Тәуке, Әбілхайыр, Абылай және Кенесары, Жаңгір хандар мен олардың қазақ даласындағы алатын орны
Еліміздің тәуелсіздігінің 10 жылдығын атап өту барысында халқымыздың өткендегі және бүгінгі тарихына көз сала отырып, оны Одақтық тарихтағы алған орнымен салыстыра отырып, халқымыздың тарихына жасалынған қиянаттың көп екендігін көреміз.
Коммунистік идеологияның өзі де кезінде тарихтағы жеке адамның орны мен ролін теріске шығармағанын білеміз. Дей түргенмен, Одақтық тарихтағы ұлттардың тарихында олардың дара туған ұлы тұлғаларына көп орын берілмеді. Олардың тарихи ролін сипаттауда ерекше «іріктеу» әдістері пайдаланылды. Мұндай әдістер, әсіресе қазақ халқының көрнекті мемлекет қайраткерлерінің өмірі мен қызметін баяндауда қолданылды.
Біз осы тарауымызда қазақ халқының XX ғ. дейінгі қайраткерлерінің ішінде Тәуке хан, Абылай хан, Әбілхайыр хан, Кенесары, Жәңгір хандардың өмірі мен қызметіне тоқталуды жөн көрдік. Бұлардың әрқайсысы қазақ халқының азаттығы жолында қол бастап, қазақ мемлекетінің нығаюы мен күшеюіне орасан зор үлес қосты.
Тәуке хан қолдағы бар мүмкіншіліктерді пайдаланумен халықтың, ел басшыларының санасына ел арасында өзінің ақыл-парасатымен, батырлық әрекеттерімен ел басқару ісіне бейімі бар дарынды тұлғаларды тарту қажеттігін сіңіруді, саясатының ең басты мақсаттарының бірі деп таныды. Саны 30 мыңға жететін әскер жинақтаған. Дүниеден өтер кезінде Әз Тәуке хан «Қазақтың ұраны - бірлік» деп көзін жұмған екен. Содан бері екі жарым ғасырдан астам уақыт өтсе де, бұл өсиет - қазақ халқына әлі де көкейтесті, саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани мәселелерді шешуде Қазақстанның күн тәртібінде тұрған мәселе.
1825-1840 ж.ж. аралығындағы Ресейдің отарлаушылық сойқандарына ашынуын Кенесары былай көрсеткен: «Біздің аушымызды да он бес рет шауып кетті. Соның салдарынан біздер, қазақтар, мұндай қысымға, талан-таражға және кісі өлтірушілікке шыдай алмай лажсыздан басымыздың ауған жағына көшіп жүрдік. Олар сонда да тыныштық бермеді. Сол себепте мен, Кенесары Қасымов, қолға қару алып, ұлы күресті бастауға аттандым. Қазақ халқын орыстардың езгісінен азат етемін» деп ант береді.
Европаша білім алған Жәңгір өзінің барлық күш-жігерін Орданың қоғамдық өмірін жаңартуға бағыттады. Оның басқару кезінде көшпелі ауылдардың отырықшылану процесі жеделдеді. Қоғамдық өзгерістердің барысы Бөкей ордасын басқару орталығын қажет етті. Сонымен қатар бұған итермелеген тұрмыстық қажеттілік те болды. Жәңгірдің осы бағыттағы өтінішін ескере отырып, Николай I хан сарайын (резиденция) салу үшін 36102 рубль 70 тиын ақша төледі. 1826 ж. белгілі топограф, әрі архитектор Гафаевтың басшылығымен Хан ордасы салына бастады.
Азаматтық білімді дамытумен қатар, хан рухани - діни ағартуға да үлкен көңіл бөлді, өйткені дін арқылы қоғамның адамгершілік жетілуінің зор мүмкіндігін көрді. Оның дінге көзқарасы тек мұсылмандарға ғана емес, басқа дін өкілдеріне де орынды сипат алды.
Жәңгір мәдениет пен өнердің дамуына үлкен көңіл бөлді. Оның кезінде Қазақстандағы ең алғашқы мұражай құрылды. Оған хан бұйымдары қойылды. Ол өзі басқарған Орданың экономикалық жағдайының жақсаруына ерекше көңіл бөлді. Қыста малды сақтап қалу үшін шөп дайындау мен қора жасауға сендірді.