Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Заңтану

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 63 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

ҚР-да тұтынушылардың құқықтарын құқықтық қорғау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Тұтынушыны қорғау
1.1 Елімізде тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңның жаңаруы –уақыт қажеттілігі 9
1.2 Тұтынушының құқықтарын қорғауға байланысты қатынастарды реттейтін
заңдарға шолу 13
2 Тұтынушы және оның құқықтарын қорғау жолдары
2.1 Тұтынушының құқықтарын сотқа дейінгі тәртіппен қорғау 24
2.2 Тұтынушының құқықтарын соттық тәртіппен қорғау 28
2.3 Тұтынушылардың құқықтарын сотта «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» қоғамдық бірлестіктері арқылы қорғау 33
3 Республикамыздағы тұтынушылар құқықтарын қорғайтын бірқатар мемлекеттік органдар
3.1 Табиғи монополияларды реттеу жөнiндегi Агенттiк 36
3.2 Тұтынушылар құқығын қорғау аясындағы стандарттау және сертификациялау жөнiндегi мемлекеттiк Комитет 44
3.3 Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдардың қызметі 50
4 Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастығының негiзгi бағыттары 56
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 63

КІРІСПЕ
Тұтынушы – өзінің жеке өнімін қоса алғанда, кез- келген өндірген өнімді, кез келгеннің қызметін пайдаланатын тұлға немесе ұйым.
Тұтынушылармен жұмыс жасау, яғни сараптау, болжамдау, шын мәнінде оның іс-әрекетін басқару маркетинг саласында қызмет жасайтын, мейлі ол сатушы, не сауда агенті, маркетинг – менеджер, не маркетинг – директор болсын, оның күнделікті кәсіби қызметтің құрамдас бөлігі болып табылады. Алайда мақсатты рынокты білу, рыноктың жаңа сегменттерін қалыптастыру және рыноктарды сақтай білу қажеттілігі тек маркетологтар үшін ғана, сондай-ақ басқалар үшін арта түсті. Нарықтық қатынастардың дамуымен және бәсекелестіктің күшеюімен қатар нарықтық қатынастардың әрбір қатысушы үшін тұтынушымен жұмыс істеу өзектілігі ұлғая түсуде. Нарықтық экономика жағдайында әрбір маман өз қызметіне деген тұтынушылардың сұранымын қалыптастыра және сақтап қалуы тиіс.

1 Тұтынушыны қорғау
1.1 Елімізде тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңның жаңаруы - уақыт қажеттілігі
Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасында тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңнама құқықтық нормалардың едәуір бөлігін құрады, бірақ ол бір жүйеге келтірілмеді. Бүгінге дейін қолданылып келген Қазақ КСР-ның 1991 жылғы 5 маусымдағы «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» Заңы ескірген. Қоғамдық қатынастардың өзі реттейтін саласындағы қазіргі өмір шындығын көрсете алмайды. Сондықтан оны қайта өңдеп жетілдіру керек болды Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңнаманы жаңарту жағынан Қазақстан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерінің көбісінен кейін қалды, ал Қазақстан Республикасы, халықаралық қатынастар субъектісі және әлемдік қауымдастықтың бөлігі ретінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі өз саясатын тиісті қатынастарын реттейтін бірқатар халықаралық құжаттарға сәйкес негіздеуі және жүргізуі қажет.

1.2 Тұтынушының құқықтарын қорғауға байланысты қатынастарды реттейтін заңдарға шолу
Тауарар, қызмет көрсетулер және жұмыс түлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы ұлттық саясаттың міндеттерінің негін қалаушылардың бірі болып табылады.
Тұтыну нарығында айналымға енгізілген өнімдер мен қызмет көрсетулер қауіпсіздігі нарықтық экономиканың билікті талабы болып табылады. Көрсетілген талаптардың орындалмауы техникаық кедергілердің пайда болуына әкеледі. Тұтыну нарығына сапасыз және қауіпті өнімдерді енгізбеу мемлекеттің, өнімдердің сауда айналымында жүзеге асырылуы мен енгізілуіне байқылау жасайтын атқарушы органдар үкіметінің басты қағидалардың бірі болып табылады.

2 Тұтынушы және оның құқықтарын қорғау жолдары
2.1 Тұтынушының құқықтарын сотқа дейінгі тәртіппен қорғау
Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өту кезеңінде тұтынушылар құқығы мемлекеттік саясаттың құраушы бөлігі болуы тиіс, себебі тұтынушылар құқығын қорғаусыз экономиканы тұрақты дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес.
Қазіргі кезеңде тұтынушылар құқығын қорғау мемлекеттік жүйе ретінде даму сатысынан әлі де өткен жоқ, яғни даму үстінде. Тәжірибе жүзінде тұтынушылар құқығын қорғаудың мемлекеттік жүйесін шығару сатушылар мен тауарды тұтынушылар арасындағы құқықтық қарым – қатынастарды ретке келтіруді және тұрақандыруды жеделдетеді, тұрғындардың тұтынушылық қабілеттілігін қорғауды реттейді, жалпы азамататтық – тұтынушылықтың фундаментальды құқығын шығаруға мүмкіндік береді.

2.2 Тұтынушының құқықтарын соттық тәртіппен қорғау
Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген тұтынушылардың құқықтарын қорғау соттық тәртіпте азаматтардың немесе тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымдарының талаптары бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» Заңның ережелерінің тиімді орындалу механизмі болып, құқықтары бұзылған тұтынушылардың сотқа жүгінуі табылады.
Қазақстан Республикасының Азматтық іс жүргізу кодексінің 7 бабында «Азаматтық істер бойынша сот төрелігін азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген ережелер бойынша тек қана сот жүзеге асырады» - деп атап көрсетілген. Бұл сот жоғары өкілеттілікті иеленіп, мемлекет атынан іс-әрекет жасайды [20].

2.3 Тұтынушылардың құқықтарын сотта «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» қоғамдық бірлестіктері арқылы қорғау
Қазақстан Республикасында азаматтық істерді өз уақытында, дұрыс қаралып, шешілді деп бағалау қиын. Сот алдымен тұлғалардың бұзылған субъективтік құқықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін жүзеге асыру туралы қорытындыға келмес бұрын, ол құқықтар мен мүдделер негізделген нақты фактілерді анықтап алуы қажет.

3 Республикамыздағы тұтынушылар құқықтарын қорғайтын бірқатар мемлекеттік органдар
3.1 Табиғи монополияларды реттеу жөнiндегi Агенттік
Дүние жүзілік тәжірибе көрсеткендей тиімді жүйе болып, егер тұтынушы осы үш әдіс арқылы өз құқығын қорғай алатын болса соны тиімді деп санайды [26, 67б.]. Ол жоғарыда айтып кеткендей барлық елдерде тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың үш негізгі әдісі бар: сот арқылы, мемлекеттік органдар және тұтынушылардың құқығын қорғау ұйымдары арқылы. Барлық мемлекеттерде тұтынушылардың құқықтарын қорғаумен айналысатын арнайы мемлекеттік органдар, министерствалар, ведомствалар құрылған. Мысалы, Ресей Федерациясы мен Татарстанда тікелей Ресей Федерациясының президентінің бақылауында болатын тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнінде Мемлекеттік комитет бар.

3.2 Тұтынушылар құқығын қорғау аясындағы стандарттау және сертификациялау жөнiндегi мемлекеттiк Комитет
Қазақстан Республикасында Стандарттау және сертификациялау жөнiндегi Мемлекеттiк Комитет тұтынушылар құқықтарын қорғау саласында мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асырады. Осы мемлекеттiк қадағалаудың мақсаты - өнiмнiң, жұмыстардың (қызметтердiң) сапасын, сондай-ақ азаматтар өмiрi мен денсаулығының, қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн мәселелердегi тұтынушылар құқықтарын және мемлекет мүдделерiн қорғау болып табылады.
Мемлекеттiк қадағалау мен бақылаудың негiзгi мақсаттары:

3.3 Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдардың қызметі
Егерде сіз қысқа толқында пеш сатып алдыңыз делiк, ол бiр апта өтпей бұзылып қалды немесе тапсырыс берген есіктердің көлемi кенет үлкен болып шықты, ондай жағдайда не iстеу керек – деген сауалға, әрине сiз дүкенге, фирмаға, көршiлерiнiңзге барасыз, келiссөздiң ауыр және ұзаққа баратынын түсiнесiз. Бастысы қарапайым тұтынушы ақырғы нәтижеге сенімді бола алмайды, өйткені өзінің құқығы туралы әрдайым толық хабардар емес. Бұл жерде кәсіби ұйым — Тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы туралы еске салған жөн.

4 Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастығының негiзгi бағыттары туралы келiсiмнің орны
ТМД елдері арасындағы тұтынушылардың құқығын қорғаудың жалпы жүйесін құру мен дамыту.
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдері арасындағы жүргізіліп жатқан экономикалық және саяси интеграциялық процесстер Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдері бойынша келісілген тұтынушылық саясатты жүргізу бойынша ұзақ мерзімге бірлескен іс әрекеттер бағдарламасын өңдеп шығаруды қажет етіп ғана қоймайды, сонымен брге болашақта Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерінің тұтынушардың құқығын қорғау бойынша ортақ жүйені құруды да қажет етті. Осы жүйені құру мақсатында тұтынушылардың құқығын қорғау тиімділігін қамтамасыз етудің бір жолы ретінде 2000 жылы 25 қаңтар айында тұтынушылардың құқығын қорғау саласындағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдері мемлекеттерінің іс әрекеттерінің негізгі бағыттары туралы Келісім жасалды.

ҚОРЫТЫНДЫ
Тәуелсіздіктің ақтаңы желбіреп, сонау 90 жылдардың басында алған кезден бастап біз сіздермен бірге дәйектілікпен құрып жатқан Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді. Бүгінде арықтық экономика мен өз мемлекетіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді [36].