Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 66 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Бастауыш сыныпта қазақ тілін қатысым әдісі арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 5
1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚАТЫСЫМ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 10
1.1 ҚАТЫСЫМ ӘДІСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 10
1.2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚАТЫСЫМ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ 14
1.3 ҚАТЫСЫМ БІРЛІКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ 23
2 ҚАТЫСЫМ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 29
2.1 ҚАТЫСЫМ ӘДІСІМЕН ОҚЫТУДЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ 29
2.2 ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ 31
2.3 ҚАТЫСЫМ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 33
2.4 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА СӨЗДІ ҚАТЫСЫМ ӘДІСІМЕН ИНТЕРАКТИВТІ ДАМЫТА ОҚЫТУ 36
3 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚАТЫСЫМ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН НӘТИЖЕСІ 41
3.1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТУДА ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІҢ АЛАТЫН ОРНЫ 41
3.2 ҚАТЫСЫМДЫҚ БІРЛІКТЕРДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫН ҚАТЫСЫМ ӘДІСІМЕН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ СӨЗДІК ҚОРДЫ МОЛАЙТУ 48
3.3 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАТЫСЫМДЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ 50
3.4 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚАТЫСЫМ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 57
ҚОРЫТЫНДЫ 61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 63
ҚОСЫМША А 65
ҚОСЫМША Ә 66

КІРІСПЕ
Отанымыздың мектептеріндегі білім беру жүйесінің дамытушы жаңа бағытты таңдауы мен білім беруді жетілдіру мәселелері тек әлеуметтік қана емес, елдің экономикалық дамуы тұрғысынан ерекше маңыздылығы айтылған. Бұл мәселелерді жүйелі түрде жүзеге асырудың бастапқы іргетасы бастауыш мектепте қаланады. Сондықтан Қазақстанда өмір сүретін әрбір азаматтың жан-жақты терең білім алуына, жеке тұлға ретінде қалыптасуына, еліміздің әлемдегі 50 өркениетті елдің қатарына қосылуына өз үлестерін қосуына жағдай жасалған. Әрбір елдегі білім жүйесінің негізгі мәселелерінің бірі – өзіне тән ұлттық мәдени ерекшеліктері мен тұжырымдамасын әзірлеу, ұлттық тілді өркендету және дамыту.

1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚАТЫСЫМ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 ҚАТЫСЫМ ӘДІСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы сөз болғанда, бұлардың ішінен бастауыш сынып оқушыларының ана тілін оқыту мәселесін жеке бөліп қарастыру керек. Өйткені қазіргі таңдағы жан-жақты қарастырылып отырған осы – бастауыш сынып оқушыларына ана тілін оқыту. Сонымен қатар, бұл мәселе тілдік қатынастың негізгі ерекшеліктерін қамти келіп, қазіргі кезеңде өзекті болып отырған қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын табуға көмектеседі. Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағын жүргізу сауалдарымен айналысып жүрген ұстаздар, тілшілер, ғалымдар көптеп саналады. Оладың әрқайсысы әртүрлі мәселелерді қарастыра келіп, қазақ тілін оқыту саласының дамуына елеулі үлес қосты. Қазақ тілінде тілдік қатынас туралы теория мен ереже жасалмағанымен, ана тілін басқа бастауыш сынып оқушыларына оқытуда қарым-қатынастық қағидалар практикалық жағынан жүзеге асып келеді. Мұны соңғы жылдары баспадан шыққан көптеген оқулықтар дәлелдей алады.

1.2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚАТЫСЫМ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы, оның басты мақсаты көрсетілді. Қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері, оның ішінде қатысымдық әдіс туралы толық мағлұмат берілген [4.16].
Тіл- адамдар арасындағы қарым-қатынастың аса маңызды құралы ғана емес, ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың, ұлттық ұжымдық тәжірибесін жинақтаудың, сақтаудың құралы. Жас ұрпақты тәрбиелеу, оларға ғылым мен білімді үйрету тіл арқылы жүзеге асады. Тіл-қысқасы, өмірдің ұлы қаруы.

1.3 ҚАТЫСЫМ БІРЛІКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Тілдік қатысым: оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым мен тілдесім тілді меңгеруге бағыталған әрекет болғандықтан тіл білімімен тығыз байланысты. Себебі, тілдік бірліктер дегеніміз – фонетикалық, лексикалық, грамматикалық қасиеттерге ие, өзіндік таңбалық сипаты бар, адамның өмір сүруі мен тілінің дамуына қызмет ететін тілдің құрылымдық бірліктері. Қатысымдық бірліктер – белгілі бір ойды хабарлау мен қабылдау қасиеті, қарым-қатынастық, қоғамдық-әлеуметтік мәні бар бірліктер.Қатысымдық бірліктер мен тілдік бірліктер өзара тығыз байланысты және олардың өзіндік ерекшеліктері де бар.

2 ҚАТЫСЫМ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1 ҚАТЫСЫМ ӘДІСІМЕН ОҚЫТУДЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
Тілді зерттеуші ғалымдар, алдымен Ф.де Соссюр [13.696.], кейіннен В.Гумбольд [14.397.], А.Бодуэн де Куртэне [15.380.] оны тіл және сөйлеу деп екіге бөледі. Тіл – адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуінде пайдаланар құралы. Сөйлеу – тіл арқылы қарым-қатынас жасау үдерісі. Сөйлеудің тілден басты айырмашылығы оның даралығында. Сөйлеудің даралығы жеке тұлғаның сөздік қорынан, тілді пайдалануынан, ойды жеткізудегі ерекшеліктерінен, сөйлеушінің психикалық жай-күйінен байқалады.

2.2 ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
Қатысымдық тұрғыдан тілді үйрету мен меңгерту психология, педагогика және лингвистика ғылымдарымен тығыз байланысты. Өйткені қазақ тілін оқыту әдістемесі дидактикалық ұстанымдарға, заңдылықтар мен ережелерге сүйене отырып, қазақ тілі сабағын өтудің мазмұны мен құрылымын, оны оқытудың әдістерін, ұстанымдарын және түрлі амал-тәсілдерін белгілейді. Осыдан барып қандай пәнді болса да оқып үйрену мен оның әдіс-тәсілдерін меңгерудің күрделі педагогикалық үдеріс екендігі айқындалады. Сондықтан тілді оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың өз сөздік қорын тілдік қатысымда тиімді қолдана білуге баулу. Ол өз кезегінде оқыту арқылы жүзеге асады және мұндай аса күрделі де ауқымды мәселелерді педагогика ғылымы қарастырады. Кез келген тілдің әдістемесі сияқты қазақ тілі әдістемесі дидактика теориясына сай, соған орайластыра зерттеледі.

2.3 ҚАТЫСЫМ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Тілге қажетті нәрсенің бірі – ішкі анатомиялық-физиологиялық даму, жетілу болса, тілдің болуы – баланың ойлау, пайымдау қабілетінің қалыптасуы арқылы жүзеге асады. Баланың ми қабатындағы ойы тілі арқылы сыртқа шығады, сөйлеу арқылы бейнеленіп естіледі. Сөйтіп Ж.Аймауытов айтқандай: «Тіл – ішкі сырды сыртқа шығаратын құралға» айналады [23.302].

3 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚАТЫСЫМ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН НӘТИЖЕСІ
3.1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТУДА ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Оқулықтардың лингвистикалық, стильдік сипаттарын анықтауда және мәтіндерді формалық жүйеге келтіруде лингвостатистикалық әдіс-тәсілдердің айрықша маңызы бар. Лингвостатистикалық әдісті: бастауыш сынып оқулықтары арқылы тілдік қатысымды меңгерудің ғылыми-әдістемелік негізін анықтауға; қатысымдық бірлікке сәйкес мәтіндердің лексикалық байлығы мен ондағы сөз қолданыстар негізінде тіл табиғаты жөніндегі теориялық мәселелерді қарастыруға; қатысымдық тұрғыдан мәтін мазмұнын формалық жүйеге келтіру бағытындағы зерттеулерге; бала тіліндегі қолданымы ескерілген оқулықтардың тілдік қатысымдағы жиі және сирек қолданыстағы сөздермен қамтылуын реттестіру мәселелерінде пайдалануға болады. Бұған қоса лингвостатистикалық әдіспен зерттеу: бала тілінің лексика-грамматикалық ерекшеліктерін ашуда; бастауыш білім беру кезінде балаларға берілуге тиісті материалдың сандық және сапалық ерекшеліктерін анықтауда; алынған зерттеу нәтижелерін көркем әдебиет пен публицистикалық жанрдағы үлгілермен салыстыру арқылы тілді қатысым әдісімен оқытуда аса маңызды.

3.2 ҚАТЫСЫМДЫҚ БІРЛІКТЕРДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫН ҚАТЫСЫМ ӘДІСІМЕН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ СӨЗДІК ҚОРДЫ МОЛАЙТУ
Сөздік қорды молайтудың тағы бір жолы – қатысымдық бірліктердің морфологиялық құрылымын қатысым әдісімен оқыту. Бұны жүзеге асыруда оқулық мәтіндерінің морфологиялық құрылымына лингвостатистикалық әдіспен талдау жасау лингвистикалық операцияның ерекше маңызды және қажетті кезеңдерінің бірінен саналады.

3.3 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАТЫСЫМДЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ
Н.Ә.Назарбаев «Интеллектуалды ұлт-2020» жобасында қазіргі заманғы білім берудің болашақтағы міндеттерін атай келе, жас қазақстандықтар бастапқы интелектуалды әлеуетпен және терең ақылмен, шексіз қызығушылықпен және өмірлік күш қуатпен ерекшеленуі тиіс деген. Бұл міндеттерді жүзеге асыруда жаңа білім беру жүйесінің бастауыш сатысында оқыту үдерісін ұйымдастыру базалық білім, білік, дағдылар,жалпы адамзаматтық және ұлттық құндылықтар негізінде оқушылардың түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруды қажет етеді.

ҚОРЫТЫНДЫ
Соңғы жылдары қазақ тілін оқыту мәселесі жаңа бір белеске көтерілді. Атап айтқанда, түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері жазылуда. Осыған орай педагогтардың, әдіскерлердің, психологтардың, ғылыми-педагогикалық зерттеу орталықтары қызметкерлерінің басты бағыттарының өзегі бастауыш сыныптарда тілді оқытуды ұтымды әдістермен тығыз байланысты жүргізуде. Сондай әдістердің бірі – бастауыш мектептерде қазақ тілін қатысым әдісі арқылы оқыту.