Мұхтар Шаханов шығармашылығындағы ұлттық сана - сезім
Мазмұны
Кіріспе 5
1 Мұхтар Шаханов поэзиясының ерекшелігі 8
1.1 Мұхтар Шаханов поэзиясының көркемдік жүйесі 8
1. 2 Ақын лирикасындағы стильдік жаңашылдық 18
1.3 М. Шаханов шығармаларындағы рухани-адамгершілік
құндылықтар 23
1.4 Мұхтар Шаханов поэзиясындағы ұлттық сана-сезімнің көрінісі 28
2 М. Шаханов - әлем таныған ақын 36
2.1 М. Шаханов жырларының тақырыптық және құрылымдық ерекшеліктері 36
2.2 Шаханов шығармаларындағы ұлттық таным 39
2.3 Ақын өлеңдеріндегі ұлт мұратының мәселесі 45
2.4 М. Шаханов және «Алаш» партиясы 54
Қорытынды 57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 61
Кіріспе
Мұхтар Шахановтың есімі халқымызға көрнекті мемлекет қайраткері және талантты ақын ретінде жақсы белгілі. 70-80 жылдардағы қазақ поэзиясының есігін қаққан қазақ ақыны өзінің даралығымен бірден көзге түсті. Сол кезеңдегі қариялар Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Сафуан Шаймерденов сияқты көрнекті қаламгерлдерден әділ бағасын алған Мұхтар Шаханов, жаңа ғасырда да шығармашылық қуатын әлем халқына түгел дерлік мойындата білді. Оған Ш.Айтматов, Расул Ғамзатов, Гебзе, Е.Евтущенколардың ой-байламдары куә. Мұндай мысалдар дипломдық жұмыстың ішінде молынан кездеседі.
1 Мұхтар Шаханов поэзиясының ерекшелігі
1.1 Мұхтар Шаханов поэзиясының көркемдік жүйесі
Жомарт көңіл қазақтың сыршыл сезімін бұғаулауға ешқандай күш атаулының шамасы жетпес, сірә. Сайын дала төсін ән-күйге бөлеген, сал-серілігі басым халықтың тіршілік әлемінің сыр-сипаты да өзгеше. Оның сұлу сурет болып көз алдыңа елестеп, мың бояу түске боялып, қиял дүниеңді бір сергітіп тастайтыны хақ.
1. 2 Ақын лирикасындағы стильдік жаңашылдық
60-80 жылдары өлең өңіріндегі ерікті ұйқасты көбірек пайдаланып, оны түрлендіре түсуге көп тер төккен ақындардың бірі - Мұхтар Шаханов. Ол өзінің ғажайып сазды лирикасын стильдік ізденіс жолына саналы түрде бұрды. Әрине, ол жеміссіз болған жоқ. Оның үстіне Мұхтардың жаңашылдығы көбінесе "өнерден-өмірге" принципіне орай айқындық табатындай. Әр кезде де солай, кезеңнің бауыздау шындығына екінің бірі қол соза бермейді. Өйткені ол қиынның қиясы. Ол үлкен қажыр-қайратты талап етеді. Өзгеше жаратылыс, бөлекше сезім-күйді керек етеді. Шаханов шығармашылығы өзінің өмірімен тікелей қарым-қатынасқа түсумен оқшау тұр. Өлең сияқты қасеитті өнерді буы бұрқыраған өмірдің бүгінгі сауалымен суарады. Сол сияқты өмірдегі әділетсіздіктің, тоғышарлықтың уақытқа қарай түлеп алған жаңа түрлерін зерделілікпен зерттеп, өлең қуатымен батыл әшкерелейді. Оның ақын ретіндегі жаңашылдығы осы арада. Яғни, оның шығармашылығынан ежелгі өлең лебінен гөрі, өмір лебі көбірек еседі. Жұрты маңайына үйрететін де, оның өлеңіндегі осы тірі тағдыр. Мықтап ойланатын, түйінді тұс.
1.3 М. Шаханов шығармаларындағы рухани-адамгершілік
құндылықтар
М. Шахановтың ақындығы мен ойшылдығы бір бөлек әңгіме болса, философтығы бір басқа дүние. Бізге керегі – М. Шаханов поэзиясының, яғни өлеңдерінің ой-ілімдері. Оның өзі де, ойы да әлемді шарлап кеткен. Сөйтіп барып ой түйген, содан барып, адамзат туралы толғанысқа түскен, әлемге жауар бұлттай түнеріп тұрған зұлымдықтан, апаттан құтқару үшін дабыл қаққан. Мұндай ерлік – Мұхтар Шаханов сияқты санаулылардың қолынан ғана келмек.
1.4 Мұхтар Шаханов поэзиясындағы ұлттық сана-сезімнің көрінісі
Қазіргі тіл ғылымында концепт терминінің қарастырылуы лингвистика мен философияның өзара әсерінің күшеюіне байланысты. Логикада концепт термині ұғым, түсінік терминдерімен бірдей мағынада қолданылады. Сондықтан концепт ұғымын адамның әлем туралы жинақталған мәдени түсініктері бейнеленген және атаулары бар ғаламның тілдік бейнесі ретінде тани отырып, біздің дүниетанымыздағы әлем туралы ақиқат болмысты бейнелейтін когнитивтік бірлік ретінде қарау қажет [32.218].
2 М. Шаханов - әлем таныған ақын
2.1 М. Шаханов жырларының тақырыптық және құрылымдық ерекшеліктері
Мұхтар Шахановты ірі ауқымдағы қоғам қайраткері ретінде жақсы білгенімізбен, соңғы жылдардағы поэзиясына үңіліп, саралап зерттеу жасаған қазақ сыншылары жоққа тән. Ақынның жаңа ғасыр басталғалы туған жырлары дүйім дүниені таңырқатып келеді. Бірақ, сол "руханият төңкерісшілері", яғни поэмалары мен тың туындылары қазақ эдебиетінде лайықты бағасын алмай жатыр. Бұл әдебиеттанушы сыншыларымыздың самарқаулығы десек артық айтқандық емес.
2.2 Шаханов шығармаларындағы ұлттық таным
Әлемдік деңгейде мойындалып жүрген М.Шаханов поэзиясында ұлттық менталитет те мен мұндалап тұрады. Осы жерде дарынды жазушы Төлен Әбдіктің "Мұхтар Шаханов бақайшағына дейін ұлттық ақын" деген пікірі еріксіз еске түседі.
2.3 Ақын өлеңдеріндегі ұлт мұратының мәселесі
а) Мемлекеттік тіл қоғамдық қозғалысының рухы мен тіл намысын қорғау мәселесі
"Тарих жоқ тек оны жасаушы тұлғалар ғана бар" деген Черчиллдің тұжырымын ақиқат етіп алсақ, ақын немесе тарихи тұлғаны бір-бірінен ажыратып қарау мүмкін еместей. Ақын алдымен қоғам қайраткері болса, онда оның шығармаларынан да өзі өмір сүрген дәуірінің жасампаз істері мен бармақ тістетер өкініштерін анық көруге болады.
2.4 М. Шаханов және «Алаш» партиясы
Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады», - деп атап көрсеткен. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. [53.221.]. Бұндай күрделі екі мәселені жүзе асыру үшін ана тілімізді толыққанды меңгеруіміз қажет-ақ. Ал тілімізді толыққанды меңгеру үшін өткен тарихымызға талдау жасамасақ тағы да болмайды. Тарихты білмей бүгінгіні құру, болашақты болжау мүмкін емес. Яғни, тарихы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр. Мұхтар Шаханов «Тарихты білмеу – тамырсыздық» - дей келе:
Қорытынды
Шын ақын өмірі бір адамның басынан кешкендерімен шектелмейді. Ақын көптің өмірін сүреді, көп көргенді көре алады, көп сезгенді сезе алады. Бұл – ақын сезімі жалпы және жеке адам сезім-күйінің жиынтығы деген сөз. Ол жеке адам көңіл-күйін заман рухымен жалғастырады. Жалпылық пен жекелікті осылай тұтастыра алғанда ғана ақын азаматқа айналады, өзінің ақындық, азаматтық тұлғасын қалыптастырады.