Қосылыстар. Қосу бөлшектерінің түрлері, жалпы сипаттамалары мен ерекшеліктері. Бұрандалы қосылыстар
Жоспар
1 Қосылыстар. Қосу бөлшектерінің түрлері, жалпы сипаттамалары мен ерекшеліктері. Бұрандалы қосылыстар 3
1.1 Қосылыстар 3
1.2 Бұрандалы қосылыстар 3
1.2.1 Бұранда 3
1.2.2 Бекіту бөлшектерінің негізгі түрлері 8
1.2.3 Бұрандалы қосылыстарды өздігінен бұралудан сақтандыру 9
1.2.4 Винт жұптарының теориясы 10
1.2.5 Әр түрлі күш түскен жағдайда болт сырығын беріктікке есептеу 12
Әдебиеттер 17
1 Қосылыстар. Қосу бөлшектерінің түрлері, жалпы сипаттамалары мен ерекшеліктері. Бұрандалы қосылыстар
1.1 Қосылыстар
Қосу бөлшектерінің түрлері, жалпы сипаттамалары мен ерекшеліктері.
Мәшиненің бөлшектері мен тораптары бірімен-бірі әр түрлі тәсілмен қосылады. Сол тәсілдердің барлығын ажырамайтын қосылыс және ажырамалы қосылыс деп екі түрге бөлуге болады.
Ажырамайтын қосылыс деп бөлшектерді бұзусыз ажыратуға келмейтіндей етіп біржола қосуды айтады.
1.2 Бұрандалы қосылыстар
Бұрандалы қосылыстар деп, болттың, винттің, шпильканың, гайканың және т.б. бекіту бөлшектерінің көмегімен қосылатын ажырамалы қосылыстарды айтамыз.
1.2.1 Бұранда
Бұранда тілінген бөлшектің пішіні бойынша конусты бұранда және цилиндрлі бұранда болып екі түрге бөлінеді. Цилиндрлі бұранда көп таралған. Конусты бұрандалар көбінесе тұрбаларды жалғастырғанда қолданылады. Өйткені олар тығыздықты жақсы қамтамасыз етеді.
1.2.2 Бекіту бөлшектерінің негізгі түрлері
Бөлшектерді қосу үшін болттарды (гайкалы винттерді, 1.7, а-сурет), винттерді (1.7, б-сурет), гайкалы шпилькаларды (1.7, в-сурет) қолданады.
Болтты қосылыстың артықшылығы: қарапайым және арзан, себебі қосылатын бөлшектерге бұранда кесуді қажет етпейді. Қалыңдығы шамалы бөлшектерді және, сонымен қатар материалы бұранданың беріктігін қамтамасыз етпейтін бөлшектерді қосу үшін қолданылады.
1.2.3 Бұрандалы қосылыстарды өздігінен бұралудан сақтандыру
Әр түрлі бұрандалы қосылыстар конструкциясында өздігінен бұралудан сақтандыруға айрықша назар аударған жөн, себебі бұл мәшиненің ойдағыдай жұмыс істеуін және қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бұрандалы қосылыстардың сенімділігін арттыру үшін өздігінен бұралудан сақтандыру аса маңызды және вибрацияларда, айнымалы, соққы күштерде міндетті болып табылады. Вибрациялар үйкелісті азайтады және бұрандадағы өздігінен тежелу шартын бұзады.
1.2.5 Әр түрлі күш түскен жағдайда болт сырығын беріктікке есептеу
Өс күші түсетін винттердің сырығын есептеу. Мысалы жүк көтергіш мәшиненің ілмегіне тек өстік күш әсер етеді (1.14-сурет). Бұл жағдайда винт сырығы созылады, сондықтан оларды созылуға есептейді
Әдебиеттер
1. Серікбаев Д., Тәжібаев С. – Машина детальдары, Алматы, Мектеп, 1983, 59 – 74 беттер.
2. Тәжібаев С. Д. Қолданбалы механика, Алматы, білім, 1994, 308 – 319 беттер.