Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Сирек заттар

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 64 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

Шұғыл жұмысын көбейту арқылы «Д» бекетінің пайдалану жұмысын жетілдіру


Мазмұны
Кіріспе 5
1 Тапсырманы талдау және зерттеу 9
1.1 Темір жол бекетінің техникалық-пайдалану мінездемеcі. Жалпы мәліметтер 9
1.2 Жолдар 10
1.3 Сұрыптау бекеттерін белгілеу 11
1.4 Пойызды қабылдау немесе жөнелтер алдында маневр жұмыстарын тоқтату ережелері 19
1.5 Бекетке келетін пойыздарды қабылдау тәртібі 20
1.6 Вагон таразысы, көтеру күші және орналасуы, оның үстінде жылжымалы құрамның қозғалысы 23
2 Тапсырманы шешу жолдарын зерттеу 24
2.1 «Д» бекеттің шұғыл жұмысын көбейту үшін тар жерлердің әсерін қарастыру арқылы пайдалану жұмысын жетілдіру. Вагондарды теңестірілмеген тиеу және түсіру шартында жүк бекетінің жергілікті жұмысын жоспарлау 24
2.2 Ірі жүк бекеттерінің тасымалдау көлемінің тұрақты емес жағдайында жұмыс орындау нұсқалары 27
2.3 Бірқалыпсыз қозғалыс кезінде жүк бекетіне қабылдау жұмысының оптимальді нұсқасын орнату 31
2.4 Темір жол желілерінің өткізу қабілеттілігіне байланысты жергілікті пойыздарды қоюдың рационалды кестесін таңдау 32
2.5 «Д» - бекетіндегі жүк айналым үшін жергілікті жұмысты ұйымдастырудың тәртібін орнату 38
3 Есептік бөлім 41
3.1 Техникалық экономикалық есептеулер 41
3.2 Тиелген ресурстарды жоғары өзіндік критерийі бойынша бөлу 43
4 Қауіпсіздікті қамтамасыз ету 50
4.1 Қауіпсіздік техникасы 51
4.2 Темір жолдағы қозғалыс қауіпсіздігінің жүйесі 51
4.3 Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережесі 55
5 Еңбекті қорғау 60
Қорытынды 62
Қолданылған әдебиеттер тізімі 64

Кіріспе
Қазіргі қоғам дамуындағы көліктің рөлі мен орнын белгілей отырып экономикалық теория оны жалпыға арналған еңбек құралы, өндірістің жалпы шарттарының бірі ретінде қарастырады. Кәсіпорын ішіндегі жұмысшылар мен еңбек құралдарын тасымалдай отырып, көлік технологиялық еңбек бөлінісінің нәтижесінде туындайтын байланыстарды жүзеге асырады. Бұл функцияларды ішкі өндірістік көлік атқарады. Өндірушілер (жіберушілер) мен тұтынушылар арасында әр түрлі өнім түрлерін тасымалдай отырып, көлік аймақтық еңбек бөлінісінің нәтижесінде пайда болған байланыстарды іске асырады. Бұл функциялар қоғамдық еңбек бөлінісінің тарихи үрдісінің барысында өңдірістің дербес саласы болып бөлініп шыққан айналым саласы көлігінің құзырына қарайды. Қазіргі заманғы жағдайда айналым үрдісіндегі тасымалды негізінен жалпы пайдаланымдағы көлік – темір жол, теңіз, өзен, автомобиль, әуе, сондай-ақ, арнаулы көлік (өткізгіш құбырлар, жоғары кернеулі электр берілісінің желілері, даңғылдақ (магистраль) жол қатынасының тораптары мен кәсіпорындарды байланыстыратын кіреберіс темір жолдар) атқарады [1].

1 Тапсырманы талдау және зерттеу
1.1 Темір жол бекетінің техникалық-пайдалану мінездемеcі. Жалпы мәліметтер
«Д» бекеті мінездеме бойынша учаскелік болып келеді және 1 классқа жатады. Пойыздардың қозғалысы кезінде бекетке тіркелетін жақын перегондар мен сигнализациялар және байланыстар:
Тақ бағытта:
«Д». бекеті мен «М». бекеті – қосжолды. Біржақты автоблокталған. Перегон пойыздардың дұрыс емес жолмен, сигналдармен, локомотив бағдаршамдарымен қозғалуы үшін құрылғылармен жабдықталған.
І – басты жол тақ пойыздар үшін дұрыс болып келеді.
ІІ – басты жол жұп пойыздар үшін дұрыс болып келеді.
Жұп бағытта:

1.3 Сұрыптау бекеттерін белгілеу
Сұрыптау бекеті дегеніміз – темір жолда, телімдік бекеттердің жұмыстарынан басқа, транзит және тағы басқа пойыздарды тарату-құрау, вагондарды сұрыптау т.б. жұмыстарын атқаратын, сұрыптау құрылысы бар бекеттерді айтады.
Сұрыптау бекеттері мынадай жұмыстарды атқарады:

1.4 Пойызды қабылдау немесе жөнелтер алдында маневр жұмыстарын тоқтату ережелері
Бекет кезекшісіне пойызды қабылдау, маршрутты дайын қабылдау жолы бос және қабылдау бағыттарында маневр жұмыстары аяқталғанына көзі жетпейінше кіріс сигналын ашуға болмайды.
Әр пойызды қабылдап жөнелтер алдында бекет кезекшісіне пойызды өткізуге 10 минут қалғанда маршруттан изоляцияланбаған жолдарда маневр жұмыстарын жүргізуге тиым салынады.

1.5 Бекетке келетін пойыздарды қабылдау тәртібі
Жұп паркінің парк кезекшісі тоқтамай өтіп кететін пойыздардан басқа барлық жұп және тақ пойыздарды және бұрыштық пойыздарды қарсы алады. Тақ паркінің парк кезекшісі тоқтамай өтіп кететін пойыздардан басқа тақ паркіне келетін барлық жолаушы және жүк пойыздарын қарсы алады. Құжаттарды алу және пойыздың толық құрамда келуі үшін СТЦ операторы Б. бағытындағы пойыздарды және тарқатылуға келген пойыздарды қарсы алады.

1.6 Вагон таразысы, көтеру күші және орналасуы, оның үстінде жылжымалы құрамның қозғалысы
Вагон таразысы нан қоймысының тартым жолында орналасқан.
213 жолда ЖШС «Шабдразак Импекс» орналасқан. Онда маневр жұмыстарында вагондар алдында болады, ұзындығы 4 осьтен аспауы тиіс, массасы 100 тонна, қозғалыс жылдамдығы 3 км/сағ.
Тензометриялық вагон таразысы ІІІ басты жол мен «НП» кіріс бағдаршамы және №1 күзет өтпелінің ортасында орналасқан.
Өлшеу шектері:

2 Тапсырманы шешу жолдарын зерттеу
2.1 «Д» бекеттің шұғыл жұмысын көбейту үшін тар жерлердің әсерін қарастыру арқылы пайдалану жұмысын жетілдіру. Вагондарды теңестірілмеген тиеу және түсіру шартында жүк бекетінің жергілікті жұмысын жоспарлау
Қазіргі кезде темір жол көлігінде экономикалық реформалар жүргізу сатысында қайтадан мына сұрақтар қойылады: ұйымдастыру және телім бойынша пойыздарды өткізу жағдайындағы пайдаланымдық жұмыстардың кедергілерін жою; нақты техникалық-экономикалық шаралардың өткізуіне байланысты пайдаланымдағы объектілер қатарының алынуымен және қызметкерлер штатының қысқаруына байланысты қазіргі сатыда темір жол көлігі қайтадан мемлекеттік, өндірістік кәсіпорындардың тасымалдауға ұсынған жүктердің уақытылы жөнелтілуін қамтамасыздандырмайды. Орнаған жағдайларда магистральді темір жол желілерінің пайдаланымдық жұмыстардың өзгеруіне байланысты, әсіресе жүк пойызының ұзындығы мен салмағының өсуінен, тар орындарды орналастыру және оларды жою рационалды өлшемдерді өңдеу қиындықтары туады [18].

2.2 Ірі жүк бекеттерінің тасымалдау көлемінің тұрақты емес жағдайында жұмыс орындау нұсқалары
Ірі жүк бекеттерінде ондаған клиенттер болуы мүмкін, оларға әкелу және вагондарды жинау қажет болады. Бірінші кезекте жүргізілетін маневрлік операцияларға байланысты, бекет жұмысының технико-экономикалық көрсеткіштерінің ары қарай орындалуына байланысты Ф.Т. Мамедовтың ғылыми әдебиетінде белгілі болған әдіс бойынша, бір вагонға кететін локомотив минутының саны минималды болатын жері ауданына беру болып табылады.

2.3 Бірқалыпсыз қозғалыс кезінде жүк бекетіне қабылдау жұмысының оптимальді нұсқасын орнату
Көптеген темір жол желісінің учаскелерінде бекеттің жергілікті жұмыс көлемі көп болғанда жүріс графигіне арнайы құрама пойыздарды енгізуді қамтамасыз етеді. Соңғы жылдары бекеттерде вагондарды тиеу мен түсіру көлемдері азайғанға байланысты темір жол желісінің көп бөлімдерінде құрама пойыздардың жалпы саны қысқарды. Осыған байланысты құрама пойыздардың аз санында вагондардың аралық бекеттерде тұрып қалуы өсті.
Кұрама пойыздармен қызмет көрсетілген жай телімдерге қарағанда, «Д» бекетінде әр телімінде 500-ден астам вагон немесе тәулігіне бірнеше жүк пойызының құрамы тиелуі мүмкін. Тиелім мен түсірілімнің үлкен көлемді телімдеріндегі жергілікті жұмыстың мұндай ерекшелігі,локомотивтер және локомотивті бригадаларын қолдануының рационалды тәртібіне өзінің шешуші әсерін қалдырады. «Д»-ның телімінде ірі жүк бекеттері бар, осылардың әрқайсысында тәулігіне бірнеше құрамдардың тиелімі орындалады.

2.4 Темір жол желілерінің өткізу қабілеттілігіне байланысты жергілікті пойыздарды қоюдың рационалды кестесін таңдау
Жергілікті жұмыс темір жол көлігі қызметінің маңызды саласы болып табылады. Жүк тиелген вагондардың белгіленген пунктке шапшаңдатылып жіберілуі халық шаруашылық жиынтығының қысқартуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, темір жол көлігінде соңғы жылдардағы эксплуатациялық шарттардағы өзгерістерді біршама шешілмеген сұрақтарға байланысты, жергілікті жұмыс ұйымдарына байланысты тепловоз күшінің аз қызмет жасау орындарына тиісті. Пойыздың жүріс графигінде тәулігіне бір немесе екі жұп пойыздар жиынтығы жасалған кезде елеулі техникалық әдебиетте жергілікті жұмысты ұйымдастырудың түрлері жасалған.

2.5 «Д» - бекетіндегі жүк айналым үшін жергілікті жұмысты ұйымдастырудың тәртібін орнату
Эксплуатациялық жұмысты техникалық–экономикалық көрсеткішінде барлық жүйе ретінде, «Д» - ның тасымал бөлігінде жергілікті пойыздарға және транзиттік төсеніштер әсеріне үлкен қажетті мағына болады. Қазіргі таңда толығымен темір жол жүйесі үшін мінездемеде қозғалыс графигіндегі жүк тиелген транзиттік жергілікті жүк пойыздарының төсеніштерінің мүмкін болатын нұсқалары ұсынылады:

3 Есептік бөлім
3.1 Техникалық экономикалық есептеулер
Қазіргі кезде бекетте құрамдарды қайта құрастыру процессі аз күшті сұрыптау дөңесінде орындалады. Оның тартым бөлігінің ұзындығы 360 метрді құрайды, дөңестің сырғанау бөлігінде 35 % құрайтын қисаю бұрышы және ұзындығы 23,7 метр болатын жылдам түсу бөлігі бар. Екінші сырғанау бөлігінің қисаю бұрышы 10,8 % және ұзындығы 250 метр. Бұл бөлікте қолайсыз жағдайда тежеуішті қолданбай сырғанату кезінде нашар жүргіншектерді төмендету жағдайын жояды және оларды тежеуішпен тоқтау кезінде орынмен қамтамасыз етеді. Екінші тежеуіш позициясынан кейінгі бағыттама ауданы бірінші төбешікте орташа қисаюы 1,5-2%, екінші төбешікте -1,5% бірге орналасады.

3.2 Тиелген ресурстарды жоғары өзіндік критерийі бойынша бөлу
Тиелген ресурстарды жұмыс түрі бойынша бөлу есебі – ұстап тұру минимумы критері бойынша, бірақ максимальді өндіру критері бойынша және ресурстардың минимальді шығыны бойынша тиелінеді. Бұл жағдай есеп
Л.В. Канторовичтің рұқсат етілген көбейтулер методімен шешіледі. Темір жол көлігі үшін мұндай есеп торап иегінде телімде және үлкен емес ауданда түрлі вагондарды бөлу болып табылады. Егер аудан вагондардың бос жүрісімен тиеу жеріне жетпей қалатындай өте кішкентай болса, онда вагондардың рацональді бөлігінің бірден-бір критерін орта статикалық күшінің максимумына жету болып табылады.

4 Қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігін басқару жүйесін жетілдіру мақсатында Ұлттық компанияда 2008 жылдың 21 наурызындағы «Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясы» АҚ мен оның тәуелді акционерлік қоғамдарындағы қауіпсіздік менеджменті мен еңбек қорғау жүйесі туралы №125-Ц бұйрығы шықты. Бұл бұйрықа ONSAS 18001 халықаралық стандарттың негізгі қағидалары есепке алынды. Қысқаша түсінік беріп өтер болсақ, мұнда басты назар олардың пайда болуы мен бағалану әдістемесінің көмегімен қауіп-қатерлерді басқаруды үйрену, жұмысшылар еңбек процесcі кезінде ұшырап жататын қолайсыз қауіп-қатерлерді жою үшін белгілі бір мақсаттар мен міндеттерді қалыптастыру, ішкі аудитті өткізу, қауіп-қатерлерді жою мен төмендетуге бағытталған талдаулар жүргізу т.б. шараларға аударылады. Сондай-ақ, жоғарыдағы бұйрық барлық деңгейдегі басшылардың, жұмысшылардың денсаулығы мен қауіпсіз еңбек жағдайында жауапкершілігін арттыруды көздейді. Компания бойынша 2008 жылы өндірістік жарақат 20 пайызға төмендеген болса, соңы қазамен аяқталған қайғылы оқиғалар 23 пайызға азайып отыр.

5 Еңбекті қорғау
Магистральді темір жол торабы темір жол көлігінің қор салымы үлкен, сонымен қатар, қызметкерлердің саны да көп саласының 6ipi. Сонымен 6ipre, қызметкерлердің айтарлықтай көп бөлігі жоғары кернеулі құрылғыларды күтімге алу және жөндеу үшін бекеттер мен аралықтардың өзінде, яғни, қауіптілікті жоғары аймақта жұмыс істейді.
Еңбекті қорғауды жақсарту, қауіпсіз, денсаулыққа зақым келмейтін жағдайлар мен жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету, өндірістік жарақат алу мен кәсіби аурулардың алдын алу, қызметкерлердің жұмыс қабілеттілігін сақтау, қауіпті және зиянды факторлардың жұмысшыларға әcepiн тигізбеу мақсатымен, Магистральді темір жол торабы Департаментінің шаруашылықтарындағы еңбекті қорғау жұмыстары жалпы алғанда салауатты, қолайлы жағдайлар тудыру мен еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған.

Қорытынды
Қазақстанның темір жол көлігі біздің халық экономикасының негізгі немесе халқымыздың ең бірінші қатардағы материалдық негізі болып саналады.
Қазіргі жағдайдағы темір жол көлігінің міндеті аз шығындармен жүктерді және жолаушыларды тасымалдауға деген экономикалық мұқтаждықтарды қанағаттандыру болып табылады.
Жоғарғы тасымалдау қабілеттілігі, қозғалыс реттілігі және автомобиль көлігіне қарағанда тасымалдаудың өзіндік құнының төмен болуы, темір жолды іс жүзінде маңызды экспортты жүктерді (мысалы, көмір, руда, металдар, астық, құрылыс материалдары сияқты) орташа және алыс қашықтықтарға тасымалдаудың баламасыз көлік түріне айналдырады.