Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 41 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Екінші дәрежедегі банктер және олардың қызметі


Мазмұны

Кіріспе 3
1 Қазақстандағы Ұлттық банк жүйесі 4
1.1 Банктердің пайда болуы және дамуы 4
1.2 Банктің атқарымдары мен маңызы 9
1.3 Банктің маңызы 10
2 Банкілік нарық 16
2.1 Банкілік нарыққа сипаттама 16
2.2 Ұлттық банктің ақша - несие реттеуінің сипаттамасы 16
2.3 Міндетті резервтеу саясаты 23
3 Екінші дәрежедегі банктер және олардың қызметі 29
3.1 Екінші дәрежедегі банктер және олардың қызметіне сипаттама 29
3.2 Банктің активтері мен пассивтерін басқару 36
Қорытынды 40
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 41

Кіріспе

Ел Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауында өз орнын тапқан, онда «Мемлекет жекеше сектор басты роль атқаратын нарықтың заңды шеңберлерін құра отырып, экономикада маңызды бірақ шектеулі рөл атқаруға тиіс» - делінген.
Әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көтеріп отырғандай, әлеуметтік - бағдарламалы нарықтық экономикаға өту жағдайында кәсіпкерлікке көмек көрсету және оның дамуына жәрдемдесу теңдестірілген экономикалық өсуге жетуде елеулі нәтижелер береді. Банктер туралы түрлі-түрлі пікірлер айтылып жүр. Кейбір мамандар банкті кәсіп орны, мекеме,- дейді; екіншілері - экономикалық басқару орны, - дейді; үшіншілері - делдалдық ұйым,- дейді. Төртіншілері - несиелік кәсіпорны деп сипаттайды. Ал, күнделікті тұрмыста банкті ақша қоймасы деп түсінеді. Бірақ осы келтірілген пікірлердің бәрі де банктің не істейтіндігін, оның қандай операциялар жүргізетіндігін ғана анықтайды.

1 Қазақстандағы Ұлттық банк жүйесі

1.1 Банктердің пайда болуы және дамуы

Банктің пайда болу тарихы, қоғамдық еңбек бөлінісінің пайда болуымен, қолөнер мен кәсіпшілікті оқшауландыруды, сонымен қатар, саудалық мәмлелердің және төлемдердің өсуімен тығыз байланысты. Жоғарыда талай қайталанып айтылғандай, адам қоғамы дамуының бастапқы кезеңінде ақша орнында, маңызды тұтыну бұйымдары пайдаланылған (мал, астық, аңның және малдың, терілері т.б.) яғни, тауар-ақша болған. Айырбастау операцияларының өсуі осындай ақша баламасын жинау қажеттігін туғызды.

1.2 Банктің атқарымдары мен маңызы

Банктің атқарымдары жөнінде де, оның, мазмұны жөніндегідей экономикалық басылымдарда әр түрлі пікірлер айтылады. Көбінесе банктің атқарымы олардың жүргізетін операцияларымен теңестіріледі. Банктің барлық сыртқы орталық пен жасайтын қарым-қатынастарының банк операцияларына тән ерекшеліктерін ескеріп, банктің үш атқарымы бар деп түсіну керек. Оның біріншісі, кәсіпорындардың және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшаларын олардың банктегі шоттарына, депозитқа, әр түрлі салымдарға шоғырландыру болып табылады. Сөйтіп, банктер басқа кәсіпорындарына, жеке тұлғаларға, несие беру үшін тиісті ресурстар жинайды.

1.3 Банктің маңызы

Банктің мазмұны мен атқарымдары оның экономикадағы маңызын көрсетеді. Банктің маңызы деген сөзді, оған жүктелген міндеттер деп түсіну керек, яғни, ол не үшін керек, неге қолданылады, не үшін дамиды. Банктің атқарымдары сияқты, оның маңызы да ерекше. Банктің айырбастау саласында істейтіндігін ескерсек, оған жүктелген міндеттер мен оның экономикаға тигізетін ықпалын, осы сала арқылы қарау керек. Солай болса, банкіге жүктелген міндеттер мыналарды қамтамасыз етеді:

2 Банкілік нарық

2.1 Банкілік нарыққа сипаттама

Бұл, банктің ресурстары мен өнімдеріне (олардың көрсететін қызметтеріне) ұсыным мен сұранымды анықтайтын сала. Қазақстанның егемендік алғандығынан бері 10 жыл өтсе де, банкілік нарық әлде де өркениеттік жағдайына жеткен жоқ деп ойлаймын. Оған себеп, осы жылдардың ішінде экономика дағдарыс жағдайында болды. Мемлекет пен қаржылық қарым-қатынаста да тұрақтылық болмады, барлық экономикалық тұрмысты, уақытында төленбеген төлемдер құрсаулап қалды. Тіпті, жұмысын тұрақты жүргізіп жатқан кәсіпорындарда, жөнелтілген өнімдеріне төлем ала алмайтын болды. Оның үстіне банк жүйесінде де көп жыл бойы тұрақтылық болмады. Бірінен соң бірі банктер банкротқа ұшырап жатты. Жоғарыда айтылғандай 1994 жылы 230 банк болса, кәзір не бәрі 47-ақ банк жұмыс істейді.

2.2 Ұлттық банктің ақша - несие реттеуінің сипаттамасы

Экономикасы өркендеген басқа елдердегідей, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі экономиканы реттеуді тікелей өзі емес, а ақша — несие жүйелері арқылы жүргізеді, Сонымен қатар, ақша - несиелік әсер етудің, жолдары мен әдістерін таңдау Ұлттық банк жүйесінің ерекшелігінен, елдің экономикасының бағдарынан тәуелді. Осыған байланысты, және басқа елдердің Орталық банктерінің тәжірибесін ескеріп Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі экономикаға әсерін тигізу үшін мынандай құралдарды пайдаланады. Дисконттық (есептік және кепілдік) саясаты. Бұл несиені реттеудің тарихи ескі әдісі. Коммерциялық банктер өзінің, вексельдерін орталық банкіде қайта есепке алады, немесе олардан өздерінің қарыздық міндеттемесін беріп, құнды қағаздарын кепілдікке қойып, несие алады.

2.3 Міндетті резервтеу саясаты

Жоғарыда айтылғандай, Қазақстан Республикалық Ұлттық банкісінің басты міндетінің бірі, қарызгерлер мен клиенттердің мүддесін қорғау. («Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі туралы» Заңның 7 бабы). Осы міндетті орындау үшін және екінші дәрежелі банктердің сақтандыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі арнаулы резервтік шотта сақталуға тиісті қаржының ең төменгі деңгейін белгілейді. Мұндай практика барлық, экономикасы өскен елдерде қолданылады.

3 Екінші дәрежедегі банктер және олардың қызметі

3.1 Екінші дәрежедегі банктер және олардың қызметіне сипаттама

Қазақстанда жұмыс істеп жүрген банктердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінен басқасының бәрі, екінші дәрежелі банктер болып есептеледі. Олардың қызметтерінің заңды негізі, Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 31 тамызда шыққан №2443, заңдық күші бар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы», жарлығы. Қазақстан Республикасында бұл банктер ашық және жабық акционерлік қоғам болып қалыптасты. Аталмыш заңға сәйкес, Қазақстандағы екінші дәрежелі банктер Заңды тұлға болып табылады. Олардың бәрі, меншіктігіне қарамастан, коммерциялық жұмыспен шұғылданады.

3.2 Банктің активтері мен пассивтерін басқару

Шетелдік банктердің тәжірибесіне қарағанда, банк қызметінің алға басуын қамтамасыз ететін стратегиялық бағдарланумен қатар, олардың менеджменттік, маркетингілік белсенділігінің дәрежелерін бөлек қарау керек. Тікелей айтқанда, «Менеджмент» деген ұйымдастыру мен басқарудың оңтайлы жүйесі. Осыған байланысты банктің менеджмент деген сөз, банктің және оның ұжымының қызметтерін ұйымдастыру және басқару жүйесі деуге болады. Банк менеджментінің негізгі мақсаты басқарудың ең оңтайлы жүйесін қолданып, пайда табу.

Қорытынды

Ұлттық банктің статистикалық көрсеткіштері бойынша республикада екінші деңгейдегі 55 банк тіркелген: оның ішінде 1 мемлекеттік банк, яғни жарғылық капиталының 100%-і республика үкіметінің қатысуымен құрылған; 1 мемлекетаралық банк; 22 шетелдердің қатысуымен құрылған (резидент емес банктердің еншілес банктерін қосқанда) банктер, Республика шетел банктерінің 17 өкілдігі ашылған. Республикада сондай-ақ тіреуден өткен 44 ломбард, 7 несие серіктестігі және кейбір банктік операция жүргізетін 46 басқа мекемелер бар, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазыналық департаменті, оның 14 облыстық басқармасы мен Алматы қалалық басқармасы; Ұлттық банктің Қазақстандық банк аралық есеп айырысу орталығы; «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталығы», Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны; «Қазақстандық қор биржасы» ЖАҚ; «Бағалы қағаздар Орталық депозиттері ЖАҚ», «Кіші кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ; «Қауымдастықтарды несиелеудің Қазақстандық қоры», «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» ЖАҚ; Қоғамдық қор және т.б.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. ав. Баян Көшенова Алматы «экономика» 2000ж.
2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы» ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлығы 1995 ж.