Экологиялық пирамида
Мазмұны
Кіріспе 3
1. Экология мен экожүйенің тұрақтылығы мен динамикасы 4
2. Қоректік байланыстар 6
3. Экологиялық пирамида 8
Қорытынды 10
Қолданылған әдебиеттер тізімі 11
Кіріспе
Қазіргі әкеде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды. Экологиялық дағдарыс жағдайы шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.
«Экологиялық проблемалар – ең маңызды өмірлік проблемалардың бірі, өйткені әңгіме адамның өмір сүретін ортасы туралы, болашақ ұрпақтардың өмірі туралы болып отыр», дейді заманымыздың заңғар жазушы Шыңғыс Айтматов.
Экология – жер бетіндегі тіршілік атаулының қоршаған ортамен органикалық қарым-қатынасын жан-жақты зерттейтін биология,. Физиология, генетика, медицина, тіпті социология тәрізді көптеген ғылым салаларын біріктіретін, философиялық мәні терең, адамзат болашағы үшін маңызды зор ілім. Соңғы жылдары елімізде ортақ табиғат жайлы, экология зардаптылық жөнінде көптеген мәселелер көтеріліп, баспасөз беттерінде жиі жарияланып та келеді. Оның өзіндік сыры да бар.
1. Экология мен экожүйенің тұрақтылығы мен динамикасы
Экология – биология ғылымының негізінде 19 ғасырдың орта шешінде айқындала бастағанымен, оның өз деңгейіне көтерілуден, алғашқы экологиялық зерттеулердің элементтерің біз көне дәуір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Аристотель, Теофраст еңбектерінен көреміз. Табиғат құбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінде морфологиялық, физиологиялық бейімделушіліктерді оның қоршаған табиғи ортасына тәуелді екендігі шеңберінде экологиялық тұрғыдан қарастырады.
Қоғам мен табиғат бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, айналадағы орта мен адамның жеке-дара тіршілік етуі мүмкін емес. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау қоғамның да алға қарай дамуына негіз болады. Айналдыра ортаның қолайлы болуы адамның дұрыс білім алып, еңбек етуіне, материалдық жағынан қамтамасыз етілуіне ықпал етеді. Сондықтан әрбір адам табиғатты аялап сақтауға өз үлесін қосуы тиіс. Әрбір отырғызылған ағаш, тазаланған бұлақ сол табиғаттың бір бөлшегі екенін ұмытпаған жөн. Өзіміз иұрған жердің табиғатын сақтаймыз.
2. Қоректік байланыстар
Әрбір түр органикалық заттар ыдыраған кезде бөлінетін энергияның бір бөлігін ғана пайдаланады. Эволюция барысында әрбір биогеоценоздарда бастапқы қоректік заттан өзіне қажетті материалдар мен энергияны алатын, өзара бір-бірімен тығыз байланыста болатын түрлер тізбегі қалыптасқан. Көптеген түр (ағза) дараларының арасындағы мұндай күрделі байланыстарды қоректік тізбектер деп атайды.
3. Экологиялық пирамида
Биоценоздағы қоректік тізбектегі қоректің барлығы бірдей ағзаның өсуіне немесе биомассаның жинақталуына жұмсалмайды. Оның біразы ағзаның энергия қуатына: тыныс алу, қозғалу, көбею, дене температурасын ұстап тұруға жұмсалады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Молдыбекова Қ. С Тіршіліктану-экологиялық білім беру мен тәрбиелеудік негізі /К.С Молдыбекова// -М; 2003.-41б
2. Садыков Е.Б Экологиялық білім, тәрбие және мәдениет проблемалары, оларды шешу жолдары / Е.Б Садыков//-С; 2003-317б
3. Сүлейменов С.Қ-Қалдықсыз технология экология қызметіне /С.Қ Сүлейменов//-А; 1991.-128б
4. Жорабекова А.С. Экологиялық тәрбие-тұған өлкені сүюге баулу /А.С Жорабекова// Білім-2002.-№3-165 б
5. Таңатарова Қ.С. Экологиялық білім беру негізі /Қ.С Таңатарова// Қазақстан мектебі-2002.-№1-2.-42-44б
6. .Қосанов О.С Экология және адам экологиясы /О.С Қосанов// Қазақстан мек Дүниетану. Оқыту әдістемесі:Жалпы білім беретін мектептің 2 – сынып мұғалімдеріне арналған / К. Жүнісова – Алматы: Атамұра, 2000. – 144б
7. Дүниетану. Жалпы білім беретін мектептің 2 – сыныпына арналған оқулық/ К. Жүнісова – Алматы: Атамұра, 2004. – 168б