Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Менеджмент

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 33 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Муниципалдық менеджмент


Жоспар
Кіріспе 3
I Қазақстан Республикасының экономикасын аймақтық басқарудың теориялық және әдістемелік аспектілері 5
1.1 Қазақстан Республикасының экономикасының мемлекеттік аймақтық басқару негіздері 5
1.2 Қазақстан Республикасының аймақтарындағы басқару жүйесін жетілдіру жолдары 11
II Муниципалдық менеджментке түсінік 15
2.1 Муниципалдық менеджментте бұл экономикалық білімдерінің системасы 15
2.2 Муниципалдық қызметтердің тұжырымының жоспарлау 18
III Алматы қаласындағы экономиканы мемлекеттік реттеу ерекшеліктері 22
3.1 Алматы қаласының экономикалық даму жағдайын талдау 22
3.2 Алматы қаласының экономикалық жағдайын көтеруге арналған стратегиялық жоспарлар мен жобалар 24
Қорытынды 30
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 33

КІРІСПЕ

Бүгінгі күнде қазіргі экономиканы тереңінен талдау қажеттігі, оның бүтіндей сипаттамасы, тұрақтылығы, әлсіз жағдайларын анықтау қажеттілігі өзекті тапсырмалардың бірі болып тұр. Әлеуметтік-экономикалық реформаларды ғылыми негіздеу үшін нарықтық қатынастардың дамуы мен қалыптасуы жағдайында үлкен мәнге аймақтық экономика ие болып отыр.
Қазіргі кезде негізгі шаруашылық ету қызметі аймақтарда жүзеге асырылады. Оларға өздігінен әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешуге және аймақаралық байланыстар жасауға мүмкіндік берілген. әр аймақ еліміздегі шаруашылық кешенді белгілі бір орынды алады, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, ұлттық және тарихи белгілері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар.

I Қазақстан Республикасының экономикасын аймақтық басқарудың теориялық және әдістемелік аспектілері

1.1 Қазақстан Республикасының экономикасының мемлекеттік аймақтық басқару негіздері

Соңғы жылдары экономиканы аймақтық басқару мағынасы көп қолданылып жүр. Қазіргі кезде, негізгі орынды әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мақсаттар, сонымен қатар еліміздің экономикалық даму жетістіктеріне жету жолдары алады.
Аймақтық экономика – бұл экономика білім жүйесіндегі ең маңызды салалардың бірі болып тадыблады. Аймақтық экономикалық пәні, Қазақстан Республикасының өндіргіш күштерін әлеуметтік-экономикалық аумақтық орналастыру және оның экономикалық салаларын дамыту, аймақтардың маңызды табиғи - экономикалық, демографиялық және экологиялық ерекшеліктерін, оған қоса аймақаралық, ішкі аймақтық және мемлекетаралық экономикалық байланыстарды зерттейді. Басқаша айтқанда, аймақтық экономиканы зерттеудің маңызды құралы болып қоғамдық ұдайы өндірістің кеңістіктік аспектісін зерттеу болып саналады.

1.2 Қазақстан Республикасының аймақтарындағы басқару жүйесін жетілдіру жолдары

Қазақстанның саяси өмірінде алдынғы орынға ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық мүддесі мен аймақтың даму қажеттігін ескеретін мемлекеттік саясаттың басты әрі тиімді бағыты бола алатын аймақтық саясатты жетілдіру шығып отыр.

II Муниципалдық менеджментке түсінік

2.1 Муниципалдық менеджментте бұл экономикалық білімдерінің системасы

«Менеджмент» түсінігі қазіргі кезде басқарудың тиімді түрі ретінде қаралады нарықтың экономикасын талаптарына сай келеді. Жергілікті жеке меншікті басқару формасы бойынша муниципалды менеджмент. Жергілікті өзін - өзі басқаруға ұқсас болып келеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында жарияланғандай.
Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін - өзі басқару танылады.
Жергілікті өзін - өзі басқаруға тұрғын халық тікелей сайлау жолымен, сондай – ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін - өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.
Сонымен қоса Қазақстан Республикасының конституциясына сәйкес Жергілікті өзін - өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібін заңмен белгіленген өкілеттігі олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі.

2.2 Муниципалдық қызметтердің тұжырымының жоспарлау

Муниципалдық Қызмет – бұл муниципалды менеджмент жүйесіндегі негізгі болып табылады. Бұл түйін экономиканы басқару процесін жүзеге асырады. Муниципалдық қызмет – бұл әкімият қызметкерлерінің барлық деңгейдегі (облыстық, аудандық, ауылдық және т.б.) іс – әрекеті. Бұл іс әрекеттің мағынасы нақты қызметте.

III Алматы қаласындағы экономиканы мемлекеттік реттеу ерекшеліктері

3.1 Алматы қаласының экономикалық даму жағдайын талдау

Бүгінгі таңда Алматы Қазақстандағы ғана емес, орталық - азиялық аймақтағы ірі мегаполистердің бірі болып табылады. Астана қаласына астана ауыстырумен басқарудың республикалық органдары көшкен болатын. Бірақ ҚР-ң Ұлттық банкі , ҚР-ң Ұлттық статистикалық агенттігі, бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссия және басқалар өз қызметін Алматы қаласында жалғастыруда.
Біздің қалаға ерекше мәртебе берумен; Алматы қаласы республиканың ірі өнеркәсіп, ғылыми, мәдени және қаржылық орталығы болып қалуда. «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы « Қазақстан Республикасының Заңы қаржылық, экономикалық және әлеуметтік ынталандырудың шараларын қабылдау жолымен Алматы қаласының ары қарай дамуын кепілдендіру мақсатында қабылданған және ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық ретінде қаланың ерекшелігін ескере, оның ерекше статусын анықтайтын құқықтық негізін бекітеді.