Халықаралық экономикалық қатынастардағы мұнайдың стратегиялық ролі
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Халықаралық экономикалық қатынастардағы мұнайдың стратегиялық ролі 5
1.1 Әлемдік мұнай нарығының жалпы сипаттамасы 5
1.2 Каспий аймағының мұнай нарығындағы маңыздылығы 12
КІРІСПЕ
Орталық Азияның батыс бөлігі Қазақстан мен Түркменстан, Кавказ өңірі, Ресей Федерациясының кейбір аудандарымен, Иранның солтүстік аумағы Каспий аймағын қүрайды. Бұл аймақ өз кезегінде Еуразия материгінің орталық бөлігін құрап, қазіргі таңда әлемнің саяси картасында ерекше орын алады. Еуразияның географиялық орталығы бола тұра, Каспий аймағы экономикалық және саяси маңызды аймақтардың, Шығыс Еуропаның, Таяу және Орта Шығыс, Оңтүстік Азияны, Азия-Тынықмұхит аймағын және Ресей Федерациясының солтүстік-батысындағы дамыған аудандарын байланыстырып, сонымен қатар, оларды бір-бірінен бөліп тұрады.
Каспий теңізі арқылы мұнай мен газ тасымалдайтын құбырлар мен онымен шектесетін аймақтарды байланыстыратын кеме жолдары өтеді. Сондықтан, ағымдағы саяси, сауда-экономикалық және демографиялық ерекшеліктері Каспий өңіріндегі мемлекеттер мен халықаралық қатынастардың маңызды субъектілерінің Еуразия орталығы арқылы бір-бірімен қандай сипатта байланысатындарын анықтайды.
1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ МҰНАЙДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ РОЛІ
1.1 Әлемдік мұнай нарығының жалпы сипаттамасы
Қазіргі таңда халықаралық экономикалық қатынастардағы әлемдік энергетика негізі мұнай тауары болып табылады. Мұнай аясында көптеген дау-дамайлар, талас-тартыстар стратегиялық альянстар мен саяси бірлестіктер шеңберінде қалыптаса келе, мемлекеттің саяси-экономикалық бағытына елеулі әсер етеді. Соңғы тарихи оңжылдық көрсеткендей, халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды субъектілері, ірі державалар глобалды мұнай ағымын бақылау мен қадағалауға бағыталған саяси және экономикалық күрестерін жүргізіп келе жатқаны ақиқат. Қазіргі жағдайда мемлекеттің экономикалық дамуын, әлемдік экономиканың дамуын энергетикалық шикізаттарсыз, мұнайсыз, табиғи газдыз және көмірсіз елестету мүмкін емес. Әлемдік энергияның қайнар көзі мұнайға энергияның экономикалық тұтынысының 40 % жатады. Көп жағдайларда табиғи газ мұнайдың экологиялық тұрғыдан ең жақсы альтернативасы болып табылады, бірақ оның физикалық қасиеттеріне байланысты іштен жанатын двигательдерде пайдалану мүмкіншілігі болмағандықтан көптеген халықшаруашылық аймағында және адамның тіршілік әрекет ету аймақтарында энергетикалық шикізаттың бұндай түрі мұнаймен бәсекелесе алмайды. Осыған сәйкес энергияны толығымен тұтынудағы табиғи газдың үлесі мұныйды тұтыну үлесінен төмен және ол 23 %-ды құрайды. Энергияның тағы бір негізгі көзі – көмір. Энергетикалық шикізаттың бұл түрі өнеркәсіп өндірісінде және жеке қолдануда маңызды орын алып отыр. Энергия тұтынуда оның үлесі 22 %-ды құрап отыр. Табиғи газ және көмір мөлшері жеткілікті және олардың қорлары эксперттердің бағалауы бойынша XXI ғасырдың аяғыны дейін, мүмкіндігінше, одан да ұзақ мерзімге жетуі тиіс. 2003 жылы тұтыну көлемі бойынша табиғи газдың көлемі көмірдің көлемінен жоғарырақ және 2020 жылға қарай айырмышылық көтеріледі – табиғи газ көмірге қарағанда 44 % -ға көбірек тұтынылады. [1]
1.2 Каспий аймағының мұнай нарығындағы маңыздылығы
Каспий аймағының мұнай нарығындағы маңыздылығын қарастыру аймақпен шектесетін мемлекеттердің (Қазақстан, Ресей, Түркменстан, Әзірбайжан және Иран) геосаяси-экономикалық бағытын анықтауда маңызды фактор болып табылады. Орталық Азияның батыс бөлігі Қазақстан мен Түркменстан, Кавказ өңірі, Ресей Федерациясының кейбір аудандарымен, Иранның солтүстік аумағы Каспий аймағын қүрайды. Бұл аймақ өз кезегінде Еуразия материгінің орталық бөлігін құрап, қазіргі таңда әлемнің саяси картасында ерекше орын алады (1-карта). Каспий аймағының маңыздылығы мен құқықтық мәртебесіне мыңдаған басылымдар арналған. Бұл мәселелер кең ауқымды және жеткілікті қарастырылған. Сондықтан өз дипломдық жұмысымда тек тақырыптың маңыздылығын ашуға қажетті фактілерге тоқталдым. Негізгі қорытындылар: әлемде мұнайға деген сұраныс қарқынды жылдамдықпен өсуде, әсіресе, Қытай мен Азия аймақтарында; алдыңғы зерттеулердің нәтижелерінде Каспий аймағының маңыздылығы аса жоғары бағаланған болатын, соңғы мәліметтерге сүйенсек Каспий аймағы әлемдік мұнай нарығының 3 – 4 %-ын ғана құрайды. Яғни, Каспий мұнай нарығының қайнар көзі ретінде қарастыру маңызды, бір жағынан жанама роль атқарады. Аймақтың ЕО мен Азия аймақтарының арасындағы географиялық орналасуы оның негізгі артықшылығы болып табылады. Бұл фактор ЕО мен Азияның ОПЕК-тен тәуелділігіне аз да болса елеулі әсер етеді.