4-ші сынып оқушыларға әлеуметтік ортаның тигізетін әсері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. Педагогикалық және психологиялық әдебиетте әлеуметтік ортаның мәселесінің теориялық талдау 6
1.1 Жасөспірім кезең және әлеуметтік орта- ғалымдық мәселе ретінде 6
1.2 Жасөспірімнің әлеуметтік-психологиялық дамуы 12
1.3 «Тәуекелдік топ» және әлеуметтік ортаның оқушыларға тигізетің зиянды әдеттер 21
2. Жасөспірімге әлеуметтік ортаның тигізетін әсерінің эксперименталдық талдау 32
2.1 Зерттеуді ұйымдастыру және негізгі әдістері 32
2.2 Зерттеу нәтижелерің талдау мен талқылау 38
ҚОРЫТЫНДЫ 43
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 48
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі. Жасөспірімдік кезең тұлғаның өмір жолына, өзінің қандай жағдайға жеткеніне, неге шамасы келетініне, дүниеде не үшін өмір сүріп, нені біліп, не қойғысы келетініне, жұртқа недей пайда тигізетініне, яғни өз болашағына айырықша үңіліп қарайтын кезең деп түсіндіріледі. Бір сөзбен айтқанда осы кезең олардың өз-өзімен кеңесіп, жан дүниесіне үңілуге күштар шағы. Жасөспірімдік кезеңді әлеуметтенудің белгілі бір кезеңі, тәуелді болатындықтан ересектіктің дербес те жауапты іс әрекетіне көшу деп қарайды. Әлеуметтік зерттеушілер адам меңгеруге тиісті әлеуметтік рөлдерге, оның бағалаушылық бағдарламаның қалыптасуына, еңбек өміріне аяқ басуымен байланысты мәселелерге назар аударады, яғни даралық психологиялық мәселелер әлеуметтік мәселелерден шығады[1].
1. Педагогикалық және психологиялық әдебиетте әлеуметтік ортаның мәселесінің теориялық талдау
1.1 Жасөспірім кезең және әлеуметтік орта- ғалымдық мәселе ретінде
Жасөспірімдерге әлеуметтік ортаның тигізетін әсері қазіргі психологияда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселе барлық елде жан-жақты зерттелуде. ХХ ғасырдың бас кезіңде қазақ зиялыларының арасындагы біртуар тұлға- Ж.Аймауытұлының еңбектері түркі тектес халықтар тілдерінде және өз төл тілінде жарық көрген алғашқы ғылыми психологиялық туындылары екені даусыз. Ж.Аймауытүлы қарастырған психологиялык білімдер аясы өзінің кеңдігімен ерекшеленеді. Ол аталмыш ғылымның тарихынан бастап, ұлттық психология, тәрбие психологиясы және де жас ерекшелік психологиясына қатысты мәселелерді ғылымның сол кездегі даму деңгейіне сай таразылап, еуропалық даму бағыттарымен салыстыра отырып, гылыми теориялық туындылар жасаған.
1.2 Жасөспірімнің әлеуметтік-психологиялық дамуы
Жас мөлшері жігіттік пен жасөспірімдік шақтың аралығынан табылатын кейбірі әлде де мектепте оқитын, енді біреулері қызметте жүрген жасөспірімдердің осы кездері бойлары өсіп, салмағы артып, кескін-келбеті де ересек адамға жақындайды, жан қуаттары мен дене күшінің мүмкіндіктері арта түседі. Жас адамның жыныстық жағынан жетіліп, өзінің ішкі жан дүниесіне ерекше үңіле түсуі, құрбы-құрдас, жора-жолдастарымен қарым-қатынас жасауға аса ынталы болуы, бойы мен қатар ақыл ойының да біршама толысуы- осы жастағыларға тән негізгі психологиялық құрылымдар.
1.3 «Тәуекелдік топ» және әлеуметтік ортаның оқушыларға тигізетің зиянды әдеттер
Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата- ана өздерінің негізгі борыштарын атқаруға кіріседі, яғни олар тәрбиеші бола бастайды. Болашақ ұрпақты күшті де рухты етіп тәрбиелеу жолында алуан түрлі қуаныш пен қиыншылықтарды бастарынан өткізеді, жан жақты дамуға баулиды. Өмір жолында туындап жатқан жайттардың шешімдерін іздестіруге тура келеді.
Отбасы тәрбиесі- ата-аналар ықпалымен жүзеге асатын қоғамдық тәрбиемен ұштас. Ол қоғаммен, бүкіл қоғамдық қатынастар жүйесімен тығыз байланысты бола түрса да, ол адамдардың белгілі дәрежедегі дербес, сырлас тобы. Отбасы өмірі материалдық және рухани процестермен сипатталады. Табиғи биологиялық және шаруашылық, тұтыну қатынастары оның материалдық жағын құраса, рухани жағын праволық, адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды. Үлкендер отбасындағы басқалар үшін қоғам алдында жауап беретін ұжымның аға мүшелері. Азаматтық тұғырға көтерее ең маңызды үлағатты, адамгершілік қарым-қатынас осы отбасынан басталады.
2. Жасөспірімге әлеуметтік ортаның тигізетін әсерінің эксперименталдық талдау
2.1 Зерттеуді ұйымдастыру және негізгі әдістері
Зерттеу жұмысымның мақсаты -оқушыларға әлеуметтік ортаның әсер ететінің көрсетіп, негізгі әсер ететін факторларын дәлелдеу.
Зерттеу міндеттері:
2.2 Зерттеу нәтижелерің талдау мен талқылау
Оқушыларға әлеуметтік ортаның тигізетін себептерің айқындау үшін «өзін-өзі бағалауды анықтау» әдісі өткізілді. Осы әдіс арқылы оқушылардың адамгершілік-рухани қасиеттері арқылы өзін-өзі бағалауын тәрбиелеу.
2 кесте
«Өзің - өзі бағалауды анықтау» әдістемесі
ҚОРЫТЫНДЫ
Жаңа XXI біз өзімізді және жастарымызды қандай күйде көргіміз келеді. Осыны айқындап алатын кез жетті. Ел басымыз Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030 бағдарламасында» осыған орай коғамымыздың қазіргі даму кезеңі, қоғамның барлық саласындағы қозғайтын істерін қайта құрумен әлеуметтік саяси және экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруімен сипатталады.Бұл қазіргі кезеңдегі жасөспірімдердің әлеуметтік жағдайдағы дамуына үлкен өзгерістер келтіреді. Жасөспірімдерге әлеуметтік ортаның тигізетің әсерінің негізгі факторларын көрсетіп кеткен болатынбыз.
Жасөспірімдік кезең —жеке адамның толысуының аяқталу кезеңі. Бұл кезеңнің маңыздылығы мен ерекшелігін айқындайтын тұлғалық өмір жолына, өзінің қандай жағдайға жеткеніне, неге шамасы келетініне, яғни қысқаша айтқанда өз болашағына айырыкша үңіліп қарайтын кезең деп түсіндіріледі.