Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық негіздері

Тип: Реферат

Объем: 15 стр.

Полный просмотр работы

Жерді қорғау

Жер пайдалану құқығы - бұл жер учаскесіне неліктен шығару құқығынсыз (сату, сыйлау және с.с) түрлі нысандарда пайда алу үшін жалдау шарты негізінде билік ету (иелену және пайдалану) мүмкіндігі.

Жер пайдалану құқығы:
• мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін мемлекеттік органдардың актілері негізінде тікелей мемлекеттен жалға алу;
• жер учаскелерінің жекеше (мемлекеттік емес) иелерімен жалдау шартын жасасу нәтижесінде жер пайдалану құқығын алу;
• жер пайдалану құқығын әмбебаптың мирасқорлық немесе заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы тәртібімен алу нәтижесінде туындайды.

Қызметтік жер телімі мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерде жұмыс істейтін адамдарға осы заңды тұлғалардың жер пайдалануындағы жерлерден ұзақ мерзімді уақытша өтеусіз – жер пайдалануға бөлінеді.
Жер қызметтік тұрғын үйді күтіп–ұстау, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, шөп шабу және мал жаю үшін беріледі.
Қызметтік жер теліміне құқығы бар қызметкерлер санаттарының тізбесі ҚР Ү –нің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі № 908 (1-қосымша) Қ-мен айқындалған.

Мемлекеттік меншіктегі жерден жер учаскесіне меншік және (немесе) жер пайдалану құқығын беру бойынша өтініштің негізінде:
• Жергілікті атқарушы органның тапсырмасымен Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитет сұралып отырған жер учаскесінің аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды, жер учаскесін алдын ала таңдауды ұйымдастырады.
• Жер учаскесін пайдалану туралы ұсынысты жергілікті өкілді органның депутаттары, жер ресурстарын басқару, сәулет және қала құрылысы жөніндегі аумақтық органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының (олар құрылған болса) өкілдері арасынан жергілікті атқарушы органдар құратын комиссия қарайды. Жергілікті атқарушы органның қалауы бойынша комиссияның құрамына басқа адамдар да енгізілуі мүмкін. Егер жер учаскелерін беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретіне кіретін болса, онда жергілікті атқарушы орган жерге орналастыру ісін өз шешімімен бірге жоғары тұрған органға бекітуге жібереді.
• Комиссия қорытындысының негізінде жерге орналастыру жобасы және жер учаскесін беру туралы немесе жер учаскесін беруден бас тарту туралы шешімінің жобасы дайындалады, оның көшірмесі өтініш иесіне шешім қабылданғаннан кейін 7 күндік мерзімде табыс етіледі. Жер учаскесіне құқық беруден бас тарту дәлелді болуға тиіс.

Жер учаскесінің нақтылы шекарасы белгіленгенге және құқықты куәландыратын құжат (акт) берілгенге дейін оны пайдалануға жол берілмейді. Аталған норманы сақтамау әкімшілік жауаптылықты көздейді.
Кәмелетке толмаған адамдардың жер учаскелерін мұрагерлік тәртібімен алған жағдайларды қоспағанда, жер учаскесіне құқық кәмелетке толғандарға беріледі.

Өтініште шаруа (фермер) қожалығының құрамы көрсетіледі.
Өтінішке шаруа (фермер) қожалығының басшысы және мүшелері қол қояды.
Өтінішке қосымша мыналар қоса беріледі:
- ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізудің қысқаша бағдарламасы;
- шаруашылық басшысының ауыл шаруашылығы өндірісіндегі еңбек қызметін растайтын құжаттар, не тиісті білімі немесе арнайы даярлықтан өткені (шартты жер үлесіне құқығы жоқ азаматтар үшін) туралы құжат;
- салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;

Оралмандар санатына жатқызылған азаматтарға уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, 10 жылға дейінгі мерзіммен жер беріледі. Жер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден, арнаулы жер қорынан, иммиграциялық жер қорынан және босалқы жерлерден беріледі, бірақ әкімдер өткізетін сауда - саттық (конкурстар, аукциондар) өткіз жалымен берілмейді.
Жеке қосалқы шаруашылық, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін жер учаскелері оралмандарға уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен ауылдық елді мекендер, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден, иммиграциялық жер қорынан, арнаулы жер жер қорынан және босалды жерлерден беріледі.
Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін берілген жер учаскелері. Жер кодекксінде белгіленген тәртіппенжәне шарттарда олардық жеке меншігіне өтеді.

Жер учаскесі үшін кадастрлық (бағалау) құнына тең баға бойынша төлемді толық енгізген тұлғаның (меншік иесінің) жер учаскесімен, оның нысаналы мақсатын өзгертпей, заңдарда тыйым салынбаған мәмілердің (сату, сыйға тарту, уақытша жер пайдалануға (жалға) беру және т.б.) кез-келген түрін мемлекеттік органдардан қандай да болсын рұқсат алмай-ақ жасасуға құқығы бар.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ.Айтхожин «Құқықтану» Алматы 2006 ж.
2.Баянов «Мемлекеттік құқық негіздері» Алматы 2003ж.
3.Құнқожаев «Құқық негіздері»