Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеудің алғышарттары
Банктердің тәжірибесінде қолданылатын несиелеу процесінің өзіндік алғышарттары болады. Әрбір банкте пайдаланылатын несиелеу механизмінің элементтері несиелік операциялардың сапалы сипатын бере отырып, олардың жүзеге асырылу техникасын білдіреді. несиелеу алғышарттары келесідей:
Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз ететін басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады. Сонымен қатар, банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін. Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш жасаған уақытта, банк несиелеудегі оның мүмкіндігін алдын-ала бағалау үшін есеп карточкасын толтыруы мүмкін. Онда - фирманың жетекшісі мен қарыз алушы өкілінің аты-жөні; Қызмет және меншік түрі; клиенттің заңды мекен жайы; есеп айырысу және валюталық шот ашқан банктің аты және реквизиттері; негізгі құрылтайшылары; ол сұрайтын несиенің мақсаты, сомасы және мерзімі; соңғы есептік күнге берілген баланс құрылымы және басқа да көрсеткіштер жазылады.