Үстеу сөзжасамының қалыптасуындағы сөзжасамдық бірліктердің қызметі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 СӨЗЖАСАМ ТӘСІЛДЕРІ – СӨЗЖАСАМ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ БІРЛІГІ 7
1.1 СӨЗЖАСАМДЫҚ ТӘСІЛДЕРДІҢ ТІЛДІК ЖҮЙЕДЕГІ МАҢЫЗЫ 7
1.2 ҚАЗАҚ ТІЛІ БІЛІМІНДЕ СӨЗЖАСАМ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ 14
1.3 СӨЗЖАСАМДА ЛЕКСИКА–СЕМНТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ 23
2 ҮСТЕУ СӨЗЖАСАМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ СӨЗЖАСАМДЫҚ БІРЛІКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ 27
2.1 ҮСТЕУДІҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ ТӘСІЛ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛУЫ 27
2.2 ҮСТЕУДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ (синтетикалық) ТӘСІЛДЕР АРҚЫЛЫ ЖАСАЛУЫ 31
2.3 ҮСТЕУ ЖҰРНАҚТАРЫНЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТОПТАРЫ 44
2.4 СӨЗЖАСАМДЫҚ ҰЯ 47
2.5 СӨЗЖАСАМДЫҚ ТАРАМ 51
2.6 СӨЗЖАСАМДЫҚ ЖҰП 55
2.7 СӨЗЖАСАМДЫҚ ТІЗБЕК 58
ҚОРЫТЫНДЫ 64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66
КІРІСПЕ
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі ұзақ замандардан бері екшеленіп, толығып қалыптасқан, өзіндік заңдылықтары жетілген жүйелі құбылыс. Тіл білімінде сөзжасам ертеден келе жатқан құбылысқа жатады. Оған көне түркі тілдерінің көне жазба ескерткіш үлгілеріндегі туынды сөздер дәлел бола алады.
Қазақ тілінің негізгі байлығы – оның сөздік қоры. Ол байлықтың қалай жиналғанын, алуан түрлі сөздердің сыры мен қырын, олардың қалай қалыптасқанын, басқаша айтқанда, бай лексикалық қордың жасалу тетігін жүйелі түрде, арнайы зерттеу бүгінгі күннің талабына айналды. Сондай лексикалық қордың жасалу тетігін зерттеудің негізгі бір түрі қазақ тілінде жаңа сөздердің жасалу жолдарын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі.
Сөзжасамның басты мәні – жаңа мағыналы сөз тудыру болғандықтан, оның өзіне тән жасалу жолдары, арнайы тәсілдері болатыны даусыз. Тілде бар сөздер мен сөзжасамдық жұрнақтарды туынды сөз жасау үшін қалай, қандай тәртіпте қолданудың жолдары тілде талай заманнан 6epi өңделіп, бекіп, түрлі заңдылық ретінде қалыптасқан. Туынды сөздің жасалу жолдары ғылымда сөзжасамдық тәсілдер деп аталады.
1 СӨЗЖАСАМ ТӘСІЛДЕРІ – СӨЗЖАСАМ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ БІРЛІГІ
1.1 СӨЗЖАСАМДЫҚ ТӘСІЛДЕРДІҢ ТІЛДІК ЖҮЙЕДЕГІ МАҢЫЗЫ
Сөзжасам тілдегі жаңа сөздерді зерттейді. Бұған қарап, жаңа сөздің тілге енуі, жасалуы сияқты және басқа да мәселелері бұрын зерттелмеген, назардан тыс қалған деуге болмайды. Бұған дейін сөз тудыру тәсілдері, жолдары морфологияның, ал сол арқылы тілге енген жаңа сөздер лексикологияның обьектісі ретінде қаралып келді. Қазір сөзжасам мәселесі тілдің өзге салаларынан бөлініп, жеке зерттеу обьектісіне айналды. Дегенмен, сөзжасам қазақ тілінде лингвистиканың фонетика, лексикология, грамматика секілді бір саласы ретінде емес, тіл білімінің әр саласының жеке-жеке тарауларында қаралып жүр. Қазақ тілінде сөзжасамның аналитикалық және синтетикалық тәсіл арқылы жасалған түрлері грамматиканың, ал лексика-семантикалық түрі лексикологияның шеңберінде қаралып, сөз тудырудың негізгі мәні - жаңа сөз жасау процесі көлеңкеде қалып келді.
1.2 ҚАЗАҚ ТІЛІ БІЛІМІНДЕ СӨЗЖАСАМ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Қазақ тіл білімінде үстеу мәселесін зерттеген А. Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиев, А.Ысқақов, С.Исаев, Н.Оралбаев, Қ.Есенов, Ғ.Әбуханов, Ә.Төлеуов, Е.Саурықов, Ә.Ыбырайым т.б. ғалымдардың пікірі толық қамтылады.
«Тіл - құралдың» 1915 жылғы басылымында А.Байтұрсынов үстеудің дербес сөз табы деп танып, үстеу жасайтын қосымшаларды көрсетпесе де, туынды үстелер терминін қолданады. Үстеу сөзжасамына қатысты біршама толық мәліметтер С.Аманжолов грамматикасында берілді. І.Кеңесбаев алғаш қазақ тіл білімінде үстеудің түрленбейтін сөз табына жататыны туралы айта келіп, үстеуге мынадай анықтама береді:
1.3 СӨЗЖАСАМДА ЛЕКСИКА–СЕМНТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Лексика-семантикалық тәсіл тілдің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бар. Сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалған туынды сөздердің бәрі сөзжасам үрдісінің нәтижесіне жатады. Сондықтан сөзжасам ілімінің туынды сөздер зерттеу нысаны болып табылады да, сөзжасам жүйесінде негізгі орын алады.
Сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы ретінде бөлінуінің де өзіндік негізі бар. Оның тарихы түркологиялық еңбектерде жатыр. Түркі тілдерінің сөзжасам мәселесін алғаш көтерген "Диуани-лұғат ат-түрік" (XI ғ) сөздігінің авторы М.Қашқари. Ол өзінің сөздігінде есім сөздер мен етістіктерден жаңа сөздер жасаған көптеген аффикстерді көрсеткен. Олардың мағынасын нақты мысалдар арқылы ашып берген. Сөзжасамдық қосымшаларды зерттегені туралы алғашқы мәліметтерді XIV ғасырдағы Ибн-Муханнаның, Абу-Хайянның еңбектерінен де кездестіруге болады.
2 ҮСТЕУ СӨЗЖАСАМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ СӨЗЖАСАМДЫҚ БІРЛІКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ
2.1 ҮСТЕУДІҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ ТӘСІЛ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛУЫ
Жалпы тіл білімінде үстеу түрліше сипатталып, оның түрлену-түрленбеуіне, өзіндік мағынасына байланысты мәселелерде пікір алалықтарының болуында, үстеу қатарында оған жатпайтын сөздердің беріліп жүргеніне байланысты мәселелердің дұрыс шешілуі үшін үстеудің өзіндік белгілерін анықтау қажетдеп танылды. Ғалымдар көрсетіп жүргенүстеудің белгілерін қорыта отырып, тілдік деректерге сүйеніп, үстеудің өзіндік белгілері анықталды. Олар: Үстеу қимыл-әрекеттің жайы-күйін, оның қашан? қайда? қалай? жасалғанын білдіреді. А.Ысқақов, С.Исаев сөздерді сөз таптарына жіктеуде семантикалық принципті негізге алады. Осы пікірге сүйене отырып, үстеу деп танылған сөздер үстеудің негізгі мағынасына сәйкес келуі керек деп танылды.
2.2 ҮСТЕУДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ (синтетикалық) ТӘСІЛДЕР АРҚЫЛЫ ЖАСАЛУЫ
Сөзжасам саласында үстеудің синтетикалық тәсілдер арқылы жасалуы әр қилы болып келеді. Өйткені бұл сөз табының қалыптасуына түрліше жұрнақтар қатынасады. Мұндай жұрнақтар үстеудің туындауында үстеу сөз табының өзіне не болмаса басқа сөз таптарына жалғанады. Бұл ретте, әсіресе соңғы жолдың қолданысы күшті болады. Өйткені арнайы бір қосымшалар белгілі сөз таптарына жалғану арқылы енді оларды басқа бір сөз таптарына айналдырып жібереді. Сөзжасам жұрнақтарының басты бір қызметі осындай қасиетімен айқындалады [1,322 бет].
2.3 ҮСТЕУ ЖҰРНАҚТАРЫНЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТОПТАРЫ
Түркі тілдерінде де, қазақ тілінде де үстеуді зерттеген ғалымдардың еңбектерінде туынды үстеу жасайтын жұрнақтар берілгенімен, олардың мағыналық тобы толық ашлымаған. Үстеудің мағыналық топтарының мағынасы негізге алынып, оның сөзжасамдық жұранқтары мағыналық жақтан топтастырылды. Олардың сөзжасамдық типке негізделген модельдермен беру арқылы әр мағыналық топтың қандай, қанша жұрнақтармен жасалатыны анықталды. Үстеудің 8 мағыналық тобын құрайтын 46 жұрнақ 78 сөзжасамдық тип, яғни 78 түрлі сөзжасамдық мағына жасайтыны анықталды [2,15 бет].
2.4 СӨЗЖАСАМДЫҚ ҰЯ
Сөзжасамдық ұя (СҰ) – сөзжасамның негізгі ұғымының бірі. Сөзжасам саласындағы негізгі тұлғалардың бірі – туынды сөз. Туынды сөздердің ұяда жасалуы тілдегі сөзжасамдық типтер мен сөзжасадық үлгілер бойынша өрбиді. Сөзжасамдық ұяны зертттеушілердің пікірінше, ұя нақтылы сөзжасамдық қатынастар негізінде құрылады. Бұл – негіз сөз бен туынды сөздер арасындағы иерархиялық ретте емантикалық тұрғыда әр сөзжасамдық ұя сөзжасамдық мағыналардың белгілі жиынтығын білдіреді. Ұяда қанша сөз болса, сонша сөзжасамдық мағына болады.Туынды сөздің мағыналары негіз сөздің мағынасының негізінде туады. Сондықтан негіз сөздер мен олардан жасалған туынды түбірлердің мағынасы байланысты болады. Сөзжасамның мағына негіділігі тек туынды түбірге ғана қатысты емес, басқа да туынды сөздердің бәрі түбірлес туынды сөздерге жатады. Әр сөзжасамдық ұяда бір ғана негізгі түбір болады.
2.5 СӨЗЖАСАМДЫҚ ТАРАМ
Сөзжасамдық тарам термині словообразовательная парадигма мәнінде қолданылад. Бұрын тарам термині морфологияда, мысалы септік тарамы (парадигмасы), жіктік тарамы (парадигмасы) сияқты қолданыс ғылымда әбден таралған. Бұл термин барлық тіл біліміндік сөздіктердің бәрінде сөз түрлендіру жүйесі мәнінде түсіндірілген. Соңғы кезде сөзжасамдық тарам (словообразовательная парадигма) термині қолданыла бастады.
Морфологиялық тарамда да бір түрлі сөз түрлендіруші қосымшалар арқылы түрленеді.
2.6 СӨЗЖАСАМДЫҚ ЖҰП
Сөзжасамдық ұяның ең азы, ең кішісінде бір, екі туынды сөз юолады деп саналады. М., па – пайшы, пән – пәндес, пән – пәндік, бық – бықтыр – бықтырт – бықтыртқыз – бық –быққыз. Келтірілген мысалдардың ең азында бір сөзжасамдық жұп бар, ол пай –пайша. Пән деген түп негізден тараған ұя екі жұп бар; пән – пәндес, пән – пәндік. Ал бық негізінен тараған ұяда 4 жұп бар, олар; бық – бықтыр – бықтырт – бықтыртқыз, бық – быққыз. Бұлар ең кіші сөзжасамдық ұялардан келтірілді.
2.7 СӨЗЖАСАМДЫҚ ТІЗБЕК
Сөзжасамдық ұяның мүшелерінің негізгілерінің бірі-сөзжасамдық тізбек. Орыс тіл білімінде сөзжасамдық ұя мәселесі 20-30 жылдан бері өнімді зерттеліп келеді. Онда сөзжасамдық тізбектің анықтамасы берілді, сөзжасамдық ұя, оның құрылымы мен мағынасы, сөзжасамдық ұяның мүшелері толық зерттеліп, теориялық негізі қаланды. Сөзжасамдық ұя бойынша үлкен сөздікте жарияланды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Тілдегі өзгерісті, дамуды, толығуды, тіркесімділіктің артуын, кеңеюін, сөйлемдердің құрылысы жағынан жетіле түсу себептерін белгілі бір уақытпен, кезеңдермен байланысты ой сананың дамуы, жетілуі дей тұрғанмен, халықтардың қарым – қатынасының жиілеуі, аймақтық (территорялық) ауысу, шаруашылықтың бір формадан екінші формаға ауысуы, қоғамдық құрылыстың өзгеруі, жаңа көзқарастардың қалыптасуы, әдет – ғұрыптың орнығуы, жаңа заңдардың пайда болуы (сыртқы фактор) тілдің лексикалық құрамында өзгеріс болуына әкеп соғады. Жоғарыда көрсетілген құбылыстардың нәтижесінде жаңа сөздер пайда болады. Басқа тілдердегі сияқты қазақ тілінің де сөз байлығы әр түрлі себептерден пайда болған сөздермен толығып отыратыны белгілі. Ал қазақ тілінің сөзжасам жүйесі тілімізде пайда болған жаңа сөздерді айқындауға көмектеседі.