Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қылмыстық құқық

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 27 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Экологиялық қылмыстар


Жоспар
1 Экологиялық қылмыстар 3
1.1 Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар 3
1.1.1 Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы 3
1.1.2 Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы 5
1.1.3 Микробиологиялық немесе биологиялық агенттермен немесе улы заттар-мен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы 7
1.1.4 Малдәрігерлік ережелердің және өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелердің бұзылуы 8
1.1.5 Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау 9
1.2 Суды және атмосфераны тиімді пайдалануға және қорғауға қол сұғатын қылмыстар 10
1.2.1 Суларды ластау, бітеу және сарқу 10
1.2.2 Атмосфераны ластау 11
1.2.3 Теңіз аясын ластау 12
1.3 Жерді, құрлықтық шельф, жер қойнауын қорғау және тиімді пайдалануға қол сұғатын қылмыстар 13
1.3.1 Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфі туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы 13
1.3.2 Жерді бүлдіру 15
1.3.3 Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу 16
1.4 Жануарлар дүниесін тиімді пайдалану, сақтау және қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар 17
1.4.1 Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу (олжалау) 18
1.4.2 Заңсыз аңшылық 20
1.5 Өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне қарсы қылмыстар 21
1.5.1 Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу 21
1.5.2 Ормандарды жою немесе зақымдау 22
1.6 Ерекше табиғи-биологиялық түрдегі дүниелерді қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар 23
1.6.1 Жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу 23
1.6.2 Жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз айналысу 24
1.6.3 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы 25
Әдебиеттер 27

1 Экологиялық қылмыстар
Жалпы экология табиғат пен қоғам қатынастарын, адам мен табиғаттың тікелей байланысын, айналадағы табиғи ортаны қорғауды реттейтін құқық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Айналадағы табиғи ортаны қорғау-ең алдымен адамның өмірі мен денсаулығын, болашақ ұрпақтың мүдделерін қамтамасыз етуге, табиғи ортаға қарсы зиянды іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге, табиғи тепе-теңдікті сақтау және қоршаған ортаны тиімді пайдалану мақсатын көздейді.

1.1 Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар
1.1.1 Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы
Қылмыстық кодекстің 277-бабында көрсетілген осы қылмыстың тікелей объектісі шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар: табиғат объектілерін сақтау, қоршаған ортаны жақсарту, халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатын көздейтін қатынастар болып табылады. Қылмыстың объективтік жағы табиғи ресурстарды пайдалану, кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді жобалау, орналастыру, салу және жаңғырту, пайдалануға беру және пайдалану, өнеркәсіп, энергетика, көлік пен байланыс объектілерін, ауылшаруашылық мақсатындағы және мелиорация объектілерін пайдалану, қалалар мен басқа да елді мекендерді салу кезінде, әскери және қорғаныс объектілеріне, әскери және ғарыш қызметіне қойылатын талаптарды сол талаптардың сақталуы үшін жауапты адамдардың бұзуы, егер бұл қоршаған ортаның едәуір ластануына, адамның денсаулығына зиян келтіруге, жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне және өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғуы арқылы сипатталады.

1.1.2 Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы
Қылмыстың объектісі-экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде адамның денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау аясындағы қоғамдық қатынастар. Қылмыстың заты-химиялық, радиоактивті, биологиялық заттар. Объективтік жағынан көрсетілген қылмыс ықтимал экологиялық қауіпті химиялық:

1.1.3 Микробиологиялық немесе биологиялық агенттермен немесе улы заттар-мен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы
Қылмыстың объектісі-экологиялық қауіпсіздік аясындағы қатынастар. Қылмыстың заты-микробиологиялық, биологиялық агенттер, микроорганизмдер (бактериялар, вирустар, микроскопиялық грибтер т.б.), улы заттар. Қылмыс объективтік жағынан микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттерді немесе улы заттарды жинап қою, жою немесе көму кезінде экологиялық талаптарды бұзу немесе оларды Қазақстан Республикасы ұқсату, сақтау немесе көму үшін заңсыз әкелу, егер бұлар адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру қатерін туғызғаны арқылы сипатталады. Микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттер немесе улы заттармен жұмыс істеудің тәртібін белгілейтін көптеген нормативтік-құқықтық актілер бар. Осы заттармен жұмыс істеудің экологиялық талаптарын бұзу фактісін анықтау үшін маманның немесе сарапшының көмегі қажет.

1.1.4 Малдәрігерлік ережелердің және өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелердің бұзылуы
Қылмыстың объектісі үй және жабайы жануарларды, құстарды және өсімдіктерді қорғау жөніндегі қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстың заты- жабайы және үй жануарлары, құстар, балықтар, аңдар және басқа жануарлар, сондай-ақ өсімдіктер дүниесі.Объективтік жағынан Қылмыстық кодекстің 280-бабының 1-тармағындағы қылмыс малдәрігерлік ережелерді бұзу міндеттерге немесе өзге де зардаптарға әкеліп соғу арқылы сипатталады.

1.1.5 Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау
Экологиялық ластануға ұшыраған жерлерде зарарсыздандыру немесе өзге де қалпына келтіру шараларын жүргізу міндеті жүктелген адамдардың осындай шараларды жүргізуден жалтаруы немесе тиісінше жүргізбеуі адам өліміне, не адамдардың жаппай ауруына, не қоршаған орта үшін өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса-кінәлы Қылмыстық кодекстің 294-бабы бойынша жауапқа тартылады.

1.2 Суды және атмосфераны тиімді пайдалануға және қорғауға қол сұғатын қылмыстар
1.2.1 Суларды ластау, бітеу және сарқу
Суларды ластау, бітеу және сарқығаны үшін қылмыстық жауаптылық белгілеудің мақсаты су пайдалану ережелерін сақтауды қамтамасыз ету, судың табиғи қасиеттерін сақтауды, тіршілік етушілердің күллісіне судан болатын зиянды тойтару болып табылады. Қылмыстың объектісі суларды пайдалану және су объектілерін қорғау саласындағы қатынастар. Қылмыстың заты жер беті немесе жер асты сулары, мұздықтар, ауыз сумен жабдықтау көздері болады. Суды қорғау ережелері көптеген заң және басқадай нормативтік-құқықтық актілерде: ҚР су кодексінде, қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы заңда, суды ластаудан қорғау туралы ережелерді және тағы басқадай нормативтік-құқықтық актілерде көрсетілген. Осы қылмыстың объективтік жағы:

1.2.2 Атмосфераны ластау
Қылмыстың тікелей объектісі атмосфералық ауаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастар. Қылмыстың заты- табиғи ортаның элементі атмосфералық ауа. Объективтік жағынан қылмыс:

1.2.3 Теңіз аясын ластау
Қылмыстың объектісі теңіз-аясының экологиялық қауіпсіздігі. Қылмыстың істелу орны-ішкі теңіз сулары, Қазақстан Республикасы аумақтық теңізді және ашық теңіз сулары болып табылады. Қылмыс объективтік жағынан құрғақтағы көздерден, не адамның денсаулығы мен теңіздің жанды ресурстары үшін зиянды, не теңіз аясын заңды пайдалануға кедергі келтіретін заттар мен материалдарды көму немесе оларды көлік құралдарынан немесе теңізде орнатылған жасанды құрылғылар-дан тастау ережелерін бұзу салдарынан теңіз аясын ластау арқылы көрініс табады.

1.3 Жерді, құрлықтық шельф, жер қойнауын қорғау және тиімді пайдалануға қол сұғатын қылмыстар
1.3.1 Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфі туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы
Бұл қылмыс құрамы 1958 жылғы халықаралық құрлықтық шельф туралы конвенцияға сәйкес қабылданған. Қылмыстың объектісі Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфінде, айрықша экономикалық аймағында табиғат ресурстарын қорғау қатынастары болып табылады. Заңға сәйкес құрлықтық шельфке Қазақстан Республикасы аумақтық теңізінен белгілі бір қашықтыққа дейінгі жердегі теңіздің үсті және су асты аумағындағы кен байлықтары жатады. Айрықша экономикалық аймаққа аумақтық теңізден тыс орналасқан, оларға түйісетін теңіз аудандары жатады.

1.3.2 Жерді бүлдіру
Қылмыстың тікелей объектісі-жерді қорғауға байланысты қоғамдық қатынастар. Қылмыстың заты өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, жеке пайдаланушылардың жерлері, жер учаскелері. Қылмыс объективті жағынан: жерді улау, ластау немесе улы химикаттарды, тыңайтқыштарды, өсімдіктердің өсуін ынталандырғыштарды және өзге де қауіпті химиялық, радиоактивтік немесе биологиялық заттарды сақтау, пайдалану, тасымалдау және көму оларды ұстау ережелерін бұзу салдарынан шаруашылық немесе өзге де қызметтің зиянды өнімдерімен бүлдіру, адамның денсаулдығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, жердің табиғи қасиеттерінің нашарлауына әкеп соққан іс-әрекеттер арқылы сипатталады. Сонымен бұл қылмыстың объективтік жағы негізінен мынандай 3 түрлі белгіден құралады:

1.3.3 Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу
Қылмыстың объектісі жер қойнауын қорғау және тиімді пайдалану аясындағы қоғамдық қатынастар. Мұндай қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасы жер қойнауы туралы заңы арқылы реттеледі. Қылмыстық заңның диспозициясына сәйкес осы қылмыстың затына пайдалы қазбалар жатады. Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу қылмысы объективтік жағынан:

1.4 Жануарлар дүниесін тиімді пайдалану, сақтау және қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар
1.4.1 Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу (олжалау)
Қылмыстың объектісі табиғи жағдайда мекендейтін судың тірі ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану жөніндегі қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың затына әр түрлі балық тұқымдары: теңіз немесе тұщы су жануарлары; теңіз аңдары, өзге де су жануарлары, су өсімдіктер (теңіз капустасы).

1.4.2 Заңсыз аңшылық
Қылмыстың объектісі-жануарлар дүниесін қорғау және тиімді пайдалану жөніндегі қоғамдық қатынастар. Қылмыстың заты-табиғи бостандық жағдайында мекендейтін жануарлар дүниесі болып табылады. Қылмыс объективтік жағынан заңсыз аңшылық әрекетін жасау арқылы көрініс табады. Қылмыстық кодекстің 286-бабына сәйкес:

1.5 Өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне қарсы қылмыстар
1.5.1 Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу
Қылмыстың объектісі-ормандар мен бұталарды қорғау және тиімді пайдалану аясындағы қатынастар. Қылмыстың заты-барлық топтағы орман ағаштары мен бұталары, орман қорына кірмейтін немесе кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталар. Орман қорына ауыл шаруашылық жерлерін қорғайтын орман қондырғылары немесе басқадай ағаштар мен бұталар; темір жол, автомобиль жолы және каналдарды қорғап тұратын орман белдеулері, елді мекендер мен қалаларды көгалдандыратын ағаштар, үй іргесіндегі, саяжайлардағы және саяжай учаскелеріндегі ағаштар кірмейді. Қазақстан Республикасында атқаратын экологиялық, генетикалық, әлеуметтік-экономикалық қызметтері мен орналасқан жерлеріне қарап орман қорлары екі топқа бөлінеді.

1.5.2 Ормандарды жою немесе зақымдау
Қылмыстың объектісі-ормандарды қорғау жөніндегі қоғамдық қатынас. Қылмыстың заты-орман қорына жататын барлық орман топтары, сондай-ақ орман қорына кірмейтін екпе ағаштары. Қылмыстық кодекстің 292-бабының 1-тармағында көрсетілген қылмыстың объективтік жағы отты немесе өзге де қауіптілігі жоғары көздерді ұқыпсыз қолдану салдарынан ормандарды, сондай-ақ орман қорына кірмейтін екпе ағаштарды жою немесе зақымдау арқылы көрініс табады.

1.6 Ерекше табиғи-биологиялық түрдегі дүниелерді қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар
1.6.1 Жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу
Қылмыстың тікелей объектісі-жануарлар дүниесін қорғауды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар. Қылмыстың заты-жануарлар дүниесі. Жануарлар дүниесі мемлекетіміздің табиғи байлықтарының ең басты бөлігі, оған Республика аумағында құрғақта, суда, аспанда және жер астында еркін өмір сүретін жануарлардың барлығы жатады. Жануарлар түріне: сүтқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қос-мекенділер кіреді.

1.6.2 Жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз айналысу
Қылмыстың объектісі-құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктердің қорғалуын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар. Қылмыстың заты-Қазақстан Республикасы қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін түрлері және олар мекендейтін жерлер.Қылмыс объективтік жағынан алғанда Қазақстан Республикасы қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін немесе олар мекендейтін орындарды заңсыз олжалап алу, өткізу, сондай-ақ оларды жою арқылы сипатталады.

1.6.3 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы
Қылмыстың тікелей объектісі-ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің қорғалуы мен сақталуын реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыстың заты-мемлекет қорғауына алынған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (қорықтар, ұлттық, тарихи-табиғи және мемориалдық парктер, заказниктер, табиғат ескерткіштері, қорық аймақтары, ботаникалық және зоологиялық бақтар, дендарийлер, курортты және демалыс, туризмге арналған аймақтар). Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізімі және оларды пайдалану тәртібі «Қазақстан Республикасы ерекше қорғалатын табиғи аймақтары» туралы арнаулы заңында көрсетілген. Қылмыстың (293-баптың, 1-тармағы) объективтік жағы: