Кек пен жаза
Жоспар
1 Кек 3
2 Қанды кек дәстурінің қолданылу тәртібі 6
3 Жаза түрлері 7
4 Барымта 9
5 Өлім жазасы 10
6 Құн төлеу 12
7 Айып 17
Әдебиеттер 21
1 Кек
Қазақ ұғымында кек қайтару ғұрпы айыпталған емес, керісінше әлдеқалай бұзыққа, не келімсекке қандас туысының өшін жіберсе, не басының намысын қорғай алмаса, ондай азаматты халық қор санаған. Туысын өлтірген қылмыскердің өз қанын, не ағайынының қанын ішпей жіберу, кешірілмес кунә саналып, ондай еркектер жұрттың көзіне шыққан сүйелдей болып, онымен бір дастарқанға отыруға өзгелер арланған.
2 Қанды кек дәстурінің қолданылу тәртібі
Қанды кек -қазақтың әдет-ғұрып заңдарының ішінде бірінші орын алатыны /қанға қан, жанға жан/.
«Жарғы» бойынша өлген адамның туыстары қанішерді өлтіруге хақы бар, егер дене мүшелерінің бірі жазым болған жағдайда: (мысалы, аяғы, мұрны) қылмыскердің аталған дене мүшелеріне зақым келтіруге қанды кек тәртібі рұқсат береді. Егер талапкер жақ келіссе, билердің ұйғарымы бойынша жұмсартылатын да жағдай болады. Онда қанды кектің орнына талапкер жақ қылмыскерден алынған төлеммен қанағаттанады. Кісі өлтірушінің өмірін сақтау үшін руластары төлейтін төлемді «құн» деп атайды.
3 Жаза түрлері
Әдет - ғұрып заңдарының бір тармағы есебінде әртүрлі қылмысқа қатысты жазалардың ішіндегі ең ауыры-өлім жазасы, өлім жазасынан кем соқпайтын түрлері де баршылық.
Қазақ арасында жиі кездесетін жазаның бір түрі-қылмыскер адамның мойнына құрым іліп, бетіне күйе жағып, ауыл айналдыру.Әсіресе, бұл ауыл ішінде тәртіп пен имандылықты бұзғанда қолданылады. Қылмыскерді қара сиырға мінгізіп, бетіне қалың қылып күйе жағып, мойнына әбден құрым болып қалған ескі кигізді іліп, соңдарынан қамшымен ұрып отырады және беттеріне түкіріп, топырақ шашып әбден қорлайды.
4 Барымта
Барымта - қылмысқа қарсы қолданылатын ұжымдық шара. Егер қылмыс жасаған жақ би үкіміне көнбесе немесе кешіктірсе даугер жақ өз тарапынан барымта ұйымдастырады. Барымта-ең алдымен малды айдап алу, оның талабы- белгіленген көлемнен /бидің алдында кесілген/ шықпау.
Осы тұрғыдан барымта қоғамдық қатынастардағы реттегіш деп есептеуге болады.
5 Өлім жазасы
Қазақ әдет-ғұрып заңдары бойынша өлім жазасына адам өлтірген, ұрлық жасаған, ел тонаған, әйел зорлаған, ойнас қылғандар кесіледі. Егер қыз атастырылмаған болып зорлаушы қалың малын төлеп үйленсе, онда қыздың туыстарының шешімі, келісімі арқылы құн төлеуден де, өлімнен де босатылады.
Әйелін ойнас ұстаған күйеу, осы сәтте өлтіруге және жазасыз қалуға мүмкіндігі бар. Егер қылмыс дәлелденген /4 куә/ жағдайда көзіне шөп салғаны үшін әйелі мен ойнасын билер кеңесінің өлім жазасына кесуге хақы бар. Өзгенің әйелін келісімсіз алып қашқанда өлім жазасына, не құн төлеуге кеседі. Егер әйел өз еркімен қашса, оны алып қашқан адам қалыңмалын қайтарып, үстіне қыз қосып береді. Кей жағдайда ел арасындағы ұрлығы үшін өлім жазасына кесілетін де жолы болады.
6 Құн төлеу
Айыптың ең жоғарғы сатысынан кейінгі салынатын төлем, яғни үш тоғыздан асатын төлемді «Құн» деп атайды. Қылмыстың түріне қарай; толық құн, яғни 500 қойдан 2000-ға дейін, 50 жылқыдан 2000-ға дейін, 25 түйеден 100-ге дейін. Қазақ арасында ең жиі қолданылған құн кесімі «100 жылқы, алты жақсы». Одан кейін жарты және ширек құндар болған. Құн-қазақ әдетғұрып заңдарының ертеден келе жатқан ежелгі тәртіптерінің бірі.
Қазақтар тура және ауыспалы мағынада осы ұғымды күнделікті тұрмыста қолданады. Егер бір нәрсеге қатты қадалып, өшігіп сұраса-»әкеңнің құны бар ма» деп айтылатын сөздер де бар.
7 Айып
Қазақ билігінде (Кеңес, Жүгініс) ең көп қолданылатын жаза-айып . Өйткені қандай болсын қылмысты , қоғам тәртібін , адамдар арасындағы қатынас нормасын реттейтін , алдын алатын шара .
Айыптың ең жеңілі болып «ат-тон айып», яғни ат-шапан айып саналады. Айыпқа беретін аттың жасы құнаннан кем болмауы керек, сондай-ақ айыпқа аса кәрі ат беруге болмайды.
Көбінесе айыпқа берілетін аттың жасына қарамай, дені-саулығына, мықтылығына қарайды.