Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 69 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Бастауыш сыныптарының оқушылардың тілін дамытудың теориялық әдістері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың теориялық негізі 10
1.1 Сөз, сөйлеу және сөздік қор ұғымдарына сипаттама 10
1.2 Оқыту үрдісіндегі дұрыс сөйлеуді қалыптастырудың педагогикалық мәселелері 20
1.3 Бастауыш сынып – балалардың сөздік қорын байытудағы орны 28
2 Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту және сөз мәдениетін қалыптастырудың жолдары 35
2.1 Оқушылардың сөйлеу тілін қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстары арқылы дамыту 35
1.2 Үшінші сынып оқушыларының қазақ тілі сабағында сөздік қорын байыту жолдары 45
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік үшінші сынып оқушыларының тіл дамыту сабағындағы жұмыстарына талдау, қорытынды жасау 52
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61
Қосымша А 63
Қосымша Ә 67
Қосымша Б 68
Қосымша В 69

КІРІСПЕ
Қазіргі кезде бүкіл дүние жүзілік білім әлеміне кіру мақсатында Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу – тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру саласына жаңаша қарауда: мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды, оқушылардан танымдық, шығармашылық потенциялын дамытуды талап етеді. «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің 2011-2020 жж. даму мемлекеттік бағдарламасында» білім беруді жаңғыртудың нақты бағыттары жарияланған [1.26].

1 Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың теориялық негізі

1.1 Сөз, сөйлеу және сөздік қор ұғымдарына сипаттама
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді [12.21.]. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейге көтерілген кейінгі жылдары бұқара жұртшылық та ана тілі үшін белсенділік танытуда. Бірақ әлі шешілмей жатқан түйінді мәселелер де баршылық.
Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез-келген мемлекет өзінің аумақтық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды.

1.2 Оқыту үрдісіндегі дұрыс сөйлеуді қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «...бастауыш сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәжді қалыптастыруға және оқу қызметін білуге, оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын үйренуге, тілдік қарым-қатынастың қарапайым тәжірибесіне, өзін-өзі шығармашылдық тұрғыдан таныта білуге, ... база жасайды» [28. 6-8].
Аталған тұжырымдамада болашақ ұрпақтың өзіндік, дербес ойлауын, шығармашылдық қасиеттерін қалыптастыру мен дамытуды бастауыш сатыдан іске асыруды құптайды. Кез келген мәліметке, дерекке жан-жақты тоқталу, құбылысты, затты, оқиғаны түрліше шешім арқылы қабылдау негіздері бастауыш сыныптарда қаланады. Бұл қасиеттер өз кезегінде сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерімен тығыз байланысты.

1.3 Бастауыш сынып – балалардың сөздік қорын байытудағы орны
«ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық», - деген Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлықты сөзі – оны іске асырушы мамандарға бағдарламалық сілтеме. Қазіргі Қазақстан мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін, тәжірибесін пайдалана отырып, баланың жеке-дара күйінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа ақпараттық технологияларды іздестіруге және оларды қолдануға бағытталған.

2 Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту және сөз мәдениетін қалыптастырудың жолдары

2.1 Оқушылардың сөйлеу тілін қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту
жұмыстары арқылы дамыту
Қазақ тілі оқушыларға нәтижелі үйрету үшін оны оқыту әдістемесін жетілдіру – бүгінгі күннің басты мәселесі. Себебі, оқушылардың берілген білімді саналы түрде ұғынуын, өмірге деген өзіндік көзқарасының дамуы, басқа ғылым негіздерін меңгеру нәтижелері ана тілінде сөйлеу деңгейіне байланысты. Сол себепті де оқыту процесінде жетістіктерге жету үшін оқушыларға ана тіліміздің қыр-сырын ауызша сөйлеу тілін де, жазу мәдениетін де ұғындыруымыз қажет. Сондықтан оқыту технологияларын оқу мазмұнына оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынаудың маңызы зор.

1.2 Үшінші сынып оқушыларының қазақ тілі сабағында сөздік қорын байыту жолдары
Тіл дамыту– қазақ тілін оқытудың, білім мен тәрбие берудің ең маңызды да салмақты мәселесі. Ол арқылы жасөскінді тіл өнеріне баулу, қазақ тілінің қыры мен сырын терең меңгеру, ойын жатық та көркем етіп жеткізе білу, мәдениетті де сауатты жаза білу іс-әрекеттері жүзеге асады.
Тіл – бүкіл тіршіліктің алтын қазығы. Ғылымның, білімнің қай саласы болмасын ол тек тіл арқылы дамиды.

2.3 Тәжірибелік-эксперименттік үшінші сынып оқушыларының тіл дамыту сабағындағы жұмыстарына талдау, қорытынды жасау
Қазіргі заманның талабына сай білім беру үшін бүгінгі таңда оқытудың мазмұнын өзгерту, яғни білім беру сапасын арттыру қажеттілігі туындап отыр. Көптеген жаңа әдіс-тәсілдер оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланып келеді.
Оқушылардың білімін жаңа әдіспен, яғни рейтингтік жүйе бойынша бағалауға мүмкіндік береді. Яғни оқушылардың әр тақырып бойынша қорытынды бағасы оның жинап алған ұпайымен сәйкес қойылады. Жинаған ұпайларын оқушылар сабақ соңында кестеде тиісті нүктемен белгілеп отырады. Осы нұктелердің арасын үздіксіз сызықпен біртіндеп қосса, график шығады. Ол қушының даму мониторингі деп аталады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процес білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орында баланың білім білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Қазіргі педагогиканың ерекшелігі–баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шырғаруға ұмтылу.
Қазақстанның қоғамдағы түбірлі өзгерістеріне сай үздіксіз білім берудің бастауыш білім беру жүйелерінде елеулі жаңартулар туындауда.