АҚТҚ және ЖҚТБ деген не
Жоспар
1 Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы 3
2 Ашылу тарихы 4
3 Вирустың берілуі 6
4 АҚТҚ диагностикасы. АҚТҚ-ға тестілеудің түрлері 8
5 АҚТҚ-жұқпасын және ЖҚТБ-ны емдеу 10
1 Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы
АҚТҚ - адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы, ХХ ғасырдың 80-жылдарының басынан бастап танымал. АҚТҚ ағзаға түскен кезде біздің аурудан және жұқпадан қорғайтын иммундық жүйені бұзады.
Уақыт өте келе АҚТҚ-мен жұқпаланған адам жиі ауыратын болады. ЖҚТБ диагнозы (жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі) жұқпаланғаннан кейін әдетте бірнеше жыл өткесін қойылады.
ЖҚТБ - адамның иммундық жүйесінің бұзылуынан пайда болатын ауру. Иммундық тапшылық әсері салдарынан бір немесе бірнеше қауіпті аурулар дамуы мүмкін (пневмония, туберкулез, рак және т.б.), бұл аурулармен адам ағзасы күресе алмайды.
2 Ашылу тарихы
ЖҚТБ-ның этиологиясының нәтижесінде адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы 1983 жылы ашылды. ЖҚТБ туралы ең алғашқы ғылыми ресми баяндама ретінде, гомосексуалист-ер адамдарда кездескен белгілі емес пневмоцистік пневмония және саркома Капоши туралы 1981 жылы шыққан екі мақала болып табылады. 1982 жылдың шілде айында алғаш рет жаңа ауыруға ЖҚТБ термині қолданды. Осы жылдың қыркүйек айында гомосексуалистер мен нашақорлар, А гемофилиясымен ауыратын адамдарда бірнеше қатар оппортунистік жұқпалар диагностикасы негізінде ЖҚТБ ресми түрде ауыру деген мағынада қолданады. 1981 жылдан 1984 жылға дейін ЖҚТБ-ның таралыуының дамуы жыныстық қатынас арқылы және нашақорлықтың қауыпты екендігі туралы бірнеше жұмыс шықты. Оған қатар ЖҚТБ-ның індеттік табиғаты бар екендігінің гипотезасы бойынша жұмыс жүргізілді.
3 Вирустың берілуі
АҚТҚ ағзаның барлық биологиялық сұйықтықтарында пайда болады. Бірақ, зарарлануға қажетті қоздыруыштың керекті саны тек қанда, шәуетте, қынапта, лимфада және ананың сүтінде (ананың сүті тек нәрестелер үшін ғана қауіпті – олардың асқазандарында АҚТБ-ны өлтіретін асқазан қышқылы өнделмейді) болуы мүмкін. Індет адамның қан және лимфоток арқылы тікелей қауіпті биосұйықтықтыраның, сонымен бірге зақымдалған шырыш қабыршақтарына (бұл шырыштылардың сіңу қызметіне негізделеді) түсуі жолымен де болады. Егер АҚТБ-жұқпасының қаны басқа адамның қаңы жүріп тұрған ашық жарасына түскенде жұқпаның әсері болмайды.
АҚТҚ - тұрақсыз вирус - ағзадан тыс ортада, қанның (шәует және қынаптың) кебуінде өледі. Індет тұрмыстық жолмен берілмейді. АҚТҚ 56 С градусынан жоғары жағдайында лезде өледі.
4 АҚТҚ диагностикасы. АҚТҚ-ға тестілеудің түрлері
Қоздырғышты арнайы тест жүргізу арқылы табуға болады. Тест үрдісінің қорытындысы антиденені табу арқылы, қоздырғыштың ағзаға өтуі арқылы қалыптасады.
Бірінші тест - иммунндық-ферменттік талдау (ИФТ). Бұл-диагностиканың кеңінен тараған әдісі болып табылады. Жұқпадан 3 ай кейін ағзаға түскеннен соң, адам ағзасында иммуноферментті талдауды анықтай алатын антиденелер саны жинақталады. Теріс расталмаған нәтиже жұқпаға антиденелер жетілдірілмеген немесе ЖҚТБ-ның терминалды деңгейінде, яғни қан құрамында жұқпа өте көп болғандықтан CD-4 антиденелер жоқ дегенді білдіреді. Егер сіз теріс расталмаған нәтижеңізге көз жеткізгіңіз келсе, онда сізге 3 айдан кейін ИФТ өтудің маңызы бар.
5 АҚТҚ-жұқпасын және ЖҚТБ-ны емдеу
Өкінішке орай, қазіргі медицинада адамды АҚТҚ-жұқпасынан емдейтін құралдар жоқ. Бірақ, аурудың дамуын көпке тоқтататын препараттар және олардың қолдану сызбасы құрылды.
АҚТҚ - ретроқоздырғыш болғандықтан, АҚТҚ/ЖҚТБ-емдеу кезінде антиретроқоздырғыштық дәрі-дәрмек қолданылады. Кейде мұндай емдеуді белгілеу үшін «антиретровирустық терапия» деген термин қолданылады (АРВТ). Бұл препараттар АҚТҚ-ға нақты әсер етеді, оның ферменттерін жұмысын тоқтатып, жұқпаның дамуына жол бермейді.