Араб шапқыншылықтары
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Араб шапқыншылықтары 7
1.1 Хз. Омардың тұсындағы шайқастар 7
1.1.1 Хз. Омардың тұсындағы әскери әрекеттер 7
1.1.2 Византия жеріндегі әскери әрекеттер 10
1.1.3 Хз. Омардың өлтірілуі 12
1.2 Хз. Османның халифтік кезеңі (23-35/644-656) 13
1.2.1 Хз. Османның тұсындағы әскери әрекеттер 14
1.2.2 Хз. Османның тұсындағы оқиғалар мен ішкі қарама-қайшылықтар 16
1.2.3. Хз. Османның өлтірілуі 20
1.3 Хз. Алидің тұсындағы оқиғалар. 21
1.3.1 Хз. Алидің тұсындағы оқиғалар 22
1.3.2 Хз. Али және хариджилер 26
1.3.3 Хз. Хасанның халифтік кезеңі және билікті Муавияға тапсыруы 30
1.3.4 Халифаттағы дағдарыс және VII ғасырдағы азамат соғысы 32
1.4 Омейядтар халифаты (661 – 750) 34
Қорытынды 38
Пайдаланылған әдебиеттер 40
Кіріспе
Алғашқы халиф кезінде Аравияның көптеген аудандарында жалған пайғамбарлар басқарған сепартистік бүлік араб қоғамындағы тайпаның қатардағы мүшелерімен феодал ақсүйектерінің арасындағы әлеуметтік қарама - қайшылықты көрсетті. Араб бұхарасын татуластыруда жаңа жерлерді басып алу саясаты басты құрал болды. Сонымен қатар халықаралық жағдайда араб шапқыншылығына жақсы әсер етті. 602-628 жылдары бір мезгілде Иран мен Византиямен соғысты. 640 жылы Палестинаны, Сирияны, 640-642 жылдары Египетті, 649 жылы Карфагенді басып алды. 634-651 жылдары ИКанды бағындырып, Сасанид мемлекетін жойып жіберді. VII ғасырдың ортасында араб өскері Хазар жеріне дейін жетті. VIII ғасырдың басына дейін арабтар басып алған жерлерде жергілікті тәртіптің сақталуына мүдделі болды. Себебі күшті қарсылыққа тап болар еді.
1 Араб шапқыншылықтары
1.1 Хз. Омардың тұсындағы шайқастар
Хз. Омардың халифтік кезеңі (13-23/634-644) Хз. Омар Хз. Абу Бакирдің өсиеті (халифтікке ұсынуы) бойынша мұсылмандардың ант берулерінің (халифтігін қолдауының) арқасында халиф болып сайланды. Ауыруы асқына түскен Хз. Абу Баккрге орнына кімді халиф ретінде ұсынатындығы туралы сұрақ қойылғанда, ол орнына Хз. Омарды ұсынатындығын айтқан болатын. Сахабалардың да көз-қарасы бір жерден шыққан еді.
1.1.1 Хз. Омардың тұсындағы әскери әрекеттер
Ирак пен Иранның жаулануы: Хз. Абу Бакирдің тұсында Иракқа қарсы бағытталған әскери әрекеттері толығымен өзінің салғасын тауып отырды. Ирак пен Иран шайқастарын әуеліде Мүсенна ибн Харисе басқарған еді. Мүсеннаның әскері Хирада әскери орталықтарын бекіткеннен кейін Шахриярдың басшылығындағы Иран әскерімен Вавилон қаласының маңында кездесті. Қиян-кескі шайқастың нәтижесінде Бехмен басшылығындағы сасанидтердің әскері жеңіліске ұшырады. Ислам әскері Медайн маңына дейін барды.
1.1.2 Византия жеріндегі әскери әрекеттер
Шам мен Құддыстың жаулануы: Сирияны жаулау барысында бірнеше шайқас жүзеге асты. Византия әскерлеріне қарсы жасалынған бұл шайқастар мен әскери әрекеттердің ең негізгілер болып Йермук шайқасы (хиджраның 13 немесе 15 жылы), Шамның (Димашықтың) жаулануы (хиджраның 13 немесе 14 жылы), Фихлі шайқасы (хиджраның 13 жылы), Мерджур-Рум шайқасы (хиджраның 14 жылы), Хаманың жаулануы (хиджраның 15 жылы), Лазкияның жаулануы (хиджраның 15 жылы), Киннесрдің жаулануы (хиджракы 15 жылы), Халеб пен оның маңындағы жерлердің жаулап (хиджраның 15 жылы), аль-Джазираның жаулануы (хиджраның жылы), Эджнадейн шайқасы (хиджраның 13 жылы), Құлдық жаулануы (хиджраның 15 немесе 16 жылы) есептелінеді.
1.1.3 Хз. Омардың өлтірілуі
Нихавенд шайқасында қолға түскен тұтқындардың арасында Абу Луғлу деген лақап атымен белгілі Фируз есімді христиан бір құл болған. Мәдина қаласында тұрған Фируз Басра қаласының уәли Муғира ибн Шуғбаның құлы еді. Бірнеше мамандықтың иесі болуына байланысты қожайыны оның тапқан табысынан белгілі мөлшерде салық алып отырғантын. Алайда, ол алынған салықтың көп екендігі сылтауратып халиф Хз. Омарға шағымданды.
1.2 Хз. Османның халифтік кезеңі (23-35/644-656)
Ел басқаруынан риза болған халық Хз. Омардан (қайтық боларынан біраз бұрын) өзінің орнына халиф ретінде кімді ұсынатындығы туралы пікірін сұрағанда, ол бұл мәселенің шешімін кеңеске тапсырып, мұсылмандардың мемлекет басшысын сайлауда жаңа бір жүйе ұсынған болатын. Хз. Осман Хз. Омардың ұсынған алты кісілік кеңестің тарапынан халиф болып жарияланды.
1.2.1 Хз. Османның тұсындағы әскери әрекеттер
Хз. Осман хиджраның 23 жылының соңында, 24 жылының басында халиф болғаннан кейін Иранда Рэй, Хамадан мен Истахыр халықтарының, Әзірбайжан мен Армения халықтарының көтерілістерімен, Византияның Александрияға шабуыл жасауымен бетпе-бет келді. Әзірбайжан мен Арменияның және Иранның жоғарыда аталмыш жерлерінің халқы салық төлегісі келмеуінің салдарынаи көтеріліске шыққан болатын.
1.2.2 Хз. Османның тұсындағы оқиғалар мен ішкі қарама-қайшылықтар
Ежелгі тарихшылар мен көне деректер Хз. Османның кезеңі туралы кең мағлұмат береді. Бұл деректер оның тұсындағы оқиғаларды түрлі көзқарастардың тұрғысынан сипаттаған. Мұндай деректер түрлі саяси және философиялық көзқарастардың нәтижесінде түрлі баға беру мазмұнына ие. Өйткені, белгілі бір тарихи дерек өзіне тән географиялық кеңістік пен тарихи оқиғаның нәтижесінде пайда болады. Деректердің мазмұнына заттай және рухани шарттар, саяси, экономикалық және қоғамдық факторлар, белгілі бір топтардың арасында қалыптасқан ой-пікірлер, құрылымдар, келісім шарттары мен жеке тұлғалар өз ықпалын тигізеді.
1.2.3. Хз. Османның өлтірілуі
Біздің ойымызша жоғарыда аталған оқиғалар, жағдайлар мен атқарылған істер Хз. Османның өлтірілуін қажет ететін дәрежеде емес еді. Меселделерді бажырайтып көрсететін, адамдарды бір-біріне қарсы айдап салатын, жақсы ниетті жаманшылыққа қолданатын және дұшпандықты өршіте түсетіндер болмағанда ғой, мемлекеттің басшысы Хз. Османның өлтірілуі аса қиынға соғар еді.
1.3 Хз. Алидің тұсындағы оқиғалар.
Хз. Османның, шейіт болуы мұсылмандардың арасында толасып ішкі қайшылықтардың орын алуына түрткі болып, мазхабтардың арасында күрестің пайда болуына жол ашты. Екі айға созылған анархия халифтің қайтыс болуынан кейін 5 күнге тағы созылды. Хз. Османды өлтіріп террористер астанада үстемдік орнатып, Хз.Османның орнына өздері қалаған адамды халиф қылып сайлау мүмкіншілігіне ие болды.
1.3.1 Хз. Алидің тұсындағы оқиғалар
Хз. Али Ислам дініне сай әрекет істеу мен мемлекетті басқару мақсатымен халиф атанды. Ол Хз. Пайғамбардың тұсында да, одан кейінгі кезеңдердегі үш халифтің тұсында да белсенді түрде Исламға жан-тәнімен қызмет еткен болатын. Хз. Али әр уақытта үш халифтің қасынан айырылмай, олардың кеңесшісі әрі ең жақын көмекшісі қызметін атқарған еді. Хз. Османның өлтірілуінен кейін туындаған мәселелерді шешуге қаніиама күш салса да, әлі жетпеді.
1.3.3 Хз. Хасанның халифтік кезеңі және билікті Муавияға тапсыруы
Хз. Алидің өлтірілуінен кейін мұсылмандар хиджраның 40 жылының шавваль айында (б. з. 661 жылының акцанында) оның үлкен баласы Хз. Хасанға бой ұсынып, оны халиф сайлады. Оған алғашқы ант берген ибн Сағд ибн Үбаде аль-Ансари болды.
Қорытынды
Қорыта айтқанда Алғашқы халиф кезінде Аравияның көптеген аудандарында жалған пайғамбарлар басқарған сепартистік бүлік араб қоғамындағы тайпаның қатардағы мүшелерімен феодал ақсүйектерінің арасындағы әлеуметтік қарама - қайшылықты көрсетті. Араб бұхарасын татуластыруда жаңа жерлерді басып алу саясаты басты құрал болды.