Балалар әдебиетінің тілдік ерекшелігі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Балалар әдебиеті – тәрбие көзі
1.1 Балалар поэзиясындағы көркем сөз 7
1.2 Билік, шешендік сөздер және жыраулар поэзиясы арқылы ұлттық тәрбие беру 10
1.3 Бала тәрбиесі жөніндегі ұлылар үндестігі 18
1.4 Қазақ ақындары шығармаларындағы балалар тәрбиесі мен бейнесі 20
2 Көркем шығармадағы танымдық негіздер
2.1 Балалар әдебиеті тілінің танымдық құрылымы 31
2.2 Кейіпкер санасындағы символдар 42
2.3 Балалар әдебиетіндегі кейіпкер тілі 52
Қорытынды 61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 62
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Ұлттық балалар әдебиетінің атасы деп А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Б.Майлин, С.Сейфуллин, Ж.Жабаев, І.Жансүгіров, С.Бегалин т.б. ақын-жазушыларды атасақ, одан кейінгі кезеңде жарыққа шыққан М.Әуезовтың «Бала Шоқан» әңгімесінің ізін ала қазақ әдебиетіндегі балалар тақырыбына жазылған шығармалар да, тақырыбы мен мазмұны жағынан ерекше мәнге ие бол бастады. Жетпісінші жылдардың басында қазақ әдебиетінде Ж.Дәуренбеков, Ж.Аяшев, Р.Қунақова, С.Бердіқұлов, С.Ерубаев, С.Елубай, Ә.Тарази, Б.Соқпақбаев, М.Қабанбаев, М.Гумеров сынды ақын-жазушылардың балалар тақырыбына жазылған шығармалары дүниеге келді. Осы тұста Ж.Дәуренбековтың «Алғашқы сабақ», Ж.Аяшевтің «Алақан», С.Бердіқұловтың «Жұмыр жерде теңбіл доп», С.Ерубаевтың «Мәңгілік өмір туралы жыр», С.Елубайдың «Ойсыл қара», М.Гумеровтың «Өзіұшар», Ә.Таразидың «Арман атаман», Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты әңгімелері жарық көрді.
1 Балалар әдебиеті – тәрбие басы
1.1 Балалар поэзиясындағы көркем сөз
Бала оқырман бойында эстетикалық талғам мен көркемдік білім негізін сіңіруде тілдік көріктеу тәсілдерінің қай–қайсысы да ерекше маңыз иеленетіні мәлім. Себебі баланы түрлі әсерге жетелеп, ой–санасына қорғау салатын қуатты күш поэзиялық туындыда жасалынған шынайы көркемдік әлем болса, ол әлемнің өзі шығармада көрініс тапқан түрлі бейнелердің өзара байланысу тұтасуынан пайда болатыны белгілі. Ал оқырманына ой салар көркем бейнелер жасауда балалар ақыны пайдаланатын бірден – бір құрал – бейнелі сөз. Бейнелі сөз оқырманды әсерлендіруге, ойландыруға қабілетті сөз. Осы орайда шығарма тілі хақында ой қозғаған Ахмет Байтұрснұлының «шығарма тілі екі түрлі болатындығы айтылған еді. Оның бірін ақын тілі деп, екіншісі әншейін тіл деп едік. Бұл екі тілдің арасындағы айырмасы мынау: әншейін тіл көбінесе сөздің дұрыстылығын, анықтығын, тазалығын, дәлділігін талғайды. Ақын тілі сөздің дұрыстылығының, тазалығының, дәлдігінің үстіне көрнекі, әуезді болу жағын да талғайды» деген пікіріне зейін бөлсек, сөздегі бейнелілік қасиеті сөздің дұрыс та дәл қолданылуымен бірге көрнекілік пен әуезділікті қажетсінетінін аңдаймыз. Сөздегі көрнекілік пен әуезділік дегеніміздің өзі поэзиялық туындыда қолданылған сөздердің өзара ұнасым-жарасым таба келіп, оқырманға эстетикалқ ләззат сыйлайтын тілдік бейнелі қолданыстар екендігі анық.
1.2 Билік, шешендік сөздер және жыраулар поэзиясы арқылы ұлттық тәрбие беру
Адам бірден шешен болып тумайды. «Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей шешен боларсың» деген қанатты сөзде көп мағына жатыр. Әдемі әзіл, ойнақы қалжың қағытпа, ұстараның жүзіндей өткір уытты мысқыл кекесін, тапқырлық, терең логика-сол шешендік өнерге айтқыштыққа жеткізер жол іспетті. Халықтың әзіл әңгімелерінде осы бір асыл қасиеттердің қай-қайсысы да молынан. Қазақ халқы ертеден ойын-сауық пен әзіл-күлкіні, ән-күйді, өлең-жырды сүйген халық. Әй деп бір ауыз ән салмайтын қазақ жоқ десе де болғандай.
1.3 Бала тәрбиесі жөніндегі ұлылар үндестігі
Абай, Шәкәрім сынды ұлыларымыз бала тәрбиесін өз шығармаларынан қағыс қалдырмаған. Осыған дәлел ретінде шығармаларында біраз үңіліп көрелік. Абай «Жетінші қара сөзінде» адам баласының өмірге келу сәтінен бастап, өмірінде қалай өз жолын тауып, қандай азамат болып, қалыптасатынын дәл, нақты сипаттап кеткен: «жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады... Біреуі - білсем екен демеклік». Яғни адамзат баласының өмірге келгеннен кейін тәрбиеге қарай екі түрлі қылықты болатынын анық айтады.
1.4 Қазақ ақындары шығармаларындағы балалар тәрбиесі мен бейнесі
«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең
Жаттап тоқы көнілге», - деп Сұлтанмахмұт айтқандай, ойына тоқып өскен, ел ішіндегі ақын-жырау, әншілердің өлең – жырларын, ертегі-аңыз әңгімелерін құмарта тындап, жаттап алып, айтып үйренген зерек те зерделі Ілияс Жансүгіров балалар әдебиетінің негізін қалаған. Балалар әдебиетінің даму тарихына өшпес мұра, өнегелі сөз қалдырған ұлы ақын.
2 Көркем шығармадағы танымдық негіздер
2.1 Балалар әдебиеті тілінің танымдық құрылымы
Бүгінгі таңда халқымыздың алтын тұғыры, рухани-мәдени қазынасы болып табылатын тілімізді зерттеудің ауқымы кеңейіп отыр.
Адамзат өзін қоршаған шындықты, әлемдегі сан алуан құбылыстар мен олардың сапа-қасиетін сезім мүшелері арқылы сіңіріп, санамен түйсініп қана қоймайды, оған жауап қайырады, ақпаратты өзінше жаңғыртып, жаңа сапада қайта жасауға саналы-санасыз күйде талпыныс жасайды, өңдейді, қорытады, елеп-екшейді, баға береді, тәжірибеде қолданады, бұлардың тұтас көрінісі ретінде ғаламның тілдік бейнесі жасалады.
2.2 Кейіпкер санасындағы символдар
Қазіргі қазақ тіл білімінде көркем мәтіннің құрылымдық және мазмұндық жақтарын қарастыру, зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттарының біріне айалып отыр. Осыған байланысты суреткерлік қырын танытатын көркем мәтін мазмұнын бейнелеуге қатысты сөз қолданыстардың бір түрі – шығармада айтылмақ оқиғаның сырын тұспалдап ашатын, ишарамен білдіретін – сөз-символдарды қолдану. Жазушы сөзді символдық мәнде қолданғанда, белгілі бір стильдік мақсатты көздейді. Сондықтан қаламгердің қолданысындағы символды ұғым немесе мағына ретінде тану үшін ерекше білім мен таным керек.
2.3 Балалар әдебиетіндегі кейіпкер тілі
Балалар әдебиеті – қарапайым да, нәзік, күрделі де, қызық әлемнің көркем дүниесі. Айналадағы құбылыстарды балалар ересектерден мүлде басқаша қабылдайтынын, балалар өмірі ересектер тұрмысына тәуелді бола тұра өзінше бір кіші әлем құрайтынын халық ертеден-ақ ескерген. Баланың дүниетанымы ес біле бастағаннан-ақ екі түрлі негізе сүйенеді. Оның алғашқысы – машықтық дағды, яғни көрген-білгенін тез қағып алып үйрене қайталау. Балалардың кез келген нәрсеге ерекше әуес болатындығы, әр нәрсені білуге, көруге, ұстауға, естуге, тіпті, дәмін татуға әуес болатындығы да сондықтан. Екіншіден, бала жан дүниесі эмоцияға бай, әсершіл болып келеді. Бұл, әсіресе, жеткіншек жаста ерекше байқалады.
Қорытынды
Балалар әдебиетінің тарихи қалыптасу кезеңі мен тақырыптық ауқымы кең. Балаларға арналған шығармалардың негізі сонау ауыз әдебиеті үлгілерінен бастау алып, алғашқы тілдік қауымдастықтың мифтік танымымен тығыз байланыста болып отыр. Ал қазіргі көркем әдебиетте мифтік танымның кейбір элементтері бар болғанымен, дені эстетикалық танымға негізделген. Шығарманың көркемдік, өзіндік бітім-болмысын айқындауда жазушы қолданған тілдік құралдардың орны ерекше. Бұл тұрғыдан келгенде жұмысымызда балалар тақырыбына арналған көркем шығармалардағы кейіпкер тілінде қолданылатын фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер, диалект сөздер мен теңеулер, авторлық қолданыстағы стильдік ерекшеліктерді талдап көрсетуге тырыстық. Себебі, көркем шығармада автор өзінің өмірге деген көзқарасын, ой-пікірін, ақиқат дүниеге қатынасын кейіпкер тілі арқылы білдіріп отырады. Адамның ақиқат дүниеге қатынасы тілдік құралдар арқылы беріліп, соның негізінде «ғаламның тілдік бейнесін» жасаушы ақпараттар жүйесі қалыптасады. Ал мұндай білімдер жүйесі автордың ғалам туралы концептуалды тұжырымдамаларын көрсетеді.