Отбасы құқығы
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ: ҰҒЫМЫ, НЕГІЗДЕРІМЕН ПРИНЦИПТЕРІ 4
2 НЕКЕГЕ ТҰРУДЫҢ ТӘРТІБІМЕН ШАРТТАРЫ 8
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 12
КІРІСПЕ
Отбасы — қоғамнын, бастапқы ұясы. Сондықтан мемлекет отбасына ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігінше оған көмек көрсетеді, кімнің болмасын оған заңсыз араласуына жол бермейді. Демек, мемлекет те адамдарға, некелі болып өмір құрған отбасына, белгілі мөлшерде талап та қояды. Талаптар коя отырып, мемлекет некелілерге, отбасына камқорлық көрсетуге міндеттенеді.
1 ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ: ҰҒЫМЫ, НЕГІЗДЕРІМЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне кабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады.
Отбасы құкығының пәнін құрайтын қоғамдық катынастар өзіндік (мүліктік емес), немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік қатынастар құқықтың басқа да салаларының, бірінші кезекте азаматтық құкықтың реттейтін пәнін құруы мүмкін. Бірақ, аталған қатынастардың басымдығы бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы кұкығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті — мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады.
2 НЕКЕГЕ ТҰРУДЫҢ ТӘРТІБІМЕН ШАРТТАРЫ
Отбасы құқығы бойынша неке — бұл «ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ» .
Некені занды түрде рәсімдеу дегеніміз оны азаматтық хал актілеріндегі жазу органдарында тіркеу болып табылады. Белгілі бір тәртіппен тіркелген некенің ғана құқықтық күші болады. Бұл ереже неке-отбасы зандарының негіздерінін бірі болып табылады («Неке және отбасы туралы» Заңның 2-бабының 3-тармағы).
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ.Айтхожин «Құқықтану» Алматы 2006 ж.
2.Баянов «Мемлекеттік құқық негіздері» Алматы 2003ж.
3.Құнқожаев «Құқық негіздері»