Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 63 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Қазақ әңгімелерінің тілдік табиғаты


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Әңгіме жанрының лексика-фразеологиялық ерекшеліктері мен синтаксистік құрылымы 8
1.1 Қазақ әңгімелерінің жанрлық сипаты 8
1.2 Синонимдер мен антонимдер қолданысы 13
1.3 Диалектизмдер қолданысы 20
1.4 Бөлшектенген сөйлемдер мен қыстырынды құрылымдардың стильдік қызметі 23
2 Көріктеуіш тілдік-стильдік тәсілдер қолданысы 29
2.1 Ажарлау мен құбылту қолданысы 29
2.2 Қайталамалар қолданысы 39
2.3 Комиканың берілуі 47
2.4 Диалог пен монолог қолданысы 54
ҚОРЫТЫНДЫ 62
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 63

нысы 39
2.3 Комиканың берілуі 47
2.4 Диалог пен монолог қолданысы 54
ҚОРЫТЫНДЫ 62
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 63
h3>

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Әңгіме, әдебиетте - оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәтпіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. Б. Майлин, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов тағы басқа әңгімелері - қазақ әдебиетіндегі осы жанрда жазылған үздік шығармалар. Қазіргі әңгіменің бастаулары халық ауыз әдебиетінде жатыр. Сонау көне заманнан-ақ халық өзінің тұрмыс-салты, күнделікті тіршілігі жайлы ауызша әңгімелер туғызып отырған. Мұндай әңгімелер бір рет қана айтылып қоймай, әр жерде, жиын болған кезде айтылған да, ондағы оқиға бірте-бірте тұрақты сюжетке айналған. Сөйтіп, ауыз әдебиетіндегі дәстүрлі жанрға айналған. Жеке адамның басынан өткен оқиға ретінде айтылатын мұндай әңгімелерді халықаралық фольклортануда меморат деп атайды.

1 Әңгіме жанрының лексика-фразеологиялық ерекшеліктері мен синтаксистік құрылымы
1.1 Қазақ әңгімелерінің жанрлық сипаты
Зерттеу нысанасындағы қазақ әңгімелерінде жазушылар жаңа ғасырдағы қазақ қоғамының тағдыры тақырыбына ана-әйел-қайраткерді, өнер адамдарын, зиялыларды, тағдыры ерекше жандар мен қарапайым еңбек адамдарының болмысын танытуды басты тірек еткен: «Жазушы шығармаларының кейіпкері әр алуан: кәрі-жас, жесір-кембағыл, талайсыз қыз, құзғын еркек, дәлдір бастық, дана қария» [1, 130]. Қазақ әңгімелерінде Дәуір бейнесі бір мәселе төңірегіндегі композициялық құрылым бүтіндігімен жасалынған. Тақырып, оған сәйкес кейіпкер таңдау, кейіпкердің тартыс жолдары десек, ескерілуі керегі: «Қазақ халқы тек өз тарихының аясында тар соқпақты шиырлап, томаға тұйықтықта қалмаған, әлемдік маңызы бар құбылыстар мен уақиғаларға да өзіндік мәнді қатысы болған» [2, 63].

1.2 Синонимдер мен антонимдер қолданысы
Мағыналары бір-біріне жақын, өзара мәндес сөздер синонимдер, ал мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталатыны белгілі. Яғни, синоним мағына жақындығына негізделсе, антоним қарама-қарсылығына негізделген семантикалық құбылыс. Қазақ тіл біліміндегі антонимдерді зерттеуші Ж.Мусин: «Антонимдер лексиканың өзге топтарынан оқшау, жеке-дара тұрған құбылыс емес, олар синонимдермен байланысып жатады» дейді [8]. Қазақ тіліндегі қарама-қарсылықтың коннекторларын қарастырған А.Жүсіпов: «Синонимдер мен антонимдер семантикалық байланыстың екі бір негізгі түрі іспеттес өзара тығыз байланыста болады: нақтылы бір сөздердің синонимдер мен антонимдері бірдей лексика-семантикалық топқа жатады»[9] деген тұжырым айтады. Бұл семантикалық топтың әңгімелер тіліндегі стильдік қызметі кең тынысты талдауды қажет етеді.

1.3 Диалектизмдер қолданысы
Көркем сөз шеберлері өзіне керекті материалды халық өмірінен, халық тілінен алып пайдаланады дедік. Сондықтан онда жалпыға ортақ біртұтас әдеби тілмен қатар белгілі бір территориялық аймақта ғана айтылатын жергілікті диалектілік ерекшеліктер де кездеседі. Диалектілер көркем шығармада белгілі үш себепке байланысты қолданылады:

1.4 Бөлшектенген сөйлемдер мен қыстырынды құрылымдардың стильдік қызметі
Әңгімелер тілінде ерекшеленетін синтаксистік құрылымдардың бірі - парцелляция құбылысы мен қыстырынды құрылымдар. Парцелляция дегеніміз Ю.В.Ванниковтың анықтамасы бойынша «сөйлемнің, яғни біртұтас синтаксистік құрылымның бөлшектеліп, бір немесе бірнеше тілдік интонациялық мағыналық единицаларда, яғни фазаларда айтылуы»[63.5]. Қазақ тіліндегі парцелляция құбылысына алғашқылардың бірі болып назар аударып, талдау жасағам ғалымдар М.Балақаев пен Т.Сайрамбаев [64]. Сонымен бірге аталмыш тілдік мәселеге назар аударған ғалым Р.Сыздық болды. С.Мұратбеков әңгімелерінен де аса жиі болмаса да біршама мөлшерде бөлшектенген сөйлемдер жинақталды. ңгімелер тіліндегі бөлшектенген сөйлемдердің силистикалық қызметі төмендегідей:

2 Көріктеуіш тілдік-стильдік тәсілдер қолданысы
2.1 Ажарлау мен құбылту қолданысы
Жазушының тіл шеберлігі тілдің лексика-фразеологиялық қабаттары мен синтаксистік құрылымдарды қолдану ерекшелігімен қатар көріктеуіш тілдік амал тәсілдерге де байланысты. Шеберліктің шыңдалуы үшін сөзді көп білу аз, көркем ойды көріктендіре жеткізетін түрлі тәсілдерді меңгеру қажет. Ондай көркем әдебиет тілінің шеберлік сипатын білдіретін тілдік тәсілдерді екі топқа бөлуге болады:
1.Бейнелеу тәсілдері-өмірдің реалды шындығын, құбылысты кісінің көз алдында елестететіндей етіп суреттеу;
2.Әсірелеу тәсілдері-оның үстіне, кісінің эмоциялық сезіміне әсер ететіндей етіп көріктеу [17.88].
Қаламгер осындай тілдік тәсілдерді өнімді қолдану арқылы қазақ прозасын көркем әңгімелермен толықтырған.

2.2 Қайталамалар қолданысы
Тілімізде ертеден келе жатқан әдіс-тәсілдердің бірі қайталамалар. Көне дәуір ескерткіштері мен ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, бүгінгі ақын жазушыларымыздың еңбектеріне дейін зер салып қарасақ, қайталамалардың түр-түрін кесдестіреміз. Өйткені қайталамалардың актив қолданылатын орны көркем шығарма. Онда жиі қолданыла отырып стильдік және құрылымдық-стильдік қызметтер атқарады. Қайталаманың көркемдеуіш тәсіл ретіндегі стильдік қызметі жазушының шеберлігі мен дара стиліне тығыз байланысты болып келеді. Осыған байланысты жекелеген ақын-жазушылардың тілдік қолданыстарын зерттеген ғылыми жұмыстарда жазушының өзіндік мәнерін танытатын тәсіл ретінде оған жиі назар аударылады.

2.3 Комиканың берілуі

60-80 жылдары қазақ әдебиетінде объектіні ашық әшкерелейтін сатиралық әңгімелер, әзіл-оспақ, қалжың-шыны аралас жылы леппен берілетін юморлық әңгімелер де жазылды. Бұл екеуінің де құралы - күлкі. Сөйтсе де бұл екеуі бір нәрсе емес. Олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Сатиралық әңгіме қоғамдық, әлеуметтік мәні зор, күрделі жағымсыз жайттарға ауыз салса, юморлық әңгіме қоғамдық қаупі жоқ, әдет-салт тұрмыстағы ұнамсыз құбылыстарға адамдардың ісіндегі, мінезіндегі, тәртібіндегі жеке міндерге қарсы бағытталады. Әңгімелерде қоғамдағы әр алуан іс әрекеттер, жеке адамдар басындағы қоғамға, елге аса зиянсыз мінез-қылықтар сөз болады. Біз жазушы Д.Исабековті тұтастай сатирик демесек те, оның жазғандарын езу тартпай оқу қиын. Ол өз шығармаларында сатираны да, юморды да жиі қолданады.

2.4 Диалог пен монолог қолданысы
Көркем проза тілін лингвистика тұрғысынан зерттеуде басты нысанаға алынатын мәселелердің бірі - кейіпкерлерді сөйлету принциптері. Кейіпкер сөзі диалог пен монолог арқылы беріледі, X. Кәрімов диалогтын адам образын жасаудағы қызметін оның басты қызметі ретінде бағалайды. «... диалог адамдар арасында, өмірде кездесетін сан-қилы қарым-қатынасты бейнелеп, кейіпкерлер репликалары арқылы бір-біріне әсер етіп, адам мінезінің нақты түрде, нанымды турде ашылуына көмектеседі. Соның тілдік амалына айналады» дегенді айтады [12.89].

ҚОРЫТЫНДЫ
Жазушының тіл шеберлігі көріктеуіш тілдік амал-тәсілдерге байланысты. Шеберліктің шыңдалуы үшін көркем ойды көрікті жеткізетін түрлі тәсілдерді меңгеру қажет. Жазушы қолданған тілдік тәсіл ойды бейнелі жеткізумен бірге даралық қолтаңбасын анықтайды. Сондықтан қаламгерлер тілдегі ажарлау мен құбылтудың эпитет, теңеу, метафара, кейіптеу, перифраза, метонимия, синекдоха сияқты түрлері қарастырылып, стильдік қырлары айқындалды.