Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 38 стр.

Полный просмотр работы

Мемлекеттік қаржылық бақылау


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Мемлекеттік қаржылық бақылау 5
1.1 Қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұны 5
1.2 Қаржылық бақылаудың сыныптамасы және түрлері 9
1.3 Мемлекеттік қаржылық бақылаудың шетел тәжірибесі 16
2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылау және оның даму тенденциялары 20
2.1 Мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру 20
2.2 Соңғы жылдардағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылауға талдау жасау 27
2.3 2005-2006 жылдардағы бюджеттердің атқарылуын мемлекеттік бақылау және ШҚО-дағы қаржы бақылау органының есебі 29
3 Мемлекеттік қаржылық бақылау қызметтерін жетілдіру шаралары 32
3.1 Мемлекеттік қаржылық бақылауда туындайтын мәселелер 32
3.2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылауды одан әрі жетілдіру 33
Қорытынды 37
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 40
Қосымша 41

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Нарық жағдайында жалпы экономиканың, жеке шаруашылық жүргізуші субъектісінің қаржылық бақылауды қоғам дамуының басқа кезендерінен де үлкен дәрежеде қажетсінетінін шет елдердің тәжірибесі, республиканың өзіндік тәжірибиесі көрсетіп отыр.
Мемлекеттің алдында жан-жақты, жүйелі, кешеңці бақьшауды, соның ішінде қаржылық бақылауды да үйымдастыру міндеті туып отыр. Бүл шаруашылық жүргізуші барлық субъектілер мен олардың қаржы-шаруашылық қызметінің барлық жақтары қаржылық бақылаумен қамтылуы тиіс дегенді бідціреді. Қойылып отырған міндетті іске асыру үшін қаржылық бақылау мына бағыттарда дамуы тиіс:

Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы мемлекеттік қаржылық бақылаудың түрлері, типтері мен нысандарын теориялық жағынан ұғыну. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу керек:
- қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұнын қарастыру;
- қаржылық бақылаудың сыныптамасы мен түрлерін зерделеу;
- мемлекеттік қаржылық бақылаудың шетел тәжіриебесімен танысу;
- мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастырылуын қарастыру;
- соңғы жылдардағы ҚР-дағы мемлекеттік қаржылық бақылауға талдау жасау;
- 2005-2006 жылдардағы бюджеттердің атқарылуын мемлекеттік бақылау және ШҚО-дағы қаржы бақылау органыны есебімен танысу;
- мемлекеттік қаржылық бақылау қызметтерін жетілдіру шараларын қарастыру, зерттеу.
Курстық жұмысты жазғанда авторлар Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С., Мельников В.Д., Бердалиев К.Б., Ихданов Ж.О. және басқалар.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Мемлекеттік қаржылық бақылау
1.1 Қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұны
Қаржылық бақылау – қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшылық қызмет.
Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элеметтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа әлементтермен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.

Қаржылық тәртіп – бұл белгіленген ұйғарымдардың және мемлекеттің, оның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.
Қаржылық бақылаудың міндеттерін, олардың түрлерін, нысандары мен әдістерін, субъектілері мен объектілерін бақылауды жүзеге асырудың деңгейіне қарай қарастырған жөн, яғни ол микро немесе макродеңгейінде жүргізіледі.[5, 114 б.]

1.2 Қаржылық бақылаудың сыныптамасы және түрлері
Қаржылық бақылаудың сыныптамасы субъектілердегі айырмашылықтарға, бақылау іс-қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүршізудің тәсілдеріне (әдістеріне) негізделген. Осы белгілерге қарай, қаржылық бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, нысандары, оны жүзеге асырудың әдістері бойынша жіктеледі.
Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге асыратын субъектілерге (бақылауды жүзеге асыратын органдарға немесе ұйымдарға) қарай мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып ажыратылады. 1-Кесте

1.3 Мемлекеттік қаржылық бақылаудың шетел тәжірибесі
Жоғары қаржы бақылау органдарының халықаралық ұйымына (ЖҚБОХұ) мүше елдердің тәжірибесін зерделеу мемлекеттік қаржы бақылаудың олардың басым көпшілігінде сыртқы және ішкі болып бөлінетінің көрсетіп отыр. Халықаралық тәжірибеде бюджеттік үдерісті сыртқы қаржылық бақылау құзыретіне кіретін мемлекеттік органды белгілеу үшін қаржылық бақылаудың жоғарғы органы (ҚБЖО) деген бір ізге түсірілген атау пайдаланылады. ҚЖБО-ның қызметі кейбір елдерде арнайы заңнамамен, тіпті конститутциялық заңдармен реттеледі. Көптеген дамыған елдерде мемлекеттік қаражаттарды жұмсау аудитімен қатар, кірістерді есептеу, жинау және жұмсаудың барлық аспектілерінің аудиті де жүзеге асырылады. Бұл орайда олардың бюджетке қосылған қосылмағанына қарамастан, мемлекеттің барлық кірістері мен шығыстары аудиттік тексеруге жатады.

2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылау және оның даму тенденциялары
2.1 Мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру
Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда оны үтымды үйымдастырумен, бақылаудың субъектілерін, олардың қүқықтары мен міндеттерін айқын етіп анықтаумен, қаржылық бақылауды жүргізудің нысандарын жөне әдістерін дүрыс үйымдастырумен анықталады.
Жалпымемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік билік пен басқарудың мына органдары жүргізеді: Президенттің аппараты, Қазақстан Республикасының Парламенті, ‡кімет, жергілікті өкілетті органдар депутаттардың жиналыстары, жергілікті әкімшілік органдар. Бақылаудың бүл түрін Республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жасау жөніндегі есеп комитеті де жүргізеді.

2.2 Соңғы жылдардағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылауға талдау жасау
Кеңестік кезеңдегі бақылау-ресвизиялық басқарманың негізгі жұмыстарын 1993 жылдан Мемлекеттік қаржылық бақылау комитеті, ал қазір Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті атқаруда. Бүгінгі мемлекеттік қаржылық бақылау органдары меншіктің барлық түріне, оның ішінде жеке кәсіпкерлік қызметке де қадағалау жүргізе алады. Бұл жұмыс негізінен бюджеттен қаржыландырылатын, яғни субсидия, дотация, несиелер берілетін кәсіпорындар мен мекемелердің мемлекеттік тапсырысты қалай орындап отырғандығын тексеру арқылы жүзеге асырылады. Демек, қаржылық бақылаудың нысаны бюджеттік-салық саласы мен бюджет қана емес, нарықтық қатынастағы субъектілердің бүкіл қаржылық-шаруашылық қызмет процесі болып табылады.

2.3 2005-2006 жылдардағы бюджеттердің атқарылуын мемлекеттік бақылау және ШҚО-дағы қаржы бақылау органының есебі
2006 жылдың мемлекеттік бюджетке 556,8 миллиард теңге кіріс келіп түсті, сөйтіп есепті мерзім аралығындағы жоспардың орындалуы 117,1 пайызды құрап отыр. Республикалық бюджеттің кірістері 457,1 миллиард теңге, бұл өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 42,9 пайызға көп. Сол сияқтя жергілікті бюждеттер кірісі 241,3 миллард теңгені құрап, есепті мерзім ішіндегі жоспардың 104,6 пайызға орындалғанын көрсетеді.
Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің ұлғаюы экономиканың, экспорт пен импорттың өсуіне тікелей байланысты. Сонымен бірге, салық және кеден органдары тарапынан жүзеге асырылатын әкімшілік-басқару жұмыстарының жақсаруы да септігін тигізуде. Салықтарды жинау қарқының ІЖ¤-нің , экспорт пен импортың нақты өсу қарқынынан озық тұруы да осы ойды растай түседі.

3 Мемлекеттік қаржылық бақылау қызметтерін жетілдіру шаралары
3.1 Мемлекеттік қаржылық бақылауда туындайтын мәселелер
Тәуелсіздік алғаннан бері республикамызда нарықтық экономика талаптарына сай келетін мемлекеттік қаржы бақылау жүйесін құру жөнінде жүйелі жұмыс жүрлізілуде. Осы орайда біршама тәжірибе жинақталды, алайда бірқатар кемшіліктерге де жол берілді. Сондықтан қазіргі уақытта мемлекеттік қаржы бақылау органдары қызметнің тиімділігін арттыруға, олардың ойдағыдай жұмыс ітеуінің құқықтық және әдістемелік негіздерін нығайтып, одан әрі жетілдіре тұсуга байланысты бірқатар проблемалар бар.

3.2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылауды одан әрі жетілдіру
Қаржылық бақылауды жетілдіруде біртұтас жүйе ғана Қазақстанның ұлттық экономикалық мүдделерін қорғап, адамдардың әл-ауқаттарының артуына жағдай туғыза алатын болады.
Бүгінгі күні Қаржы министрлігі біртұтас мемлекеттік орган ретінде өмір сүре алмай отыр. Қазіргі кезде ол бір-біріне қосылған бірнеше министрліктер мен ведомтсовлардың жиынтығы. Ведомстволарды бір – біріне қоса отырып, заң актілерін өзгертуді ұмытып кеткен. Соның салдарынан министрліктің және оның түрлі комитеттерінің қызметін реттейтін заңдардың арасында қарама-қайшылықтар пайда болды. Сондықтан да біртұтас Қаржы министрлігін құру біздің басты мақсатымызға айналып отыр
Реформаларды асыруда бірнеше мәселелер бар:

Қорытынды
Курстық жұмысты қорытындылай келе, төмендегідей тұжырымға келдім.
Қаржылық бақылау – қаржы жүйесінің барлық звеноларының ресурстарды құру, пайдалану негізін тексеруге бағытталған ерекше қызметі. Қаржылық бақылаудың мақсаты мемлекеттің қаржы саясатын ұтымды жүргізуге, қаржы ресурстарын құру мен тиімді бөлу үдерісін қамтамасыз етуге бағытталған.
Қаржылық бақылаудың міндеттері: