Қаржы құқығы
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 ҚАРЖЫ ҚҰҚЫҒЫ 5
1.1 Қаржылардың жалпы түсінігі 5
1.2 Қаржы құқығы құқық саласы ретінде 10
1.3 Қаржы құқығының пәні және зерттеу әдістері 13
ҚОРЫТЫНДЫ 18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 20
КІРІСПЕ
Бұл тақырыптың негізгі бөлімінде біз қаржылардың жалпы түсінігін қарастырамыз, яғни қаржылар дегеніміз не және ол қандай қызмет атқарады? Бұл сұрақтарға қысқаша тоқталатын болсақ, қаржылар бұл мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және тірегі, сондай-ақ оның міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептеледі.
Қаржылар экономикалық категория ретінде де айқындалады. Экономикалық мағынада қаржылар деп,мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру пайдалану жөніндегі қатынастардың жиынтығын айтамыз. Дәлірек айтсақ, экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады.
1 ҚАРЖЫ ҚҰҚЫҒЫ
1.1 Қаржылардың жалпы түсінігі
Қаржылардың қоғам өмірінде және жекелеген азаматтардың өмірінде алатын орны,олардың мұқтаждықтарын қамтамасыз ету жөнінде атқаратын рөлі өте зор екені әркімге белгілі.Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және тірегі,сондай-ақ оның міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептеледі.Қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикалық өсіп дамуына белсенді,пәрменді түрде ықпалын тигізеді.Бұл жерде күнделікті қоғам өмірінде,тіптен өндіріс аясында да көбінесе қаржыларды ақша немесе қаражат деп түсінетін айта кетуіміз қажет.Ақшалардың атақаратын функциясын білмейтін адамдар кемде-кем шығар.Ақшалар құн өлшеу,айналым,айырбас және тағы басқа құрал ретінде жалпыға бірдей құндалық баламасы көрсетеді.
1.2 Қаржы құқығы құқық саласы ретінде
Мемлекеттің қаржылық қызметін жүзеге асыру үшін,осы қызмет барысында пайда болатын қаржылық қатынастарды құқықтық реттеу қажет.Қаржылық құқық мемлекеттің қаржы жүйесінің және қаржылық қызметінің құқықтық негізі болып табылады.
1.3 Қаржы құқығының пәні және зерттеу әдістері
Мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру,бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар қаржылық құқықтың пәні болып табылады.
Мемлекетке қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттің немесе оның өкілетті органдарының іс-әрекеттері мемлекеттің қаржылық қызметі болып табылатындығын білеміз.
Қаржылар экономикалық категориялардың бірі болғандықтан жаңағы қоғамдық қатынастар жатады,ал осы экономикалық қатынастар жүйесіне кіретін қаржыларға байланысты қатынастар қаржылық қатынастар болып табылады.Қаржылық-экономикалық қатынастардың өздеріне тән ерекшеліктері мыналар:
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен қаржылар көпқырлы ұғым екенін байқадық.Қаржылар қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінде алатын орны,олардың мұқтаждықтарын қамтамасыз ету жөнінде атқаратын рөлі өте зор.Өйткені,қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және тірегі,сондай-ақ оның міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептеледі.
Экономикалық категория ретінде қаржылардың өте маңызды белгілері қаржылық қатынастардың бөлу сипатында болуы,ақша нысанындағы құнның теу біржақты қозғалысын білдіруі.Қорытынды ретінде айта кететін тағы бір жәйт,қаржылардың материалдық негізі өндіріс болып табылады.Өйткені шаруашылық субъектілерінің ақшалай табыстары мен экономикалық өнімді жасау және оны өткізу нәтижесінде құралады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. С.С.Найманбаева «Финансовое право».Астана,2005 г.
2. Н.Б.Мухитдинов «Қаржы саласындағы басқарудың құқықтық негіздері».Алматы,1994 ж.
3. Н.И.Химичева «Финансовое право».Учебник.Москва,1996 г.
4. В.Д.Мельников «Общии курс финансов».Учебник. Алматы,2001 г.