Мемлекеттік тіл университет кітапханасынан түлейді
Мемлекеттік тіл мәселесі - өте маңызды, мемлекеттік мәні бар мәселе. Әрбір жеке адам, әрбір ұжым, әрбір ұжымның басшысы осы іске тікелей ықпал жасап, оның шешілу жолдарын жан - жақты қарастырып, ізденсе көп нәрсенің шешуін табыға болар еді. Осы орайда мемлекеттік тілді дамыту, оның қолдану аясын одан әрі кеңейту және мәртебесін көтеру мәселесін барлық жерде кеңінен қолға алып, тікелей ұйымдастыру іс - шараларын жүргізу қажеттігін тұрақты күн тәртібіне қою керек. Өйткені мемлекеттік тіл қоғам өмірінде оның қолдану аясын одан әрі кеңейту, мемлекеттік тіл деңгейіне көтеру қажет.
Сондықтанда мемлекеттік саясаттың ең басты бағыттарының бірі болып табылатын - мемлекеттік тілді қолдану мен қамқорлыққа алу жұмыстары уақыт талабына сай жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар қазіргі таңда қызметтің қай саласы болмасын мемлекеттік тілді кеңінен енгізуге үлгі қағаздарының ықпалы зор. Іс - қағаздарын тек үлгі үшін ғана емес, күнделікті жұмыс барысында ұтымды әрі кеңінен қолданылу қажет.
Қазіргі заман талабына сай бітімгерлердің сапалы білім алуына үлкен жағдай жасайтын, университеттен алатын мамандықтарына сәйкес дұрыс ұйымдастырылған кітап қорының маңызы зор. Оқу жүйесіне сәйкес келетін оқулықтар қорын уақытылы және тез толтырып түру кітапхана қызметінің ең маңызды бөлігі. Сондықтан ғылыми кітапханада кітап қорының осы жағдайларды негізге ала отырып сапалы және қазақ тілінде толықтырылуына аса зор көңіл бөлінуде. Қажет оқулықтарды алу үшін, кафедра оқытушыларымен бірге прайс - парақтарынан оқу пәндеріне сай, оқырманның сұранымын ескере отырып оқулықтарға тапсырыс беріледі.
Биыл 2011 жылдың өзінде 2024 дана қазақ тілінде оқулық алынды. Оның ішінде А.Байтұрсыновтың 5 томдық шығармалар жинағы және т.б. қазақ тіліндегі құнды еңбектер.
Бүгінде ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов қазақ тіліндегі оқулық мәселесін мықтап қолға алды. Бірінші рет бюджеттен арнайы қаржы бөлініп, мемлекеттік тілдегі оқулықтар санын ұлғайтуды алға шығарды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен республикамыздың Жоғары оқу орындарындағы (ЖОО) қазақ тіліндегі оқулықтардың санын арттыру, сапасын жақсарту мәселесі қолға алынды. Бүл істе бастамашы Жоғары оқу орындары қауымдастығы болып табылады. Қауымдастықтан осы жылдың ішінде 430 данадай қазақ тіліндегі оқу құралдары Ғылыми кітапхана қорына келіп түсті.