Ақша есебінің ұйымдастырылуын зерттеу
Жоспар
Кіріспе 5
1 Ұйымда өндірістік қызмет пен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру 7
1.1 Ақша ұғымы, мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері 7
1.2 Ұйымның ұйымдық - өндірістік қызметіне сипаттама және негізгі көрсеткіштерін талдау 13
1.3 Ұйымда бухгалтерлік есепті және есеп саясатын ұйымдастыру 19
2 Ақша қаражаттарының есебі 24
2.1 Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша есебі 24
2.2 Есеп айырысу шотындағы ақша есебі 26
2.3 Кассадағы ақшаның есебі 33
3 Ақша қаражатының аудиті 40
3.1 Ақша аудитінің мақсаты, міндеттері және бағдарламасы 40
3.2 Кассалық операцияларды тексеру 46
3.3 Банк операцияларының аудиті 53
3.4 Ақша қозғалысын талдау 57
Қорытынды 63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 66
Кіріспе
Нарықтық қатынастар жағдайында ұйымдардың қаржылық жағдайы, төлем қабілеттілігі тікелей ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты.
Ұйымның ақшасы мен олардың қалыптасу көздерінің орналасуы – оның қаржылық жағдайын сипаттайды, сондықтан қолданыстағы ресурстарды тиімді пайдаланудың әсерін жоққа шығаруға болмайды. Ол жеткізушілер, банк мекемелері және бюджет алдындағы міндеттемелерді дер кезінде өтеуге мүмкіндік береді.
Ақшаның жетіспеушілігі, есептесулердің тоқтап қалуы, тауарлы – материалдық қорлардың кем болуы ұйымның қызмет процесіне кері ықпалын тигізеді.
Ұйымда өткізілуі қиын тауарлы – материалдық қорлардың шамадан тыс көп болуы, дебиторлық қарыздардың, әсіресе, оның күдікті бөлігінің жоғары болуы, ақшаның айналымдылығын бәсеңдетіп, ұйымның қаржы жағдайына кері әсерін тигізетіні сөзсіз.
Сондықтан «Қамқоршы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіштерді – ағымдағы активтерін талдауға үлкен көңіл бөлген дұрыс, әсіресе, ақшаның нысаналы мақсаттарға тиімді жұмсалуына баса назар аударған жөн.
Осылайша, ақшаны есепке алудың басты міндеті – экономикалық шешімдерді қабылдауға қажетті ақша жөніндегі мәліметтердің нақты, әрі шынайы болуын қадағалау: осы кезде қажетті нәтиженің дәл деңгейі нақты жағдайлар мен талдаудың мақсатына тәуелді болады.
Ақшаның түсуі мен ағымдық жұмсалуы уақыт бойынша бір – бірімен сәйкес келмейді, нәтижесінде ұйымның төлем қабілеттілігін ұстап тұру үшін қосымша қаржыландыру көлеміне қажеттілік пайда болады. Сондықтан ақшаны тиімді басқару капиталға деген қажеттілікті қанағаттандыру әдістерінің бірі ретінде қарастырылуы кездейсоқтық емес.
Осы аталған мәселелер дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігін сипаттайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты «Қамқоршы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі ақша есебінің ұйымдастырылуын зерттеу, оның қозғалысын талдау және есепке алынуын жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
• Ақша ұғымын танып білу және мәнін ашу;
• Іс жүзінде ақша есебінің ұйымдастырылуын, сондай – ақ бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуін қарастыру;
• Ұйымда ақшаның сақталу тәртібін зерртеу;
• Ақшаны аудиторлық тексеру әдістемесін зерттеу.
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін «Қамқоршы» ЖШС-нің 2003-2004 жылдардағы есеп мәліметтері, сондай – ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп саласындағы нормативтік – құқықтық ақпараттары, арнайы әдебиеттер пайдаланылды.
1 Ұйымда өндірістік қызмет пен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
1.1 Ақша ұғымы, мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері
Нарықтық экономикада ұйымдар арасында еңбек құралдарын сатып алу, өнімдерді сату, жалдамалы жұмыс күшінің еңбек ақысын төлеу барысында «төлем құралы» ретінде ақша қаражаттары пайдаланылады. Есептесу екі нысанда жүргізіледі:
• Банк жүйесі арқылы қолма – қол ақшасыз аудару жолымен;
• Қолма – қол ақшамен төлеу түрінде.
Ақшаны басқару қаржылық нарықтық күрделілігіне байланысты күннен – күнге үлкен маңызға айнала бастады. Бәсекеге қабілеттілік ұйымның одан әрі дамуы үшін қажетті ақшаны жеткілікті деңгейде табуды талап етеді. Ақша есебін дұрыс ашып көрсету және ұйымның өтімділігін бағалау үшін өте қажет.
Ақша қаражаттары есебінің, тараптар арасында есеп айырысу кезіндегі орнының ерекше екенін айта отырып, «ақша» ұғымының экономикалық мәніне тоқтала кеткеніміз жөн.
1.2 Ұйымның ұйымдық - өндірістік қызметіне сипаттама және негізгі көрсеткіштерін талдау
«Қамқоршы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қызылорда қаласының орталығында орналасқан.
Ол алғаш рет 1992 жылдың 19 қарашасында ҚР азаматы Хожбанов Әріптің жеке меншігіндегі қаражаттары негізінде өз қызметін бастады.
Ұйымның екінші рет 1 қазан 1996 жылы Облыстық Әділет басқармасында №1099 куәлікпен мемлекеттік тіркеуден қайта өтті.
«Қамқоршы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының заңдылықтарына және Ұйымның жарғысына сүйене отырып атқарады. Ұйымның жеке балансы, банкте есеп айырысу шоты, өзінің толық атауы жазылған мөрі бар.
Қазіргі уақыттағы серіктестіктің атқаратын қызметтерін төмендегіше көрсетуге болады:
1.3 Ұйымда бухгалтерлік есепті және есеп саясатын ұйымдастыру
Есеп саясаты – бұл ұйымның есептік нұсқасын, нұсқалар рұқсат еткен есеп объектілерін бағалаудың, сондай – ақ белгіленген нормалардың талаптарына және ұйым қызметінің ерекшеліктеріне орай бухгалтерлік есепті жүргізу мен ұйымдастырудың техникасының нысандарын таңдау.
Ұйымның есеп саясаты жалпылама қабылданған, белгілі бір қағидалар жиынына негізделеді. Ол бас бухгалтермен жасалынып, ұйым басшысымен бекітіледі.
Есеп саясатының басты міндеттері:
2 Ақша қаражаттарының есебі
2.1 Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша есебі
Ұйымдар өздерінің ақшалай қаржыларын сақтауға банк мекемелерінен арнаулы шот ашуларына болады. Бұл шотта ашылған аккредитивтердегі ақшалар, чек кітапшаларындағы ақшалар, банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар және басқадай құжаттардағы (вексельден басқа) ақшалар есептеледі.
Ұйым 421 «Аккредитивтердегі ақшалай қаржылар» шотында жабдықтаушылар мен басқа да ұйымдардың аттарына ашылған аккредитивтегі ақша қаражаттарын есептейді. Негізінен есеп айырысудың бұл түрі басқа қаладағы жабдықтаушылармен қолма – қол ақшасыз есеп айырысу үшін қолданылады. Есеп айырысудың бұл түрі басқа қолма – қол ақшасыз есеп айырысуға ұқсас болып келеді. Бұл есеп айырысу құжаты бойынша сатып алушы өзіне қызмет көрсететін банк мекемесі арқылы жабдықтаушының шоты ашылған, яғни оған қызмет көрсететін банктен аккредитив ашады. Есеп айырысудың бұл түрі 1931 жылдан бері қолданылып келеді.
2.2 Есеп айырысу шотындағы ақша есебі
Банк мекемелері ұйымдардың ақшаларын олардың шоттарында сақтап, түскен сомаларды есеп шоттарға қабылдайды, олардың ақшаларын шоттардан аудару және беру, сондай – ақ банктің тәртібі мен келісім шартында қарастырылған басқа да операцияларды жүргізу жөніндегі тапсырмасын орындайды.
Ұйымның есеп шотындағы ақшасы шот иесінің тапсырмасы бойынша ғана аударылады. Есеп шоттағы ақшаны ұйымның рұқсатынсыз аудару қолданыстағы заңдылықтарда қарастырылған жағдайларға сәйкес соттың, мемлекеттік салық комитетінің қызметінің шешімдерімен ғана жүргізіледі.
Ұйымдар қолма – қол ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандарынан төлем тапсырмасын пайдаланады.
Тараптардың өзара келісіміне сәйкес төлем тапсырмасы бойынша есеп айырысулар жедел, мерзімді және мерзімі ұзартылған болуы мүмкін.
Жедел төлем өнім тиелгенге дейін және өнім тиеліп жіберілгеннен кейін бірден төленеді.
Мерзімі ұзартылған төлем тараптардың қаржылық жағдайына зиянын тигізбейтіндей мәмілелер шегінде орындалады.
2.3 Кассадағы ақшаның есебі
Ұйымдар өздерінің шаруашылық қызметін жүзеге асыра отырып, заңда және жеке тұлғалармен ақшалай есеп айырысуға негізделген қарым – қатынастарға түседі. Есеп айырысулардың көп бөлігі қолма – қол ақшасыз тәртіпте, яғни банк мекемелері арқылы жүргізіледі. Ұйым банк мекемелері арқылы жүргізетін қолма – қол ақшасыз есеп айырысулармен қатар, касса арқылы қолма – қол ақшамен операцияларды да (еңбек ақыны беру, есеп беруге тиісті тұлғаларға аванстар беру, іс сапар ақысы және басқадай ұсақ шаруашылық қажеттіліктеріне ақша беру) жүргізіледі.
3 Ақша қаражатының аудиті
3.1 Ақша аудитінің мақсаты, міндеттері және бағдарламасы
Транзиттік экономика жағдайында аудиттің өте өзекті бағыты - ағымдағы активтің ең жылжымалы және толық өтімді элементтері қатарына жататын ақша мен оның баламаларының төлеу циклі мен қозғалысын тексеру болып табылады. Ақшалай операциялар қарқынды, кең ауқымды сипатта. Дәл осы учаскеде үлкен резервтер мен әртүрлі бұрмалаулар жасырынған.
Ақшалай және кассалық – банктік операцияларды жүргізу заңнамалық, жалпы мемлекеттік және басқа нормативтік актілермен жеткілікті түрде қатаң реттелген. Сондықтан төлеу циклі функциональды аудитін өткізуге дайындық кезінде қабылданған заңдардың, стандарттардың, бухгалтерлік есептің, аудиттің, ақша тасуын, қолданылуын, қаржылық бақылаудың нормалары мен ұйымдастыру ережелерінің талаптарын мұқият оқып білу керек.
3.2 Кассалық операцияларды тексеру
Кассада сақталатын ақша 451 «Ұлттық валюта түрінде кассадағы қолда бар ақшалар» және 452 «Шетелдік валюта түрінде кассадағы қолда бар ақшалар» 45 бөлімшесінің «Кассадағы қолда бар ақшалар» шоттарында ескерілуге тиісті.Осы шоттардың дебетіне кассаға түсетін ақша, ал кредитіне – кассалық есеппен шығатын ақша жазылады.Бұл шоттар бойынша жазбалар кіріс және шығыс кассалық ордерлер негізінде жасалады.
Ұйымның кассадағы ақша қозғалысын ішкі бақылаудың болмауы немесе жеткіліксіздігін білдіретін белгілері мыналар:
3.3 Банк операцияларының аудиті
Ақшалай қаражат аудитінде банктік операцияларын тексеруге көп назар аударуды талап етеді.Қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес ұйымдар өзенің ақшалай қаражатын қызмет көрсететін банк мекемелерінде сақтауға міндетті. Банк мекемелерімен есеп айырысу ағымдағы, корреспонденттік жинақ шоттарында ақша сақтауға, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер алумен, оларды өтеумен және қайта рәсімдеумен шоттарда жаңылыс жазулар жөніндегі талап – тілекпен байланысы туындайды. Ұйымдар арасындағы банк мекемелері арқылы есеп айырысулар есептесудің қолма – қол ақшасыз түрі бойынша атқарылады.
Ағымдағы шоттағы операциялардың аудитінде келесі жағдаяттарға назар аудару қажет:
3.4 Ақша қозғалысын талдау
Ұйымның ақша қаражаттарының қозғалысын талдау «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы» есептіліктің мәліметтері негізінде жүргізіледі. Бұл есептіліктің беретін ақпараттары:
• Ағымдағы есеп беру кезеңіндегі заңды тұлғалардан түсетін және талап етілетін ақшалай қаржылар туралы;
• Есеп беру кезеңі бойынша заңды тұлғалардың операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтері туралы мәліметтер.
Ақшаның жеткілікті мөлшерде екенін бағалау айналым кезеңінің ұзақтығын анықтау арқылы анықталады. Ол келесі формуламен анықталады:
Қорытынды
Жалпы қорыта келе, ақша есебінің орны ұйымның нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты қызмет етуі барысында зор екендігін, оның дұрыс ұйымдастырылуына әрбір ұйымның қаржы – шаруашылық қызметі тәуелді екендігін баса айтқанымыз жөн.
Зерттеу нәтижесі көрсетіп отырғандай, «Қамқоршы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бухгалтерлік есеп пен аудит және талдау жағдайы қанағаттанарлық. Банктердегі есеп айырысу шотындағы ақша, кассадағы ақша есебі Қазақстан Республикасы нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіледі.
Ұйым нан және нан өнімдерін өндіру сонымен қатар тауарларды сатып алып үстеме бағаны қосып қайта сатумен айналысады. Алғаш қызмет ете бастаған жылдары қаланы түгелге жуық дерлік нан өнімдерімен қамтамасыз отыратын.