Олжас Сүлейменов – ұлт жанашыры
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Олжас Сүлейменов қазақтың біртуар перзенті 6
1.1 Олжас Сүлейменов өмірі мен шығармашылығы 6
1.2 Олжас Сүлейменовтің «Арғымақ» поэмасы 9
2 Олжас Сүлейменов –ұлт жанашыры 12
2.1 «Аз и Я» азабы 12
2.2 Олжас Сүлейменов кинодраматург, зерттеуші ғалым 15
2.3 Олжас Сүлейменов- халықтың баласы 20
Қорытынды 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Курстық жұмысымды Жұматай Жақыпбаевтың «Аға» деп аталатын Олжас Сүлейменов ағамызға арналған өлеңінен бастағым келіп отыр.
«Қалай, – деп, ағам?!» –
қарадым Аспанға кілең,
Бағасын жұлдыз көрсетті бас
бармағымен.
Қасоққа әкеп береді балық пен суын,
Іле өзені Қытайдан басталғанымен.
Ағам да сондай. Алысты жақынға
балап,
Қақтырған біздің намыс пен
ақылға қанат.
Дешті–Қыпшақтан кеп,
Игорьге орысша сөйлеген
Тұрғандай болам сауатсыз
батырға қарап.
Әр елдің өзін өзіне білгізер ері,
Бағы да туса, қуанып мұңды жыр елі.
Байбақты Сырым батыр да
Батасын беріп,
Кенеағаң күрең арғымақ мінгізер еді.
Сонымен биік, өр, сұлу фәниге қара,
Ол барда тілсіз болмайды, әрине, дала.
Көше көп жаңа, тек биік
қасоқтың атын
Бергендей емшек береді ел
сәбиге ғана.
Арттыра берсін білгеннің қадірін өлең,
Марғұлан айтса ақылы, сабыры кенен
Боғдыхан қызын беретін Үйсіндер кеше
Елге таң, ірі ұланын Тәңірі деген.
Ер, көне тайпа дәстүрі оралса кері,
Қасоқтың және қасоққа
жоғалса-ау кегі.
… Тәңірің сенің көбейсін,
тәкаппар елім,
Алдымен сені жарылқар, сонан соң мені! –,
деп төгілген жыр неліктен Олжас ағамызды алдым, тақырыптың өзектілігі неде деген сұраққа жауап берудің бірінші баспалдығы болып отыр.
1 Олжас Сүлейменов қазақтың біртуар перзенті
1.1 Олжас Сүлейменов өмірі мен шығармашылығы
Олжас Омарұлы Сүлейменов 1936 жылдың 18 мамырында Алматы қаласында, әскери қызметкерлер отбасында дүниеге келген ақын, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының халық жазушысы, Бүкілодақтық Ленин комсомолы және Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. Олжас батырдың ұрпағы. Әкесі Омар да батыр. Ол кісі атты әскер полкінің командирі болып жүргенінде ұсталған, жаланың құрбаны болған. Олжас жастай жетім қалған. Шынығып, ширығып өскен [1, 607]. Олжас Сүлейменовпен сұхбаттардың бірінде ол өз жанұясы жайында былай деп сөз қозғайды: «Өз әкем – Омар Сүлейменов қазақтың тұңғыш кавалерия полкінде офицер болған. 1937 жылы Ташкенттегі Түркістан әскери округінің штабына жіберілген де, содан қайтып оралмаған. Лев Николаевич Гумилев маған Омар Сүлейменов деген әскери қызметкермен түрмеде бір камерада отырғанын айтқан еді. Менің ойымша, сол кісі менің әкем.
1.2 Олжас Сүлейменовтің «Арғымақ» поэмасы
Жоғарыда айтқандай Олжас ағамыздың жүрегі қазақ деп соққанмен, ол орыс тілінде жыр жазады. Алайда қай шығармасын оқи бастасам да қазақ деп қаны жүгірген, алдымызда қолын сермеп, эмоциямен, дауыс ырғағымен ақыл айтып тұрған Олжас Сүлейменовтің бейнесі елестейді. Ол халқының тарихы мен шежіресін, аңызы мен-ақындық үнін, дәстүрін -қазақтың ұлттық мақтанышы болып табылатын қасиеттерінің бәрін шын беріле жақсы көреді, оны асқақтата жырлауға тырысады. Өзінің тұңғыш кітабын «Арғымақтар» деп атауы тегін емес. Алысты жақын қылатын ұшқыр сәйгүлік –Олжас Сүлейменов шығармашылығында өлеңнен-өлеңге, кітаптан-кітапқа көшіп отыратын дәстүрлі поэтикалық тұлғаға айналады.
2 Олжас Сүлейменов –ұлт жанашыры
2.1 «Аз и Я» азабы
«Аз и Я» жайлы тарауымды Әмірхан Балқыбектің бір ойымен бастағым келіп отыр:«Иә, ауылға алдымен Олжас рухы жетті. Өз басымның Олжас ақын еңбегімен алғаш танысқаным да есімде. Мектепте әңгімесін Леонардо да Винчи мен Микеланджелолардың есімімен бастайтын, әлқиссасына Винсент Ван Гог пен Поль Гогенді қосатын, болашақта қазақтың ұлы суретшісі боламын деп айтудан әсте жалықпайтын сырлас құрдасым барды. Сол бір күні кешкісін, қараңғы түсе бере біздің үйге асығып-аптығып жеткен.
2.2 Олжас Сүлейменов кинодраматург, зерттеуші ғалым
Олжас Сүлейменов қазақтың кино өнерін дамытуға да үлкен үлес қосты, оның сценарийі бойынша «Бабалар жері», «Көгілдір маршрут» (1967 ж.), «Қыс-қысылшаң мезгіл» (1972 ж.), «Мұхтар Әуезов туралы сөз» (1979 ж.), «Соңғы өткел» (1982 ж.), «Үндістан сазы» (1984 ж.), «Жастық шақ заставасы» (1984 ж.) кинофильмдері түсірілді. Олжас-кезінде «Қазақфильмнің» бас редакторы, кейін Қазақстан Кинематографистер одағының басшысы, кейін Мемлекеттік кинокомитеттің төрағасы болғандығын білеміз. Бірнеше фильм сценарийінің авторы.
2.3 Олжас Сүлейменов- халықтың баласы
Олжастың төңiрегiнде бүгiнде көп әңгiмелер айтылып жүр ғой. «Орыс тiлiнде жазады», «қазақ әдебиетiне кiре ме, кiрмей ме?» деген сияқты әңгiмелердi де жиi естимiз. Қазақ тiлiнде жазғаны да дұрыс шығар, бiрақ, Олжас – ұлы ақын. Кезiнде, яғни Кеңес үкiметiнiң қайнап тұрған уақытында бүкiл әлемге танымал болған адам кiм? Ол – Олжас. Сол кездегi Олжастың айтқан сөздерi бүкiл әлемге тараған. Оны мойындауымыз керек. Айталық, «Адамға табын, Жер ендi» поэмасы мен «Аз и Я»-сы, «Қыш» кiтабы, «Жазудың сиқыры» сияқты еңбектерiнiң орны ерекше. Қазiр егемендiк алғалы берi ұлт патриоттары көбейiп жатыр ғой. Ал сонау 1975 жылдары ешкiм аузын аша алмайтын уақытта, Олжас «Аз и Я» кiтабын жазды. 1975 жылы аңызға айналған «Аз и Я» дүниеге келгенде Кеңес үкiметi жаппай дүрлiктi. Бiр кездегi көшпендiлердiң бел баласы жүздеген жылдар ағысында бiрыңғай қалыптасқан түркология ғылымына төңкерiс әкелуi өмiрде болуға тиiс емес тосын жайт болатын. Атақты «Игорь полкi туралы жыр» дастанына қазақ баласының пiкiр айтуынан үрейлерi ұшқан академик, ғылым докторлары Сүлейменовке қарсы сап түзеп, легион боп соғыс жалауын көтергенi және бар [13, 11].
Қорытынды
Қазақтың ақыны Олжас Сүлейменов орыс тілінде жазғанына қарамастан, бүкіл болмысымен қазақ ақыны, атам заманнан бері үміт-арманымен ұштастырып келе жатқан асқақ рухты өз халқының адал перзенті. Олжас Сүлейменов тұрмысты, географиялық, этикалық, эстетикалық, тарихи байланыстардың жанды айғағы. Олжас Сүлейменов жайында жазу оңай емес,-қиын. Біріншіден, Олжастың әдебиеттегі асқақ орнын қалың қауым менсіз де жақсы біледі. Екіншіден, оның шығармашылығы туралы айтылған пікірлерді, жазылған еңбектерді жинақтаса, қаншама кітап боларлық алуан сырлы материалдар бар. Үшіншіден, Олжас өте күрделі, қырғызша айтсақ, оқырманның тісі бата бермейді. Мәселен, Ленинградтағы екі бірдей орыс ақынның «Олжас Сүлейменов өлеңдерін кейбір тұста түсіне алмай қаламыз» дейді.