Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 61 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Жүсіп Баласұғынның «Құдатғу білік» дастаны мен Абай шығармаларындағы үндестік

Мазмұны
Кіріспе 5
1 «Құдатғу білік»- түркі тілдес халықтардың бүкіл әлемдік мәні
бар бірден - бір көне әдеби ескерткіш 8
1.1 Жүсіп Баласағұн – ірі қоғам қайраткері, көрнекті тұлға 8
1.2 «Құтты білік» ескерткішінің тарихы танымның қалыптасуыныңкөркемдік-идеялық әсері 10
1.3 Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанының мәні 14
1.4 Ж. Баласұғынның және ХІХ-ХХ ғ., басындағы қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармаларындағы замана бейнесі 17
1.5 Жүсіп Баласұғынның қазақ ақындарымен сабақтастығы 23
2 Жүсіп Баласұғын «Құтты білік» дастаны мен Абай шығармаларындағы үндестік 28
2.1 Абайдың ақыл-парасат, ғылым, білім жайындағы ой-пікірлері 28
2.2 Екі ғұламаның оқу-білім жайындағы пікірлерінің сабақтастығы 31
2.3 Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы Ж.Баласағұнның
тәлім-тәрбиелік идеялары 41
2.4 Абай және Баласағұнның суфизмге қатысы 47
2.5 Жүсіп Баласұынның «Құтты білік» еңбегіндегі құқықтық мемлекет мәселесі 52
Қорытынды 56
Пайдаланған әдебиеттер 59
Қосымшалар 61

1 «Құдатғу білік»- түркі тілдес халықтардың бүкіл әлемдік мәні
бар бірден - бір көне әдеби ескерткіш
1.1 Жүсіп Баласағұн – ірі қоғам қайраткері, көрнекті тұлға
Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн - түркі халықтары тарихындағы қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті ақыны, есімі күллі Шығыс елдеріне мәшһүр болған данышпан ойшыл, атақты ғалым, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері.
Көне дәуірдегі түркі халықтары мәдениетінің тербеліп өскен бесігі Шу мен Іле өзені аралығында ұлан байтақ өлкеде XI ғасырда аты әлемге әйгілі ақын, философ, қоғам қайраткері Жүсіп Хас - Хаджиб Баласағұн музыкант отбасында дүниеге келген. Жүсіп туралы жазба деректер көзін ақынның өз шығармасы «Құдатғу біліктен» ғана табамыз.

1.2 «Құтты білік» ескерткішінің тарихы танымның қалыптасуыныңкөркемдік-идеялық әсері
Ежелгі Түркістанның батысы мен шығысында бірдей ІХ ғасырдан бастап-ақ ықпалды іргелі елдік құрған Қарахандар әулетінің билігі дәуірлеп тұрған заманнан (841-1212 ж.ж.) бізге жеткен Жүсіп Хас Хажибтың «Құтты білігі» адамзат өркениетінің өлмес қазыналарының баға жетпес асыл мұрасы. Осындай кең толғамды, тарихи, парасатты пайымдаулар мол ғылыми ойдың, ақындық өнердің үздік дара туындылардың дүниеге келуіне белгілі бір өркениетті ахуалдың құнарлы топырағы, тарихи-әлеуметтік орта тынысы мен қоғамдық саяси жағдайлардың заңдылықтары болғаны күмәнсіз.

1.3 Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанының мәні
Ұлы Абайдың ортағасырлық түркі туындысы «Құтты білікпен» таныс болғандығы еш күдік тудырмайды. Өйткені белгілі философ, ақынның немере інісі Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяндық куәліктерінен
XI ғасырдың түркі тілді ескерткіші - «Құтты біліктің» ақын кітапханасында бар болғандығы жөнінде оқуға болады.
Біз М.Фомайннің Жүсіпті «жауыққан жауынгер емес, қайта бейбітшілік сүйгіш мұсылман» деген пікірін қолдаймыз.[3.32.] Ойшыл діннің ең алдыңғы қатарлы конондарын жария етеді. Бірнеше ғасыр өткеннен кейін Абай да адамның ізгі қасиеттерін құдіретті деп атады. Демек, Абай да Жүсіп сияқты дінді өз гуманистік идеяларын жариялаудың неғұрлым нақты әдісі етіп алған.

1.4 Ж. Баласұғынның және ХІХ-ХХ ғ., басындағы қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармаларындағы замана бейнесі
Түркі әлеміне есімі мәшһүр болып, қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті ақыны, данышпан-ойшылы Жүсіп Баласұғын өнегелі ой-толғамдарын өзінің «Құтадғу білік» атты дастанында өрнектеп кеткен. «Құтты білік» дастанының төрт принципке негізделіп жазылғаны белгілі. Біріншісі – мемлекетті әділ басқару; екіншісі – бақ-дәулеттің елге құт болып даруын Айтолды бейнесі арқылы суреттеуі, үшіншісі – Өгдүлміш бейнесі арқылы берілетін ақыл-парасат, төртіншісі – қанағат-ынсап жайында. Бүгінгі біздің сөз еткелі отырған мәселеміз – ақынның замана құбылыстары, оның кейпі турасында айтқан ой-толғамдарының кейінгі ақындармен, яғни ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы қазақ ақындарының поэзиясының негізгі идеяларымен ұштасатынын ашып көрсету. «Ақын өзінің «Құтты білік» дастанын сөз түсінбес парықсыздарға емес, сөз қадірін білетін ақылды жандарға арнап жазғанын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады» [4.5.] Ақын шығармасында замана бейнесі «Заманның озғаны, достардың жапасы туралы» деген тарауда анық та ашық түрде беріледі:

1.5 Жүсіп Баласұғынның қазақ ақындарымен сабақтастығы
Түркі әлеміне есімі мәшһүр болып, қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті ақыны, данышпан-ойшылы Жүсіп Баласағұн өнегелі ой-толғамдарын өзінің «Құтадғу білік» атты дастанында өрнектеп кеткен. «Құтты білік» дастанының төрт принципке негізделіп жазылғаны белгілі. Біріншісі – мемлекетті әділ басқару; екіншісі – бақ-дәулеттің елге құт болып даруын Айтолды бейнесі арқылы суреттеуі, үшіншісі – Өгдүлміш бейнесі арқылы берілетін ақыл-парасат, төртіншісі – қанағат-ынсап жайында. Бүгінгі біздің сөз еткелі отырған мәселеміз – ақынның замана құбылыстары, оның кейпі турасында айтқан ой-толғамдарының кейінгі ақындармен, яғни ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы қазақ ақындарының поэзиясының негізгі идеяларымен ұштасатынын ашып көрсету. «Ақын өзінің «Құтты білік» дастанын сөз түсінбес парықсыздарға емес, сөз қадірін білетін ақылды жандарға арнап жазғанын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады» [8.25.]. Ақын шығармасында замана бейнесі «Заманның озғаны, достардың жапасы туралы» деген тарауда анық та ашық түрде беріледі:

2 Жүсіп Баласұғын «Құтты білік» дастаны мен Абай шығармаларындағы үндестік
2.1 Абайдың ақыл-парасат, ғылым, білім жайындағы ой-пікірлері
Абай өз халқының мәдениеті мен әлеуметтік ой - пікірінің асқар шыңы болса, ол қалдырған мұра біздің егеменді еліміздің болашағы бүлдіршіндерді тәрбиелеуде сарқылмас қазына, рухани байлық болып табылады. Абай - келешекке зор үмітпен қарады. Халқының сол келешек жарқын өмірге жетіп бостандық - теңдікке ие болуына, айқын жол сілтеді [11.6].
Ескілікке, кертартпалыққа қарсы тұрған Абай халықты еңбекке, өнер -білімге ұмтылуға шақырады. Тіпті оның өткір сынға құрылған шығармаларының өзінде халық өмірінің көкейкесті мәселелері жауап беруге тырысу айқын сезіледі, оның шығармаларындағы наразылық ағартушы - ақынның арман - мұраттарымен ұштасып жатады. Абай өз заманындағы жас ұрпаққа, «көкірегі сезімді, көңілі ойлы» адамдарға үміт артып, олардың жүрегін оятып, оларды өзінің озат мақсат - мұраттарына тартуға ұмтылды.

2.2 Екі ғұламаның оқу-білім жайындағы пікірлерінің сабақтастығы
Ойды өлең тілінде өрнектеудегі нақтылық пен толқаудағы айқындықтан да таным, білім табиғатының бірегйлігі көрінеді. Күлтелемей, көп көбелең сөзбен орағытпай ойдың көзін оятып ұсынады. Соқырға таяқ ұстатқандай дәйекті сөз. Өлең сөздің өрнек сөз емес, көрнекті сөз екенін сол бағзы күннің өзінде ұқтырғандай. Классикалық түркі поэзияның дәл дәстүрі, өз мінез – қыры дегеніміз де осы. Қос ойшылдың жеті - сегіз ғасыр әрідегі Орхон, Енисей жырларында осы леп, кесек, сөйлеп - кесіп айту, өте - мөте тән. Түркі поэзиясының поэтикасын алғаш рет зерттеушілердің бірі И. В. Стеблева: «Создание разными авторами и в разное время орхоно – енисейские поэтические тексты обладают тем иие менее общими чертами, позволяющими утверждать о существовании единой литературной традиции распространенный на общирной территории и длившейся несколько столетий» - деп жазады. [15.7.]

2.3 Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы Ж.Баласағұнның
тәлім-тәрбиелік идеялары
XI ғасырда өмір сүрген түркі данасы, ойшыл-ақын Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегінің негізгі идеясы педагогиканың ең маңызды мәселесі тәрбиеге негізделіп, оның мазмұнында педагогиканың жалпы негіздері, дидактика және тәрбие теориясының негізгі мәселелері, жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене, құқықтық, т.б. тәрбие мазмұны қарастырылады. Жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан алып қарасақ, «Құтты білік» дастанының бүгінгі адамзат қоғамы үшін құндылығы мынада болып табылады: 1) «Құтты білік» - халықтың құты, ырысы болған ілім; 2) әрбір адамға бақыт сыйлайтын, құт әкелетін білім; 3) ғасырлар бойында көзі ашық, көкірегі ояу кемел ұрпақтың бойына адамдық, азаматтық қасиеттерін, адалдық дәстүрлерін сіңіріп, жан-дүниесіне рухани күш дарытатын тәрбие тұжырымдамасы.

2.4 Абай және Баласағұнның суфизмге қатысы
Ислам діні дүниеге келіп, Мұхамед пайғамбар маңындағы сахабалар арасында тақуалық жолды ұстанғандары да болған. Ислам дініндегі 80-ге жуық ағымдардың бірегей күрделісі - суфизм ағымы. Осы суфизм ағымы орта ғасырдағы түркі халықтарының ой санасында, қоғамдық ой танымында қай дәрежеде орын алады, оның көрінісін неден көреміз деген сұрақтың көлденең қойылуы да заңды. Әрине, мұны біздер орта ғысырлық кезеңдегі жазба ескерткіштерден сопылық ой танымды білдіретін көне шығармалардан іздеп таба аламыз.

2.5 Жүсіп Баласұынның «Құтты білік» еңбегіндегі құқықтық мемлекет мәселесі
Түркі халқының дана ойшылдары мемлекетті басқарудың және билікті дұрыс ұйымдастырудың ең ұтымды жолы қоғамдық қатынастардың негізгі салаларын заңмен реттеу екендігін жақсы түсінген. Оның нақты дәлелі ұлы бабамыз Жүсіп Баласұғынның XI ғасырда жарық көрген атақты шығармасы «Құдатғу біліг», немесе «Құтты білік». Бәйіттер стилінде, өлеңмен өрнектелген трактаттар ойшыл ақынның түркі халқына кейіпкерлердің диалогтары арқылы айтылған өсиеттерге толы. Ж. Баласұғынның айтқан ойлары түркі халықтарының өмірінің ең өзекті бағыттарын қамтиды және оларды ізгілік пен әділет принциптерінің негізінде ұйымдастыруды көздейді.Халықтың және әрбір адамның жақсы өмірі болмай мемлекеттің дұрыс дамуы болмайды деген өзекті қағида айшықталады. [36.36].Ж. Баласұғын ислам дінін уағыздаушы ойшыл ретінде ақын адамзаттың ізгілікті жолға түсуін жаратқан Аллаһқа деген сенім, сүйіспеншілікпен байланыстырады. Күллі дүниені жаратушы, хақ иесі Аллаһтың жердегі елшісі Пайғамбарымыздың үмбеті болу дегеніміз оның жүрген ақ жолынан таймау, құранның жолымен жүру екендігіне Баласағұн ерекше ден қояды.

Қорытынды
«Құтты білік» тек қана әдеби мұра емес. Бұл бүтін бір тарихи кезеңнің сипаты - белгілерін сіңірген, қоғамдық - саяси, әлеуметтік бітімі қанық, моральдық - этикалық, рухани қазынамыздың негізі, арқауы дерлік құнарлы дүние. Қазақ халқының мәдениеті мен әдебиеттің бұрын - соңды зертеу, ғылым ретінде түспеген алуан қырлы ерекшеліктерін осы ұлы мұра бетерінен табармыз. Әрине, осыдан он ғасырға жуық бұрынғы поэманың тілдік - көркемдік ерекшелігі, қарапайымдау тұстар кездеседі. Соның өзінде, арнайы шешендікке, қызыл - сөзділікке салынбаған тегеуірінді, түбірлі тілдің, орамдары, тарихи мекен - жайлар, сөз толғамдары туысқан халықтармен қатар қазіргі қазақ тілі де үндес. Поэтикалық, қоғамдық -әлеуметтік мәні жағынан, философиялық терең тұжырымдармен дүниежүзіне жақсы танылып, тарап үлгерген «Құтты біліктен» туған еліміздің рухани, моральдық - этикалық тұлғасын, Қазақстан мәдениеті мен әдебиеттінің бай тарихы мен дәстүрін көреміз.