Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның орны мен рөлі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары 5
2 Халықаралық лаңкестікке, экстремизмге және есірткі саудасына қарсы күрес 11
3 Халықаралық қауіпсіздік жүйесі дағдарыста 17
4 Қырып-жоятын қару-жарақ қаупі 23
5 Халықаралық қатынастар жүйесіндеп қазақстанның орны мен рөлі 27
6 Халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосылған зор үлес 32
ҚОРЫТЫНДЫ 37
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 38
КІРІСПЕ
Мақсаты бүкіл әлемде соғыс қауіпін болдыртпау, және мемлекетаралық қатынастың дамуы болып табылатын – халықаралық ұйым құру туралы ең бірінші 1945 жылы 4-17 ақпан аралығында Ялта (Крым) конференциясында антигитлерлік мемлекет басшылары (СССР дан – Иосиф Сталин, АҚШ тан – Франклин Делано Рузвельт, Ұлыбританиядан – Уинстон Черчилль) шешім қабылдады. Бұл сұрақ жөнінде мұндай ұсыныстар бұрын СССР, АҚШ, Ұлыбританияның 1944 жылғы 21 тамызынан 28 қыркүйек аралығында болған конференциясында қаралған болатын. Думбартон – Оксе (АҚШ). Әсіресе осы конференция Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) басты принциптерін, оның функциялары мен құрылымын анықтады. Ялта (Крым) конференциясында Рузвельт және Черчилль БҰҰ ның негізін қалаушылардың бірі ретінде өз келісімдерін берді. Антигитлерлік коалация басшылары 1945 ж 25 сәуірде Сан-Франциско конференциясында БҰҰ ны құру жөнінде шешім қабылдады.
1 Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары
Біріккен Ұлттар Ұйымының мың жылдық саммитінде БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан баяндама жасап, онда негізінен үш мәселені қозғады. Олар - әлемдегі кауіпсіздік, кедейшілікпен күрес және қоршаған ортаны қорғау. Бұлар XXI ғасырдың ең басты проблемалары ретінде айрықша аталып өтті.
Бірінші проблема - қауіпсіздік мәселесі. Ядролық, биологиялық және химиялық қаруды, сондай-ақ оларды жеткізу құралдарын (зымырандарды) тарату - ғаламдық және аймақтық деңгейде зор қауіп-қатер тудырып отырғаны баршаға мәлім. Халықаралық лаңкестердің жаппай қырып-жою қаруын пайдалану мүмкіндігі де қосымша қауіп төндіретіні сөзсіз.
2 Халықаралық лаңкестікке, экстремизмге және есірткі саудасына қарсы күрес
Егер XX ғасырдың бірінші жартысында лаңкестік құрылымдар әлемнің әртүрлі жерлерінде жеке-дара, бірікпеген қимыл жасаған болса және олар көбінесе ұлт-азаттық қозғалысы туының астында жүргізілген болса, бүгінде олардың көпшілігі ірі ұлтаралық ұйымдарға біріккен. Қазіргі кездегі коммуникация құралдары, әлемдік шаруашылықтың жаһандасуы, бір елден екінші елге өтудің жеңілдігі, жаппай көші-қонның (көбінесе жасырын) көбеюі осының бәрі ірі ұлтаралық лаңкестік ұйымдардың құрылуына алып келді. Іске басшылықта олар идеологиялық, діни, этникалык негіздерге сүйенді.
Лаңкестік қимылдардың жиынтығы «халықаралық лаңкестік» деген терминмен аталып, XXI ғасырдағы адамзаттың негізгі проблемасына айнала бастады. Көптеген эксперттің көрсетуінше, бұл проблема - жаһандастырудың теріс жақтарының бірі.
4 Қырып-жоятын қару-жарақ қаупі
Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы басты проблема - әлемде қауіпсіздікті сақтау болып табылады. 2002 жылғы маусым айында Азияда өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің бірінші саммитінде қабылданған Алматы Актісінде былай деп көрсетілді: «Ядролық қару-жарақтың, нақ сондай, химиялық және биологиялық қару-жарақтың сақталып отырған көлемі және оның барлық жағынан таралуы күллі адамзатқа елеулі қатер төндіреді. Мүше мемлекеттер жаппай қырып-жоятын қару-жарақты (ЖҚҚ) толығымен жоюға бағытталған күш-жігерді қолдауға уағда береді».
КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан Республикасы аумағында қалып қойған ядролық, химиялық және биологиялық қарулардың инфра құрылымын жою, оны азаматтық мақсаттарға қайта бағдарлау, экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар кешені жүргізілуде. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ядролық қарусыз мемлекет болуы үшін үш шартты орындауды ұсынды, олар: ядролық қаруы бар мемлекеттер тарапынан Қазақстанға болашақта ядролық қарумен шабуыл жасамау туралы кепілдіктің берілуі. Бұл талап орындалды:
5 Халықаралық қатынастар жүйесіндеп қазақстанның орны мен рөлі
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: халықаралық байланыстарымызды дамыту үшін бірнеше мәселені қатар шешуге тура келді, атап айтқанда, Қазақстанды халықаралық дәрежеде мойындатып, оңын қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету, әлемдік шаруашылық жүргізу мен экономикалық байланыстарға белсене араласу қажет болды, - деп атап көрсетті. Бұл аса қиын да күрделі міндеттерді орындау үшін дүниежүзі мемлекеттері басшыларымен, жетекші экономикалық алыптармен, халықаралық ұйымдармен келіссөздер жүргізілді, шетелдермен және халықаралық ұйымдармен 800-ден аса құжаттарға қол қойылды.
6 Халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосылған зор үлес
Семей полигонын жабу, ядролық қарудан бас тарту, баллистикалық зымырандарды ұшыру қондырғыларын жою жолымен Қазақстан халықаралық бейбітшілікті сақтап, кауіпсіздікті нығайтуға айтарлықтай үлес қосты.
Нұрсұлтан Назарбаев: «Жыл өткен сайын адамдардың денсаулығының негізі күйреп, нәзік табиғи орта бұзыла берді. Тән азабы да, рухани қасіретте біздің жүрегімізді әлі күнге сыздатуда. Ядролық есуастықтың бүкіл адамзат баласына қандай қисапсыз шығындар мең орны толмас құрбандықтар әкелетінін біз білеміз» - деп атап көрсетіп қана қойған жоқ, 1991 жылы 29 тамызда өзінің жарлығымен Семей ядролық полигонын жапты.
ҚОРЫТЫНДЫ
Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары: халықаралық қауіпсіздік, кедейшілікпен күрес және қоршаған ортаны қорғау әлемдегі мемлекеттердің сыртқы саясатының негізі болып табылады.
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Америка Құрама Штаттарының алатын орны ерекше. Сонымен қатар Германия, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Италия, Канада, Ресейдің әлемдік саясаттағы дипломатиясы мен іс-әрекеттері маңызды орынға ие. Қытай, Үндістан, Пәкістан мемлекеттерінің халықаралық қауіпсіздікті сақтаудағы іс-шаралары адамзаттың тағдырына әсер ете алады. Шығыс және Оңтүстік - Шығыс Азия елдері әлемдік экономиканың даму үлгісі болуда.
Ғаламдастыру кезеңіндегі технология саласында мемлекеттер арасындағы табыстарымен қатар, оның кейбір теріс ықпалдарының бар екендігі анықталып отыр. Таяу Шығыс дағдарысы күрделі күйінде қалуда. Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау қазіргі кезеңнің күн тәртібіне қойылып, бұл мәселеге әлемнің барлық мемлекеттері аса зор маңыз беруде.