі 18
2.1 Салық төлеушілердің міндеттемелері және жауапкершілігі 22
2.2 Программалық жабдықтау 25
2.3 Бағдарламалық жабдықтау құрылымы 28
2.4 Бағдарламалық қамтамасыз етудің құрылымы 32
Қорытынды 34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 36

Кіріспе
Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңі қоғамдық құрылыспен қатар экономикалық, шаруашылық және қаржылық салаларда түбегейлі өзгерістермен сипатталады. Экономикадағы және шаруашылық салалардағы заңдарды және нарық заңнамаларын қолданудағы нарықтық қатынасқа көшу, нарықтық құрылымды құру мен іске асыру біздің көзқарасымыз бен ісімізді түбегейлі өзгертеді. Біз жаңа мемлекет болып қалыптасып, өзінің жоспарларын жүзеге асыру үшін қаржы қажет болады, сондықтан әрбір мемлекет сияқты Қазақстан Республикасында салық саясатын жүргізеді.

Берілген жұмыстың негізгі мақсаты қаржы аналитигінің ақпараттық жүйесін қалыптастыру болып табылады. Ол оның жұмысын жеңілдетуін қамтамасыз етіп кәсіпорынның қаржы мүлкін талдауға мүмкіндік береді.
Берілген жұмыстың шарты мынандай: «Алматы қаласы бойынша Салық комитетің қызметімен танысу, талдау ақпаратының сараптамалық жүйесіндегі кемшіліктерді анықтау, жаңа ақпараттық жүйені жобалау, ақпараттық жүйені жобалауда негізгі міндеттерді айқындау.
Бұл жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың 1-бөлімінде «Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің сипаттамасы берілген, ұйымның негізгі атқарылатын салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдау және болжау көрсетілген ақпараттық жүйе негізінде «талдау және болжауың бөлімінің жұмыс орыны қарастырылады, сондықтан оның, іскерлік өрісі, салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудағы ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу қарастырылады. Сонымен қатар, экономикалық ақпаратты сараптау жүйесін талдау және оның кемшіліктерін айқындау, негізгі қамтамасыздандыру түрлері мен ақпараттық жүйедегі міндеттерді көрсету, бағдарламалық құралдардың сипаттамасы мен осы берілген комплексті сұрақтарды шешу және олардың кемшіліктерін анықтау баяндалады.
Екінші бөлімінде ақпараттық жүйенің орындайтын комплексті есептердің қойылымын құру көрсетілген, салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдау және болжаудың ақпаратты базасын ұйымдастыру және комплексті сұрақтарды шешілу жолдары келтірілген. Бағдарламалық жабдықтаудың құрылымы, ақпараттық жүйе құрудағы қолдану ережесі берілген және ақпараттық жүйені пайдаланудағы ережелерді жеңіл шешуге мүмкіндік береді.

1 Нарық жағдайында бизнес жоспар құру қажеттілігі және оның маңызы мәні
1.1 Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы
Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің жұмыс істеу жүйесін автоматтандыру. Ақпараттық жүйені құрудағы мақсатым қазіргі кезде индустриялды экономикадан ақпараттық экономикаға көшу үрдісі жүріп жатыр, біздің еліміз пайдалы қазбаларға бай ел болғандықтан тауарлы - ақшалай қатынастар едәуір дамып қалды. Осы қатынастар жүзеге асқан кезде, яғни Қазақстан Республикасының территориясында шаруашылық әрекет еткен заңды немесе жеке тұлғалар мемлекеттік бюджетке салық төлеуге тиіс. Бұл сала соңғы озық технологияларды пайдаланса бұл жүйе жұмысының өнімділігі және қауіпсіздігі артады, яғни бұл жүйені автоматтандыру қажет. Бұл жүйені автоматтандыруда элементтерін, талаптарын, құжат түрлерін, объектілерін, субъектілерін, салық ставкаларын, заңдарын және т.б. сияқты жайттарды ескеруіміз қажет. Бұл жүйені автоматтандыруда бізге бірнеше талаптарды орындау қажет.
Бұл талаптар мыналар:

1.3 Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар
Ақпараттың қолдануысыз басқару процесі мүмкін болмағандықтан, ақпараттық жүйеде ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте маңызды.
Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.

Машина ішіндегі ақпарат базасы – бұл ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданылатын, машиналық тасығыштардағы мәліметтер массивінің бірігуін бейнелейтін ақпарат қорының бөлігі. Мұндағы машиналық тасығыш – дербес электронды есептеуіш машинаға (ДЭЕМ) ақпаратты автоматты түрде ендіруде пайдаланылатын материалдық объект.
Ақпараттық жабдықтау
2-кесте

1.4 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Техникалық жабдықтау – бұл ақпараттық жүйе жұмыс істеуді қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы. Басқарудағы ақпараттық кезең жеке операциялардың, олардың жиынтығының орындалуы арқылы жүзеге асады.
Барлық операцияларды үш сатыға топтауға болады:

1.5 Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Программалық жабдықтау деп – техникалық жабдықтау жүйесі жұмыс істеуде жабдықтайтын ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын программалардың бірігуін ұғуға болады. Ол математикалық жабдықтау негізінде құрастырылып және оның нақты жұмыс істейтін пішіні болады. Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау және арнаулы программалық жабдықтау.

1.7 «Cалық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдауың ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы
Концептуалды схема ақпараттық жүйе құру мен оның іс атқарауында басты әдістемелік тұрғыда қарастыруда көрсетеді.Ақпараттың жүйенің негізгі концептуалды схемасы тұтас жүйе тұрғызудың әдістемелік аспектілерін бейнелейді, және негізгі құралдарды анықтайды.

2 Заңды тұлғалардың табысына салынатын салықты есептеу және төлеу тәртібі
Салық төлеушілерге берілген жеңілдіктерді және белгіленген ставкаларды ескере отырып, салық салынатын табыстың шамасына сүйеніп, салық сомасы дербес анықталады.
Салық салынатын табыс есептелген кезде түсім, басқа да кірістер сондай-ақ шетел валютасымен шеккен шығын Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің операция (төлем) жасалған күнгі ресми бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі.
Салық қызметі салық салынатын уақыт біткеннен кейін бес жыл ішінде есептелген салық сомасын есептеуі немесе қайта қарауы мүмкін.
Негізінен қолдағы ақша қаражатымен жұмыс істейді немесе оларды жұмыс істейтін қызметкерлер саны шектеулі заңды тұлғалар жөнінде салық қызметі салық төлеу тәртібін патенттердің немесе салық базасын анықтау мен салық есебін жүргізудің жеңілдетілген жүйесі негізінде белгілейді.
Бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібі бұзылған, есеп құжаттары жойылған немесе жоғалған, сондай-ақ салық салу объектісін, анықтау мүмкін емес жағдайда, салық қызметі органдары салық салу объектісі мен салықты тікелей және жанама әдістер (активтер, айналым, өндіріс шығындарды және т.б.) негізінде анықтайды.

2.1 Салық төлеушілердің міндеттемелері және жауапкершілігі
Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының төлеушілері:
1) қаржы - шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебі мен есептемесін белгіленген тәртіппен жүргізуге, салық органдарына бухгалтерлік есеп-қисаптар мен баланстарды, заңды тұлғалар алынатын табыс салқылығы жөніндегі декларацияны және салықтарды есептеуге, төлеуге байланысты басқа да қажетті құжаттарды, мәліметтерді табыс етуге;
2) салықтарды есептеуге және төлеуге байланысты есеп құжаттамаларын 5 жыл бойы сақтауға;
3) салық қызметінің талабы бойынша орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызметтер үшін төленетін сома туралы ақпарат беруге;
4) салық бойынша жеңілдіктер алуға құқығын растайтын құжаттарды көрсетуге, ал тиісті жағдайларда табыс етуге;

2.2 Программалық жабдықтау
Программалық жабдықтау дегеніміз – экономикалық ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін программалардың жиынтығы. ЭЕМ бағдарламалық қамтамасыз ету программалар кешенін ұсынады, яғни мәліметтерді өңдеу процедурасын қамтамасыз ету – бағдарламалау, салық есебін басқару, есептерді шығару және мәліметтерді өңдеу жүйесін жобалау болып табылады. Программалар қамтамасыз ету арнайы және жалпы жүйелік болып бөлінеді.
Программалық жабдықтау құрамына әмбебап құралдар, пакеттер және бағдарламалар кіреді, бұлар бөлек проблемалар облысына бейімделген. Бұл жерде 3 негізгі программалық құралдар класын ерекшелеуге болады:

2.3 Бағдарламалық жабдықтау құрылымы
Бағдарламалық жабдықтау құрылымы жалпы жүйелік және арнайы Бағдарламалық жүйеден тұрады.
Жалпы жүйелік Бағдарламалық жүйе – ол есептеу процестерін ұйымдастыруға немесе ақпарат өңдеуде жиі кездесетін есептерді шешуге арналған,үлкен тұтынушылар шеңберін жабдықтай алатын бағдарламалар жинағын көрсететін бағдарламалық жүйелердің бір бөлігі.

2.4 Бағдарламалық қамтамасыз етудің құрылымы
Жалпы жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету – бұл ұйымның шығару процесіне қатысты және ақпаратты қайта өңдеуде жиі кездесетін есептерді шешу, кең ауқымды пайдаланушыларға есептелген және бағдарлама жиынтығын ұсынатын бағдарламалық қамтамасыз ету бөлігі. Бұған операциондық жүйелер, кестелік процессорлар, бағдарлама генераторлары, графикалық және мәтіндік редакторлар, ҚПП, МББЖ және т.б. жатады.

Қорытынды
Қазақстан Республикасының салық жүйесі осы талаптарды орындаған кезде жұмысының тиімділігі артады деп ойлаймын. Егер де біз тек осы саламен ғана шектеліп қоймай барлық салының жұмыс істеуін автоматтандыратын болсақ онда біз дамыған мемлекеттер қатарына қосылуымыз айдай анық. Қазіргі кезде жүйелерді автоматтандыру өте күрделі үрдіс болып табылады, ол білікті білімді мамандар қажет етеді осы мамандар арқылы аталған мәселелерде шешуге болады деп есептеймін. Нарықтық экономикада уақытты өте бағалайды егер де Қазақстан Республикасының салық жүйесі автоматтандырылған жүйемен жұмыс істейтін болса уақыт тиімділігі осы жерден көруге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. «Салық Кодексің Алматы -2005.
2. Ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдары. 1 маусым 2003 жыл.
3. «Практикум по эконометрикең - п.р. И.И. Елисеевой, Москва 2004.
4. «Математическое программирование в примерах и задачахң - И.Л. Акулич, 1986
5. «Эконометрияң - Е.И. Куулинич, Москва – 1999ж.
6. «Статистиканың жалпы теориясың Ызғарбек Әміреұлы, Алматы-1998ж.
7. Н.Б.Бралиева, Л.А.Байбөлекова, Қ.Т.Балашов “Ақпараттық менеджмент негіздері”. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2000
8. Н.Б.Бралиева, В.Ф.Тимошенко, Н.Л.Гагарина “Информационные системы бизнеса”. Алматы, 1994
9. Қазақстан Республикасының Президентінің №359 14 маусым-нан 2000 жыл. “2000-2003 жылға Қазақстан Республикасы мемлекетініңақпараттық қауіпсіздігінің программалық жабдықтауы”.
10. Н.Г.Семенова “Автомотизированные информационные технологий в экономике”. Москва, 2000