Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: География

Тип: Реферат

Объем: 6 стр.

Год: 2013

Полный просмотр работы

Орталық Қазақстан аумағы

Аумағы – 428 мың шаршы км
Құрамы – Қарағанды облысы
Халқы – 1411,7 мың адам
Халқының тығыздығы
1 шаршы км-ге 3,6 адамнан
Қала халқы – 86%
ҚР халқының 11%-дан астамы тұрады

Табиғат байлықтары . Тас көмір, мыс, темір және марганец кендері, полиметалдар, сирек және шашыранды металдар, әр түрлі отқа төзімді балшықтар, басқы да құрылыс материалдары бар .
Табиғат жағдайлары . Орталық Қазақстанның табиғат жағдайлары ауыл шаруашылығын, әсіресе егіншілікті дамытуға онша қолайлы емес .Жердің климаты республиканың басқа аудандардың климатымен салыстырғанда неғұрлым континентті , жазы ыстық және құрғақ, ал қысы суық, қары аз ,күшті жел соғып тұрады . Жауын-шашын аз жауады . Солтүстігінде Қарағанды және Қарқаралы ауданыңда жауын-шашынның мөлшері 300 мм-ге дейін жетеді, бұл суармайтын егіншілікпен айналысуға мүмкіндік береді.

Қара металлургия: Қазақстан экономикасының серпінді дамуын айқындайтын факторлардың бірі дамыған тау-кен металлургия кешенінің болуы болып табылады. Бұл ретте өндірілетін қара және түсті металлургияның айтарлықтай үлесі Қарағанды облысының аумағында орналасқан кәсіпорындарға тиесілі.
Қарағанды облысы жеткілікті өңдеуші кәсіпорындар жинақталғандықтан металл өңдеу жөніндегі кластерінің кәсіпорындарын ұйымдастыру үшін барынша дайын, бұл олардың арасындағы тиісті ынтымақтастықты ғана емес, өз кезегінде өнім сапасын жоғарлатуға алып келетін бәсекелестіктің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді.

Тарихы
Қарағанды облысының тарихы 1932 жылдан бастау алады. Сол жылы орталығы Петропавл қаласы болып белгіленген Қарағанды облысы құрылды. Арада төрт жыл өткенде ол екіге бөлінді. Біреуі Солтүстік Қазақстан аталып, екіншісі Қарағанды қаласы және 14 аудан қараған жаңа аймаққа айналды
1944 жылдың 31 желтоқсанында Теміртаудағы Қазақ металлургиялық қайта өңдеу зауытының бірінші мартен пешінің қатарға қосылып, қазақстандық тұңғыш болат алынды.
1947 жылы 12 миллион 565 мың тонна көмір өндіріліп, Қарағанды Одақтағы үшінші отын ошағы ретінде танылды. Қазақ металлургия зауытында екінші мартен пеші іске қосылып, экономиканың нығаюы басталды.