Менің кәсібім. Ом заңы. Сан есім, оның түрлері. Мамандық терминдерімен сөйлемдер құрастыру. Шәкәрім мәтінін аудару.
Жоспар
1 Менің кәсібім 3
2 Ом заңы 4
3 Сан есім, оның түрлері 8
4 Мамандық терминдерімен сөйлемдер құрастыру 10
5 Шәкәрім мәтінін аудару 11
Әдебиеттер 13
1 Менің кәсібім
Козырев Сергей мамандығы бойынша қаржыгер, бірақ программист және диджей болып істейді.
Менің ата-анам – қаржыгерлер, және мен бала күнімнен музыка мен компьютерге әуес болып өскеніме қарамастан, мен де сол қаржы факультетіне түсуді ұйғардым. Ақыры техникаға деген қызығушылық бәрібір ата-анамның өкілінен шықсам деген тілегімнен басым шығып, колледжді бітірген соң көп ұзамай мен бір компанияға программист болып жұмысқа орналастым, ал демалыс күндері диджей болып жұмыс істей бастадым.
2 Ом заңы
Ом заңы– электр тогының негізгі заңдарының бірі. Ом заңы – өткізгіштегі ток күшінің (І) осы өткізгіштің ұштары арасындағы кернеумен (U) байланысын анықтайды:
U=r*І (1) мұндағы r өткізгіштің геометриялық өлшемдеріне, электрлік қасиеттеріне және температурасына байланысты болатын пропорционалдық коэффициенті r – омдық кедергі немесе өткізгіштің берілген бөлігінің кедергісі деп аталады. Ом заңын 1826 ж. неміс физигі Г. Ом (1787 – 1854) ашқан.
Жалпы жағдайда І мен U арасындағы тәуелділік – сызықты емес, бірақ кернеудің белгілі бір аралығында оны сызықтық деп есептеп, Ом заңын қолдануға болады; ал металдар мен олардың құймалары үшін бұл аралық іс жүзінде шектеусіз. (1) түрдегі Ом заңы ток көздері жоқ тізбек бөлігі үшін орынды. Тізбекте ток көздері (аккумуляторлар, генераторлар, т.б.) болған жағдайда Ом заңы мына түрде жазылады:
3 Сан есім, оның түрлері
Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан есім жеке айтылғанда абстракт сандық ұғымдардың атауы болатындықтан, нақты мағыналары басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу кезінде, оларды сан жағынан анықтау барысында айқындалады. Сан есім өзі анықтайтын сөздің алдынан келіп, атау тұлғасында тұрады, субстантивтенгенде (заттанғанда) көптеледі, жіктеледі, тәуелденеді, септеледі. Сан есім морфол. құрамына қарай негізгі және туынды болып жіктеледі, оның дара, күрделі түрлері бар. Семантик.-морфол. тұрғыдан есептік, реттік, болжалдық, жинақтық, топтық, бөлшектік аталатын топтарға бөлінеді. Есептік Сан есім өзге Сан есім топтарының жасалуына негіз болады (мыс., бір, екі).
4 Мамандық терминдерімен сөйлемдер құрастыру
Бүгінгі таңда тіл үйретудің ең жоғарғы нәтижесі – студентті кәсіби маман ретінде тілдесімге шыға алатындай мақсатқа бағытталған. Осы арқылы жоғары білікті, кәсіби құзыретті маман дайындау көзделіп отыр. Өйткені қазақ тілін кәсіби салада оқыту мәселесін де қоғам өміріндегі қажеттіліктердің өзі туындатып отыр. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесі нығая түскен сайын, түрлі салалардағы кәсіби қазақ тілінің маңызы арта түсері сөзсіз. Себебі жақсы маман болумен қатар, тілдік білімі жоғары, мемлекеттік тілде кәсіби сөйлей алатын маманның компания, мекеме, мемлекеттік қызмет және қоғам үшін де алар орны, көтерер абыройы бөлек.
Қазақ тілін өзге тілді дәрісханада мамандық тілінде оқьпу — үлкен өзекті мәселе. Себебі, әр мамандық бойынша тілдік құрылымдар, қолданылатын сөздер, тілдік оралымдар (сөйлемдер мен сөйлемшелер) көп жағдайда қиындық туғызып жатады.
5 Шәкәрім мәтінін аудару
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және өлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күнке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.
Жеті жасында өкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады.
Әдебиеттер
1. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.
2. Менiң қазақ тiлiм. (Учебники для школьников с 1-го по 4-ый класс) Г.К. Досмамбетова, Алматы, «Раритет», 2003г.
3. http://kk.wikipedia.org