Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық және оның жою мәселелері
Мазмұны
Кіріспе 5
1 Жемқорлық түсінігі 7
1.1 Сыбайлас жемқорлық ұғымының эволюциясы 7
1.2 Заңның үстемдігі – сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізі 11
1.3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 15
2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың мақсаты 22
2.1 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу 22
2.2 Сыбайлас жемқорлыққа жатқызылатын заңбұзушылықтар 27
2.3 Сыбайлас жемқорлықпен күресу 31
3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылып жатқан шаралары және оның нәтижелері 39
3.1 «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының жемқорлықпен күрес жөніндегі бағдарламасы 39
3.2 Партия – жемқорлықпен бүкілхалықтық күрестің көшбасшысы 48
3.3 Қостанай облысындағы мемлекеттік қызмет туралы ҚР Агенттігінің Тәртіптік кеңесі 51
Қорытынды 58
Қолданылған әдебиеттер тізімі 60
Қосымша 63
Кіріспе
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – қоғам мен мемлекеттің қылмыстық сипат алуы, яғни ол қауіпті ұғым. Оның жоғары деңгейдегі қоғамдық қауіптілігі – ол мемлекеттіліктің негізін құлдыратып, ұлттық қауіпсіздікке нұсқан келтіреді. Сыбайлас жемқорлық – бүкіләлемдік проблема.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - бұл үздіксіз процесс. Сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жауаптылық нормаларының қолданылмауы, абсолютті көрсеткіш болып табылмайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің болмауы сыбайлас жемқорлықтың өзінің болмауымен бірдей. Сыбайлас жемқорлық мәселесінен шығудың жолы жоқ деген пікір болмауы керек. Қазақстан сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту процесін баяулататынын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететіндігін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіреді.
1 Жемқорлық түсінігі
1.1 Сыбайлас жемқорлық ұғымының эволюциясы
Ертеде өткен Төле би, Қазбек би, Әйтеке би бабаларымыз әділ билік туралы толғана келіп:
Бірлігі мықты ел болса,
барлығы бауыр болады.
Ортақ иелік болмаса,
жеріңді өрт шалады.
Әділ билік болмаса,
халқыңды дерт алады, - деген екен.
Біздің де, бүгінгі билік басындағы адамдардың да үнемі есінде тұтар жәдігер сөз осы болуға тиіс. Билік әділ болса, биге де жеңіл. Әділет үстемдік құрған жерде бірлік бар. Ал бірлік – экономикалық хал-ахуалды жақсартудың негізгі тұтқасы. Тұрмыс – тіршілігі өркендеген елде демократияның жарқын көріністері бірден көзге түспек. [20.9 бет]
1.2 Заңның үстемдігі – сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізі
Сыбайлас жемқорлықпен күрес біздің мемлекетімізде жүйелі сипат алады. Елбасы осы мәселеге ерекше назар аударып отыр. Мұның өзі жыл сайынғы халыққа арналған жолдауларда, жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізіліп отырған өзгертулерде, қол қойылған басқа да құжаттарда көрініс тауып отыр.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа тиімді қарсы іс-қимыл мәселесіне айрықша мән бере отырып, мемлекет масштабында сыбайлас жемқорлықты жою тұжырымдамасының негізгі бағыттарын анықтады, оның шеңберінде 1998 жылы 2 шілдеде қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі және басқалар да қабылданып іске асырылуда. [29]
1.3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Бағдарламаның мақсаты: Мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттарының қызметін үйлестірудің тиімділігін арттыру жолымен қоғам өмірінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету.
Бағдарламаның міндеттері: Азаматтар мен қоғамның құқықтары бостандықтары мен заңды мүдделерін сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-имылдың нысандарын, әдістерін және құралдарын оңтайландыру; азаматтық қоғам құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасау.
2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың мақсаты
2.1 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мемлекеттік саясаттың бір бөлігі бола отырып, төмендегідей міндеттерді орындауға бағытталған шараларды қамтуы тиіс:
- сыбайлас жемқорлықпен күресті оның барлық деңгейінде ұйымдастыру.
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықты дамыту
- Сыбайлас жемқорлық әрекеттерді анықтаудың және оған қолданылатын жазалардың ықтималдылығын арттыру.
- Лауазымды басшының сыбайлас жемқорлық мотивтеріне ықпал етуі.
- сыбайлас жемқорлықтың барлық түріне деген қоғамдық қарсылық ахуалын қалыптастыру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қағидаттары:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат субъектілерінің әріптестігі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ізгі бастауларының басымдығы;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат шараларының жасалуын іске асыртпау және оған бақылау орнату функцияларын біріктіруге жол бермеу.
2.2 Сыбайлас жемқорлыққа жатқызылатын заңбұзушылықтар
Сыбайлас жемқорлық логикалық ауқымына қоғамдық-қауіпті әрекеттердің біртекті түрлері кіретін көпқұрылымды және көпдеңгейлі мазмұнды құбылыс боп табылады.
Құзырлы халықаралық ұйымдар жүргізген зерттеулер нәтижесіне сөйкес, қазіргі кезде сыбайлас жемқорлықтың басты түрлері мыналар: мемлекеттк басқарудағы сыбайлас жемқорлық.
в) іскерлік белсенділікгін асыру барысындағы, яғни, ұлттық және халықаралық бизнестегі сыбайлас жемқорлық;
с) жоғарғы эшалондардағы саяси әкімшілік қаржылық саладағы сыбайлас жемқорлық.
2.3 Сыбайлас жемқорлықпен күресу
Қазіргі көптеген әлеуметтік-экономикалық және саяси - құқықтық проблемалар қатарындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес проблемаларының маңыздылығын көтеріп отырған бірнеше себептер бар.
Біріншіден, қолдағы билікті бас пайда үшін пайдалану, ондай қылмыстың әшкереленуі билік беделін түсіреді, демократияға нұсқан келтіреді, тіптен диктатураға алып келуі мүмкін.
Екіншіден, сыбайлас жемқорлық өзінің ресурстардың бөлінуіне тигізетін теріс әсерінің нәтижесінде жалпы экономиканың дамып нығаюына кедергі жасайды.
3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылып жатқан шаралары және оның нәтижелері
3.1 «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының жемқорлықпен күрес жөніндегі бағдарламасы
«Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі Бюросының 2008 жылғы 28 ақпандағы № 2-3 қаулысымен бекітілген.
«Нұр Отан» ХДП-ның «Қазақстанның өсіп-өркендеуі мен Қазақстандықтардың игілігі үшін: біз елдің әрбір азаматының өмірін қалай жақсартамыз?» халықтық тұғырнамасы ел дамуына кедергі жасаушы факторларды жоюды талап етеді.
Елбасы және «Нұр Отан» партиясының Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанда жемқорлық әлі де болса мемлекет пен қоғамның өміріне, сондай-ақ республикамыздың ұлттық қауіпсіздігі мен болашақ дамуына қауіп төндіріп отырған қатердің бірі екендігін айта отырып, 2008 жылғы 17 қаңтарда өткен партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында осы бір әлеуметтік кесірмен жүргізілетін күресті қарқындату міндетін қойды.
3.2 Партия – жемқорлықпен бүкілхалықтық күрестің көшбасшысы
«Нұр Отан» ХДП мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары қызметтерін үйлестірудің тиімділігін арттыруға қол жеткізе отырып, қоғам өмірінің барлық салаларында жемқорлық деңгейін азайтуға бар күш-жігерін салатын болды.
Аймақтық және аумақтық партия ұйымдарының жанынан ашылған Жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестер жергілікті жерлердегі азаматтық қоғамның жемқорлыққа қарсы инфрақұрылымының өзегіне айналуы тиіс.
Қорытынды
Осы уақытқа дейін барлық елдерде сыбайлас жемқорлық пайда болуының жойылған (барлық құралдармен) санын анықтайтын сенімді әдістер жасалмаған. Тек кейбір жақтарынан кейін ғана теңгерімсіздіктер және қарама-қайшылықтар және басқа да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары туралы сенімді айтуға болады. 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы қабылданды. Мемлекетіміз осы қылмыстық заңның көмегімен күн сайын шенеуніктер мен барлық азаматтарға пара беруге және алуға болмайтынын ескеріп келеді. Сыбайлас жемқорлық қылмысы – бұл күрделі көпжоспарлы әлеуметтік жағымсыз құбылыс.