Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Әлеуметтану

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 12 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Әлеуметтік зерттеудің құрылымы. Бастапқы әлеуметтік ақпарат жинаудың әдістері


Жоспар

1 Әлеуметтік зерттеудің құрылымы. Бастапқы әлеуметтік ақпарат жинаудың әдістері 3
1.1 Зерттеудің мәселесінің тұжырымдалуы мен негізделуі 4
1.2 Зерттеу мақсаттарын белгілеу 5
1.3 Зерттеу объекті мен пәнін белгілеу 5
1.4 Түсініктердің интерпретациясы мен операционализациясы 5
1.5 Зерттеу гипотезаларын тұжырымдау 6
1.6 Зерттеу жиынтығын анықтау 7
1.7 Зерттеудің жұмыс жоспары 8
Әдебиеттер 12

1 Әлеуметтік зерттеудің құрылымы. Бастапқы әлеуметтік ақпарат жинаудың әдістері

Социологиялық зерттеу - методологиялық, методикалық және ұйымдастырмалы – техникалық процедуралардың логикалық жалғастырмалы жүйесі, бір-бірімен ортақ мақсатпен байланысты: зерттеу құбылысы немесе үрдісі жөнінде мәлімет алу және оны әлеуметтік басқару тәжірибесінде қолдану.
Социологиялық зерттеу төрт өзара байланысқан кезеңнен тұрады:
- зерттеуге дайындық;
- бастапқы ақпаратты жинақтау;
- жиналған ақпаратты өңдеу және ЭВМда өңдеуге дайындау;
- өңделген ақпаратты талдау. Зерттеу нәтижелері бойынша, есеп дайындау, қорытындыларды және кепілдемені тұжырымдау.
Барлау зерттеу – социологиялық зертеулердің ең қарапайым түрі. Ол шағын зерттеу жиынтығын қамтиды және қарапайым бағдарлама мен көлемі қысылған инструментарийге негізделеді. Барлау зерттеу терең және көлемді зерттеудің алдын ала сатысы ретінде қолданылуы мүмкін (егер қиындық аз немесе мүлде зерттелмеген жағдайда). Бастапқы ақпарат жинаудың ең қарапайым әдісі қолданылады (әдейі әдебиеттің анализі, эксперттерді сұрау).

1.1 Зерттеудің мәселесінің тұжырымдалуы мен негізделуі

Нақты социологиялық зерттеуді өткізудің себебіне әлеуметтік өмірдің қарама-қайшылығы болып табылады. Осылай, мысалы тұлға дамуының қажетті деңгейі мен оқу орын түлектерінің жалпы дамуының шын деңгейі арасында қайшылықтар әлеуметтік мәселені құрайды.
Объективті қарама-қайшылықтың сипаты, әлеуметтік мәселенің негізінде жататын, зерттеу түрін айқындайды. (оның теоретикалық немесе қолданбалы бағытын)
Әдетте, эмпирикалық социологиялық зерттеу аралас болып табылады: ол тек тәжірибелік ғана емес, сондай-ақ ғылыми мәселелерді шешеді.
Мәселелік әлеуметтік жағдай ғылыми мәселеде нақты бейнеленеді, онда ол қоғам сұранысы мен білімі арасындағы қарама-қайшылық ретінде және оны белгілі әрекеттер негізінде ұйымдастыруда іске асырудың жолдарын мен амалдарын білмеуден тұрады.

1.2 Зерттеу мақсаттарын белгілеу

Социологиялық зерттеудің мақсаты айрықша оның бағытын – теоретикалық немесе қолданбалы белгілейді. Зерттеу бағдарламасы қандай мәселені шешу үшін және берілген зерттеу қандай нәтижеге бағытталады деген нақты сұраққа жауап беру керек.

1.3 Зерттеу объекті мен пәнін белгілеу

Социологиялық зерттеудің объектісіне кең мағынада әлеуметтік үрдіс немесе әлеуметтік шындық саласы, немесе әлеуметтік қарама-қайшылықтан тұратын, қандай да бір қоғамдық қатынастар жатады.

1.4 Түсініктердің интерпретациясы мен операционализациясы

Бағдарламаның бұл бөлімінде түсініктердің операционализациясы мен интерпретация процедуралардың көмегімен социологиялық зерттеудің теоретикалық концепциясы бастапқы ақпарат жинаудың инструментарийне айналады.

1.5 Зерттеу гипотезаларын тұжырымдау

Зерттеудің жалпы бағыты тұжырымдалған гипотезалармен белгілену керек.
Гипотеза - бұл ғылыми ұсыныс, қандай да бір фактілерді, құбылыс пен үрдістерді түсіндіруге, оларды мойындау немесе жоққа шығарудан тұрады.
Ғылыми гипотеза, тек зерттеу объектісін алдын ала талдау нәтижесінде ғана тұжырымдалуы мүмкін болады.
Ғылыми негізделген гипотеза бірқатар талаптарға жауап беру керек:

1.6 Зерттеу жиынтығын анықтау

Зерттеу объектісі 500 не одан жоғары болса, сұрыптау әдісі қолданылады.
Сұрыптау әдісі зерттеу объектісінің минимумын зерттеу барысында, генералды жиынтық жөнінде көріністі толық қалыптастыру.
Көптеген әлеуметтік үрдістер социологиялық зерттеу бағдарламасымен белгіленген шеңберінің пәні болып табылады және өзінің территориалдық уақыт шекаралары бойынша, генералды жиынтықты құрайды. Әрбір зерттеу жиынтығын белгілі қасиет сипаттайды, оның мәңі бойынша, берілген объекттің генералды жиынтыққа жататынын немесе жатпайтынын үнемі белгілеуге болады. Осылай, генералды жиынтық негізінде берілген қала тұрғындарын, кәсіпорынның өндірістік персоналын, студенттерді және т.б. қарастыруға болады.

1.7 Зерттеудің жұмыс жоспары

Социологиялық зерттеу жоспарының құрылымдық компоненттері бұл оның кезеңдері және түрі мен формасы бойынша әртүрлі ғылыми зерттеулік және ұйымдастыру техникалық процедуралар мен операциялар болып табылады. Бұлардың бәрі жоспардың 4 блогында құрылымданады.
Бірінші блок. Зерттеудің инструментарий мен бағдарламасы бекітіледі және талқыланады; алғашқы социологиялық ақпаратты жинау тобын құрастыру мен дайындау; сыналатын зерттеу жүргізу; сыналатын зерттеу қорытындылары бойынша бағдарламаға түзетулер енгізу; инструментарийды көбейту; смета дайындау және зерттеу шығынын есптеу.

Әдебиеттер

1 Аитов Н.А. Социология труда. – Алматы, 1997.- С. 192.
2 Вебер М. Избранные произведения. – М., 1990. – С. 25.
3 Волков Ю.Г., Нечипуренко В.Н., Попов А.В., Самыгин С.И. Социология: курс лекций: учебное пособие. – Ростов-на-Дону. – 1999. – С. 97.