Кәсіпорынның айналым капиталы ААҚ «ТҰК Казхром» мысалында
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ 3
I-ТАРАУ. Компанияның айналым капиталын пайдалану тиімділігі 5
1.1 Компанияның айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы. 5
1.2 Компанияның айналым капиталын және қорларын пайдалану мөлшері және тиімділігінің көрсеткіштері 10
II-ТАРАУ. ААҚ «ТҰК Казхром» экономикалық қызметін талдау 14
2.1 ААҚ «ТҰК Казхром» құрылуы және органдары, қызметі, мақсаты, мүлігі және капитал 14
2.2 Компанияның капиталын және мүлкін пайдалану тиімділігі, техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау 17
III-ТАРАУ. Компанияның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары 22
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 27
КІРІСПЕ
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - компания. Сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техника мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі.
Кез келген компанияның қаржылық жағдайы, төлем және несие қабілеттілігі оның қажетті айналым капиталымен қамтамасыз етілуімен байланысты.
Айналым капиталы компанияның өндірістік процесіне тікелей қатысып, өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтайтын маңызды элемент болып табылады. Қаржы менеджерлері үшін айналым капиталының құрамы мен құрылымы, олардың көлемі, активтерді қолданудың тиімділігі негізгі талдау және жоспарлау объектісі болып табылады. Айналым капиталын тиісінше қажетті қаржы көздерімен қамтамасыз ете білу де маңызды болып табылады, түптеп келгенде айналым капиталын қаржыландыруды ұйымдастыру деңгейі олардың тиімді қолданылуының маңызды факторы болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты - компаниядағы айналым капиталдарының тиімділігін арттыру, және оларды жетілдіру жолдарын анықтау. Себебі бұл қазіргі кездегі ең өзекті мәселе болып табылады.Компанияның өмірі оның негізгі және айналым капиталдары айналысынан жалғасып отырады. Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігіне олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Өйткені өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығындармен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым капиталының төмендетілген мөлшері компанияның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеліп соғады.
Курстық жұмыс үш тарауға бөлінген. Бірінші тарауда айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы және пайдалану тиімділігі көрсеткіштері теориялық тұрғыда қамтылған.
Екінші тарауда теориялық тұрғыны практика жүзінде, компания мысалында талдау жұмыстары жүргізілді. Яғни ААҚ «ТҰК Казхромның» қызметі, мақсаты және оның айналым капиталының тиімділігін көрсететін көрсеткіштері талданады.
Үшінші тарауда компанияның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары көрсетіледі.
I-ТАРАУ. Компанияның айналым капиталын пайдалану тиімділігі
1.1 Компанияның айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы.
Компанияның іс - әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт - қолда бар айналым қаражаттарының болуы. Айналым капиталы - бұл өндірістік айналым қорларын құру, айдалану және үздіксіз өндірістік роцестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым капиталының мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым капиталы өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.
1.2 Компанияның айналым капиталын және қорларын пайдалану мөлшері және тиімділігінің көрсеткіштері
Өндірістік запастардың негізгі элементтері бойынша, ақша нысанындағы, айналым құралдарының мөлшері мына формуламен есептеледі:
Н= Р*Д
Р- материалдардың орта күндік шығыны;
Д- айналым құралының берілген элементі үшін орташа запас мөлшері.
Айналым капиталының орташа запас мөлшері (Д) біртекті немесе әр түрлі материалдар үшін ағымдағы уақытты (Т), сақтандыру (С), транспорттық (М), технологиялық (Ф) запастар, және жеткізу, түсіру, қоймаға апару (П):
Д= Т+С+М+Ф+П.
Ағымдағы запас- запастың негізгі түрі. Оның көлеміне келісімдер бойынша жөнелту, өндірісте пайдалану көлемі әсер етеді.
Ағымдағы запастағы айналым құралдар мөлшері жабдықтаудың орташа циклының 50% көлемінде қабылданады.
Аяқталмаған өндірісте айналым капиталы мөлшері (Н) мына формуламен анықталады:
II-ТАРАУ. ААҚ «ТҰК Казхром» экономикалық қызметін талдау
2.1 ААҚ «ТҰК Казхром» құрылуы және органдары, қызметі, мақсаты, мүлігі және капитал
ААҚ «ТҰК Казхром» 1995 жылы құрылды. ААҚ «ТҰК Казхром» құрамына: 1968 жылдың 18 қаңтарынан жұмыс жасайтын (феррохром, ферроселиция, ферросиликохром, ферроселикомарганец, ферромарганец өнеркәсібі), «Ақсу ферробалқыту заводы», АҚ «Феррохром» (ферросилихром, жоғары-,орта-,төмен- көміртекті феррохром өндірісі) және ААҚ «Донской ГОК» (алдыңғы екі өнеркәсіп үшін хром рудаларын игереді және өңдейді) өнеркәсіптері кіреді.
Қазақстан Республикасының құнды қағаздар бойынша Комиссиясының шешімі бойынша, 1999 жылдың 20 шілдесінен бастап, ААҚ «ТҰК Казхром» халықтық ашық акционерлік қоғам статусына ие болды.
2.2 Компанияның капиталын және мүлкін пайдалану тиімділігі, техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Қоғамның мүлкі және капиталы.
Қоғамның мүлкін негізгі және айналым қорлары, және құны өзіндік баланста көрсетілетін басқада мүліктер құрайды. Мүлік Қоғамның жеке құқығында болады.
Қоғам мүлкінің құрылу көздері:
• Акционерлердің жарғылық капиталға салымдары;
• Қоғам қызметінен түскен түсім,
• Қоғамның шаруашылық қызметі нәтижесінде өндірілген өнім;
• Қазақстан Республикасының заңымен тиым салынбаған басқада көздер.
Қоғамның жарғылық капиталы 7.903.485.000 теңге, 7.147.485 жай акцияларға бөлінген, бір акцияның құны 1000 тенге; және 756.000 арнайы акциялардан тұрады, бір акция құны 1000 тенге.
Жай акция акционерге сұрақтар шешіміне дауыс бере отырып, Толық акционерлер жиналысына қатысуына құқық береді. Қоғамның таза табыс көлеміне байланысты дивиденд алу, Қоғам жұмысы тоқтатылған жағдайда қоғам мүлігінің бөлігін алуға құқы береді.
III-ТАРАУ. Компанияның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары
Компанияның қаржылық жағдайы, оның төлем қабілеттілігі өндіріске салынған активтердің айналымдылық деңгейінен тәуелді болады. Айналымдылық көрсеткіштері қаншалықты жоғары болса, соншалықты өндіріске салынған активтер нақты ақша қаражаттарына жылдам айналады, яғни компания өзінің қарыздық міндеттемелерін уақытылы орындай алады.
Компанияның айналым капиталының айналымдылық деңгейі әр түрлі болады. Активтердің айналымдылық көрсеткіштері компания мүлкінің құрылымын анықтайды және компания активтерінің жекелеген түрлерінің (негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың, дебиторлық қарыздың) айналым жылдамдығынан тікелей тәуелді болады.
Айналым капиталының айналым ұзақтығы көптеген сыртқы және ішкі факторларға байланысты болады. Сыртқы факторларға келесілерді жатқызуға болады:
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келсек, айналым капиталы – бұл компанияның өндірістік циклының әрбір кезеңіндегі ағымды операцияларына салынған қаражаттарының жиынтығы. Олар өздерінің жоғары өтімділіктерімен сипатталады. Айналым капиталының өтімділік деңгейі олардың өндірістік айналым барысында ақша қаражаттарына айналу қабілетімен анықталады.
Өндірістік немесе басқа коммерциялық қызметті жүзеге асырушы компания нақты қаражаттармен, өндірістік негізгі және айналым капиталдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Айналым капиталы компанияның қызмет етуіне қажетті мүліктің негізгі құрамдас бөлігі болып саналады.
Айналым капиталы тек өзінің өтімділігімен сипатталып қоймай, құрамы мен құрылымы тұрғысынан да сипатталады. Бұл көрсеткіштер компанияның айналым капиталын басқарумен тығыз байланысты болып келеді. Әр түрлі шаруашылықта айналым капиталының құрамы мен құрылымы алуан түрлі. Ол компанияның меншіктік, өндірістік, сатушылар мен сатып алушылардың өзара қатынасы ерекшеліктеріне, өндірістік шығындар құрылымына, қаржылық жағдайына байланысты.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Р.Ә.Әмірқанов, А.Қ. Тұрғұлова.Қаржы менеджменті; Алматы, 2002
2. Балабанов И.Т Риск-менеджмент М:Финансы и статистика. 1996
3. Стоянова Е.С. Финансовый менеджмент .-М: Перспектива, 1997
4. Бланк И.А. «Управление активами»,
5. Нурсеитов А.А. «Финансовый менеджмент» Учебное пособие. Алматы. 1996г.
6. Павлова Л.П. «Финансовый менеджмент» М: 1996 г.