Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 59 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

Бағалы қағаздар нарығын талдау.


Мазмұны
Кіріспе 6
1 Бағалы қағаздар нарығының теориялық негізі 8
1.1 Бағалы қағаздардың экономикалық мәні 8
1.2 Бағалы қағаздардың түрлері және олардың жіктелуі 9
1.3 Бағалы қағаздар нарығының құрылымы мен қатысушылары 19
2 Бағалы қағаздар нарығын ұйымдастырудағы қор биржасының қызметін талдау 27
2.1 Қор биржасы мен қор нарығының функциялары 27
2.2 Листинг процедурасы, KASE биржасындағы листингті талдау 29
2.3 Бағалы қағаздардың инвестициялық қасиеттерін рейтингтік талдау 35
2.4 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қызметін талдау 42
3 Қазақстанның қор нарығының қалыптасу проблемалары, шешу жолдары, болашағы 47
3.1 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму болашағы мен проблемалары, оларды шешу жолдары 47
3.2 Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын институционализациялау 54
Қорытынды 57
Қолданылған әдебиеттер тізімі 59

Кіріспе
Капитализм таңында пайда болған бағалы қағаздар қазір де, яғни монополиялық және мемлекеттік-монополиялық капитализм жағдайында да қолданылып және дамып келеді. Қазіргі кезде бағалы қағаздар құрылымында, сонымен қатар олардың функционалдық механизмінде елеулі өзгерістер бар, сонымен бірге бағалы қағаздарды сату нарығының орны да өзгерді. Экономикалық қаржыландыру мәселесінде де бағалы қағаздар маңызды роль атқарып келеді. Бұл, акционерлік қоғамдарды, ұжымдарды қалыптастыру барысында бағалы қағаздардың атқаратын қызметі, сонымен қатар кәсіпорындар мен халықтың ақша жинақтарын экономикаға құю үрдістерін талдауды талап етеді.

1 Бағалы қағаздар нарығының теориялық негізі
1.1 Бағалы қағаздардың экономикалық мәні
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі бойынша бағалы қағаздар деп мүліктік құқықты бекітілген нысанда және міндетті деректемелерді сақтай отырып куәландыратын құжат.
Бағалы қағаздардың экономикалық мәнін ашуда құжаттың бағалы қағаздар мәртебесіне ие болуы үшін қосымша сапаларын анықтау қажет.
Біріншіден, бағалы қағаздар өз кезегінде меншік титулы нысанында мүліктік құқықты (корпорация акциялары, вексельдер, коносаменттер және т.б.) немесе құжат иесі мен оны шығарушы тұлға арасындағы қарыздық қатынасты куәландыратын ақша құжаты.
Екіншіден, бағалы қағаз қорларды инвестициялау туралы куәландыратын құжат ретінде қызмет етеді. Бұл әсіресе бағалы қағаздардың рөлі мен экономикалық мәнін түсіну үшін өте маңызды. Бұл жерде олар инвестицияның жоғары нысаны ретінде басты рөлде ойнайды.

1.2 Бағалы қағаздардың түрлері және олардың жіктелуі
Бағалы қағаздардың түрі түсінігінде бағалы қағаздарға тиісті жалпы және бірдей белгілердің жиынтығы. Бағалы қағаздар жіктелуін және бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуін айыра білу керек.
Бағалы қағаздардың жіктелуі – бұл бағалы қағаздардың өздеріне тиісті белгілері бойынша бөлінуі.
Бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуі – бұл бір түрдегі бағалы қағаздарды топтастыру, бағалы қағаздарды басқа да түрлерге бөлу. Өз кезегінде түрлерді одан әрі бөлуге болады. Әрбір төменгі жіктеу жоғары тұрған жіктеудің құрамына кіреді. Мысалы, акция – бағалы қағаздардың бір түрі. Қарапайым акция бір дауысты немесе көп дауысты, номиналмен немесе номиналсыз болуы мүмкін.
Уақыт сипаттамасы:

1.3 Бағалы қағаздар нарығының құрылымы мен қатысушылары
Бағалы қағаздар нарығы – барлық елдерде, өзіндік ерекшеліктері мен нарықтық реформалар жүзеге асатын аса ірі капитал нарығы. Осыған байланысты, Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының дамуы мен қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері бар.
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының пайда болуымен дамуының тарихын келесідей кезеңдерге бөлуге болады:
1. Бағалы қағаздар айналысының нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыру;
2. Тауарлық, валюталық және қор биржаларының құрылуы;
3. Брокерлік-дилерлік қызметтің пайда болуы;
4. Бағалы қағаздар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясын қалыптастыру;
5. Мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздардың пайда болуы;
6. Биржаларда туынды қаржылық құралдардың пайда болуы;
7. Бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссияның қызметтері Қаржылық қадағалау агенттілігіне берілуі.

2 Бағалы қағаздар нарығын ұйымдастырудағы қор биржасының қызметін талдау
2.1 Қор биржасы мен қор нарығының функциялары
Әлемнің көптеген елдерінде корпоративтік меншіктің акциялары қор биржаларында сатылады және сатып алынады. Нью-Йорк қор биржасын еш ойланбастан аса ірілердің бірі деп атауға болады. Онда жиынтық рыноктың құны шамамен 4,5 трлн. доллар болатын 2300 компанияның акциялары тіркелеген. Көлемі жағынан екіншісі Токио биржасы болып табылады, одан кейінгі Лондон биржасы тұр. Ірі халықаралық корпорациялар акциялары көбінесе әр түрлі елдердегі бірнеше қор биржаларына бірден жіберілуі мүмкін. Өнеркәсіптік дамыған елдердегі қор биржаларына қосымша көптеген дамушы елдер мен бұрынғы социалистік лагерь елдері де бағалы қағаздар рыногын құрумен айналысуда.
Сол жаңадан туындай бастаған рыноктар ауқымы соңғы жылдары таңқаларлық жылдамдықпен өсті. Мұнда бай елдерден миллиондаған доллар инвестициялық қор аударылды, ал инвестиция қарқыны өсуін жалғастыруда. 8-кестеде салыстыру үшін өнеркәсіптік дамыған елдердегі ірі қор биржалары мен туындай бастаған рыноктың көлемдері келтірілген. (7 кесте)

2.2 Листинг процедурасы, KASE биржасындағы листингті талдау
Қазақстан Республикасының қаржы нарығының бөлінбейтін бөлімдес құрылымының бірі бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Осы күні Республикада көптеген акционерлік қоғамдар, шаруашылық серіктестіктер, инвестициялық және сақтандыру компаниялары, мемлекеттік емес зейнетақы қорлары құрылуда. Бұл аталған субъектілердің барлығы потенциалды бағалы қағаздар нарығының қатысушылары болып табылады. Сондықтан олар өз қызметтерін эмитент және инвестор ретінде жүзеге асырады. Бағала қағаздар нарығын түсіну үшін алдымен мына төменгі қағаздардың биржалық операцияларының ерекшеліктеріне тоқтала кетелік.

2.3 Бағалы қағаздардың инвестициялық қасиеттерін рейтингтік талдау
Акциялар мен облигациялардың инвестициялық қасиеттерін және оларды шығарған эмитенттердің рейтингтік бағалауын тәуелсіз рейтингтік компаниялар анықтайды. Аналитикалық мәліметтер негізінде олар барлық бағалы қағаздарды потенциалды сатып алушы үшін сенімділік дәрежесіне байланысты топтайды. Бағалы қағаздарды таңдауда басшылыққа алатын негізгі құралы рейтингтік бағалау болып табылады. Қаржылық активтер үш топқа жіктеледі: жоғары сапалы бағалы қағаздар, орташа сапалы бағалы қағаздар, жоғары табысты бағалы қағаздар.

2.4 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қызметін талдау
Қазақстандағы қазіргі қалыптасқан жағдайды, яғни алғашқы нарықтың механизмі қайталама нарыққа қарағанда сәттірек жұмыс істеуі қалыпты жағдай болып сипатталмайды, өйткені қайталама нарықтың дамымауы бағалы қағаздар нарығының алғашқы нарығының масштабтарын кенет төмендетеді. Соңғы жылдарда қайталама нарықтың және жалпы бағалы қағаздар нарығының дамуын тежейтін бірқатар себептер пайда болды:

3 Қазақстанның қор нарығының қалыптасу проблемалары, шешу жолдары, болашағы
3.1 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму болашағы мен проблемалары, оларды шешу жолдары
Бағалы қағаздар нарығының дамуын тежеуші проблемаларының бірі – заң жағынан жетілмеуі. Қолданыстағы заң инвесторлардың мүдделері мен құқықтарын қорғау,инвестициялық қорларды басқарудың қызметі, туынды бағалы қағаздардың эмиссиясы мен айналысы және т.б. деген сұрақтарды толық шеше алмайды. Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының дамуына теріс әсерін тигізетін негізгі себеп – дамып келе жатқан қор нарықтарының әлемдік қаржылық дағдарысы. Бұл дағдарыс нәтижесінде шетелдік инвесторлар Қазақстаннан өз капиталдарын жедел шығара бастады. Сонымен қатар нарықтың қалыпты дамуына кедергі болған тағы да бірқатар субъективті себептер бар.

3.2 Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын институционализациялау
Қазақстандық қор нарығының салыстырмалы әлсіздігіне қарамастан, қазіргі кездегі қор нарығын мемлекеттік реттеу саясаты біраз алға жылжыды. Оған бағалы қағаздар нарығы туралы заңдағы түбегейлі өзгерістер дәлел бола алады, бірақ қор нарығының қатысушылары оны әлі де бағалаған жоқ. Бұл ең алдымен, инвестициялық банкингтің дамуы, инвестициялық қорлар арқылы ұжымдық инвестициялау және корпоративтік басқару принциптерінің бекітілуі. Қор нарығын жандандыру проблемаларын жүйелі шешу оптималды және тиімді, оның механизмін дұрыс ұйымдастыру жақын арада оң нәтижелер әкелуі мүмкін.

Қорытынды
Бағалы қағаздар нарығы және оның Қазақстан Республикасындағы дамуы ел экономикасына әкелетін пайдасы осы дипломдық жобада түгелдей дерлік зерттелді. Бағалы қағаздар нарығы экономикалық өркендеудің қозғалтқыш күші, капиталдың қайнар көзі болып табылады. Әлемдік тәжірибеге сүйенер болсақ, бағалы қағаздар нарығы қаржы ресурстары мен халық жинақтарын жұмылдырудың, ел экономикасындағы қаржы қаражаттарын оптималды қайта бөлудің тиімді механизмі болып табылады. Сондықтан Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын дамыту аса өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.