Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдар олардың саяси-құқықтық қатынастары
Жоспар
1 Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс және оның ыдырауы. Әскери демократия 3
2 Сақ тайпаларының қоғамдық-саяси құрылысы 4
3 Ежелгі ғұндардың мемлекеті 5
4 Үйсіндер мен қаңлылардың мемлекеті 6
Әдебиеттер 7
1 Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс және оның ыдырауы. Әскери демократия
Алғашқы қауымдық құрылыс адамдардың тарихының ең ұзақ кезеңі. Адамдар тас дәуірі, мыс дәуірі, қола дәуірі сияқты ондаған мың жылдарға созылған кезеңдерді бастан өткізді. Тарихты бұлай дәуірлеу өндіріс құрал-жабдықтарын пайдалануға және жетілдіруге байланысты болған.
Адамдар тас дәуірінде табиғаттың дүлей күшіне қарсы бірігіп күресу үшін тобыр ретінде өмір сүрді. Тобыр тәртіппен реттелмейтін адамдардың тобы. қажеттігі адамдарды біріктірді. Некенің түрі топтық неке болды.
Рулық қоғам туыстас адамдардың қауымдастығы. Экзогамиялық неке - ру ішінде некеге тыйым салыну. Рулық қоғамда биологиялық емес әлеуметтік көрсеткіштер үстемдік құра бастады.
2 Сақ тайпаларының қоғамдық-саяси құрылысы
Б.э.д. 8-3 ғғ Қазақстан мен Орта Азия жерлерінде сақ тайпалары өмір сүрді. Бұл әскери демократияның гүлденуі және мемлекеттің қалыптасу кезеңі. Алғашқы мемлекеттік белгілер байқалды. Рулар тайпалар тайпалық одақтарға бірікті. Тайпалық одақ - алғашқы мемлекеттік құрылым. Оларды көсемдер немесе сақ патшалары басқарды. Сақ патшасы - әскери басшы, ол соғыс және бітім мәселесін, көшіп-қону, көрші елдермен қарым-қатынастарды реттеді.
3 Ежелгі ғұндардың мемлекеті
Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы мемлекеттік құрылымдардың бірі, көшпелі тайпалар мемлекеттігінің алғашқы көрінісі – ғұндардың мемлекеті.
Ғұндар туралы алғашқы деректер б.э.д. ІVғ. Қытай жазбаларынан кездеседі..
Б.э.д. ІІІғ. басында ғұндар әскери көсем Тауманның басшылығымен үлкен көшпелі мемлекет құрды. Қытай деректері ғұндардың мемлекет басшысын шаньюй деп атаған. Ғұндардың өзі патшаларын тәңірқұты деп атаған. Ұлы Мөде тұсында мемлекет мейілінше күшейді.
4 Үйсіндер мен қаңлылардың мемлекеті
Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдарды құрушы ежелгі үйсін және қаңлы тайпалары.
Үйсіндер Жетісуға Орталық Азияның түпкірінен Дұңхуаң және Чилан тауы аралығынан б.э.д. ІІғ. шамамен 160ж.көшіп келген. Ол кезде үйсіндерді Нәнді би басқарған. Жетісуда үйсіндер өз мемлекетін құрды.
Үйсін мемлекетінің басшысы күнбегі болды. Ол мемлекетті өзі тағайындаған әскери әкімшілік ұлықтар арқылы басқарды. Үйсіндерде тақ әкеден балаға мұрагерлікке беріліп отырды. Тақ үшін мұрагерлер арасында қанды күрестер жиі болып тұрған.
Ру мен тайпаларды күнбегі тағайындаған бектер басқарды. Бүкіл үйсін елі сол қанат, оң қанат және орта деп үш әкімшілікке бөлінді.