Предмет: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Тип: Дипломдық жұмыс
Объем: 74 стр.
Год: 2014
Фонетиканы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 ФОНЕТИКА ҰҒЫМЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ – ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 8
1.1 ФОНЕТИКА ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТЫ 8
1.2 ТІЛ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ 16
1.3 ФОНЕТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ 30
2 ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН НӘТИЖЕСІН ТАЛДАУ 46
2.1 ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 46
2.2 ФОНЕТИКА ТУРАЛЫ БІЛІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 51
2.3 ФОНЕТИКАНЫ ОҚЫТУ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛГЕН ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 55
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 62
ҚОСЫМША А 64
ҚОСЫМША Ә 71
ҚОСЫМША Б 74
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Қазақ тілінің мәртебе алуы – ел өміріндегі ең маңызды оқиғаның бірі. Еліміздегі ғылыми негізделген тілдік саясат Қазақстан Республикасының Конституциясын қамтитын тілдік аядағы және де басқа да нормативтік құқықтық құжаттарға сүйенеді. Ата Заңның 7-ші бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі, ал орыс тілі ресми қазақ тілімен тең қолданылады » делінген.[1.5] Осымен байланысты мәселелер мемлекет тұрғысынан көптеген маңызды құжаттарда қарастырылады. Қазақстан мектептеріндегі білім беру жүйесінің дамытушы жаңа бағытты таңдауы, негізінен, «Қазақстан 2030» стратегиялық құжаттарындағы «Білім беру» бөлімінде көрсетілді.[2.7]
Мұндай мақсатқа жетуде жалпы білім беру жүйесі, оның ішінде үздіксіз білім беру жүйесінің ең маңызды да күрделі сатысы – бастауыш мектеп үлкен орын алады.
1 ФОНЕТИКА ҰҒЫМЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ – ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 ФОНЕТИКА ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТЫ
Қоғам қашан да дарынды, қабілетті адамға мұқтаж. Еліміз өз алдына дербес, тәуелсіз ел болғалы тіліміздің, дініміздің өзіндік ұлттық ерекшелігі айқындала түсті. Дарынды оқушы қатарын көбейту үшін, олардың сөйлеу, тіл және дүниетанымын дамыту керек. Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тәрбиесі мен оқу-тәрбие үрдістеріндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр; білім беру әдісі өзгереді, мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше әдіс-тәсілдері пайда болуда [4.7].
1.2 ТІЛ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру – ең алдымен тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғаты мен фонетикалық заңдарып жете білуді қажет етеді.Табиғи жағынан дыбыс қандай да болмасын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп, қозғалуының нәтижесінде пайда болады да, құлаққа естіледі.
Дыбыс өтетін орта – ауа кеңістігі. Ауа кеңістігінсіз ешбір дыбыстың жасалып, пайда болуы мүмкін емес [22.11].
1.3 ФОНЕТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Тілмен сөйлесу – адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлесу тек адамға ғана тән. Адам баласы бірнеше тілде сөйлеседі.
Жер бетінде бар адамзат тілдерін күнделікті өмірдегі қарым-қатынас барысында үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп огтырады.
2 ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН НӘТИЖЕСІН ТАЛДАУ
2.1 ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Балалар ана тілі дыбыстарының ерекшелігін мектепке дейін-ақ сөйлеу практикасы арқылы едәуір меңгерген болады. Бірақ олар жеке сөзді, әрбір дыбысты саналы түрде ажыратуды білмейді. Әліппені өту кезінде сөзді, буынды талдау жолымен дыбыстарды ажыратып үйренеді. Сонда да тіл дыбыстарының бір-бірінен өзгешелік белгілерін толық тани қоймайды. Сондықтан, қазақ тілі сабағында оқушылардың айтылған дыбыстарды дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ жеке дыбыстар мен дыбыстар тізбегін дұрыс айта білуіне ерекше мән беріледі. Ал мұны білудің сауат ашу үшін де, грамматика мен емлені жетік меңгеру үшін де, сөйлеу, жазу, тіл дамыту үшін де маңызы зор.
2.2 ФОНЕТИКА ТУРАЛЫ БІЛІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Тілдік талдау – оқушылардың тілдік материалды теориялық жолмен жете меңгеріп, оны саралауға, білімді тиянақтауға, білімгерлердің танымдық ынтасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін қолайлы тәсіл. Фонетикалық талдауда төмендегі шартты белгілер басшылыққа алынады:
2.3 ФОНЕТИКАНЫ ОҚЫТУ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛГЕН ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Фонетиканы оқытуда «Сатылай кешенді талдау технологиясын» қолдану тиімді екендігіне көз жеткізу үшін 1 «Ә» сыныбын бақылаушы топ деп алып, экперименталды топ пен бақылаушы топтың білім деңгейін тексеру үшін қорытынды кезеңге өттік. Бұл кезеңнің міндеттері:
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіндегі қазақ тілі – қазақ халқының барлық тарихы мен мәдениетін сақтап келген, болашағына аманат етіп тапсыратын барлық ақпаратты бойына жинап алған теңдесі жоқ жүйелі тіл. Осындай мұраны оқып-игеріп, өзінің өмірінде тірек етіп, оны келер болашаққа алып бару міндеті – қазіргі мектепте отырған, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларына жүктеліп отырғаны белгілі. Қазіргі бастауыш сынып оқушылары – осыдан 6-7 жыл бұрынғы бастауыш оқушыларынан мүлде өзгеше. Оған дәлел – Қазақстан Республикасының рәміздері, ұлттық мерекелер, тарихи аталып өтілетін даталар – қазіргі бастауыш мектепте отырған балалардың санасында берік орныққан құбылыстар.