Ана тілін оқытудың тиімді әдістемелік жолдары
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 5
1 Ерекше ғылымдардың бірі - қазақ тілі мен әдебиетін оқыту
1.1 . Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қолданылатын оқыту әдістері 10
1.2 «Тіл құрал» еңбегінің ерекшеліктері 12
1.3 Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында әдіс – тәсілдерді қолдану
Жолдары 18
1.4. Көркем шығармаларды оқып үйренудің әдіс – тәсілдері 23
2 Қазақ жұртының данышпаны
2.1 А.Байтұрсынұлы – қазақ әліпбиінің негізін қалаушы 25
2.2 Ахмет шығармаларын орта мектепте оқутыдағы жұмыстар 32
2.3 А.Байтұрсынұлы шығармаларын оқыту 34
2.4 Ахмет шығармаларын өтуде жаңа технология пайдаланудың тиімді жолдары 44
2.5 Ахмет.Байтұрсынұлы шығармаларын ертеңгіліктерде пайдалану 52
Қорытынды 57
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 60
КІРІСПЕ
XIX ғасырдың соңғы кезі XX ғасырдың алғашқы отыз жылы ішінді қазақ халқының қоғамдық – саяси, мәдени және әдеби өміріне белсене араласып, өнімді еңбек еткен. Артына құнды мұра қалдырған Ахмет Байтұрсынов жоғарыда аталған қайраткерлердің қатарында көп жылдан кейін туған халқымен қайта табысты. Ол Ұлы Октябрь революциясына дейін – ақ үлкен ағартушылық қызметімен бірге, ірі ғалым – лингвист, әдебиет жинаушысы – зерттеушісі, тюрколог, бірқатар оқулық пен оқу құралдарының авторы, дарынды ақын – аудармашаы ретінде кеңінен танылған еді.
1 Ерекше ғылымдардың бірі - қазақ тілі мен әдебиетін оқыту
1.1 Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қолданылатын оқыту әдістері
Әдіс-тәсілдер деген не?Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне де байланысты болады. Оқыту процесінде мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе –мұғалім оқытуы, екінші мәселе –оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқу қызметтері,оқу әдістеріне жатады. Мысалы, мұғалімнің әңгімелесуі -әңгіме әдісі немесе кітаппен жүргізетін жұмыс түрлері- кітаппен жұмыс әдісі, оқушының жауап беруі оқушы білімін тексеру әдісі деп аталады. Сонымен, әдіс-тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әр түрлі болып келеді.Мектептегі оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Мысалы, әдеби айтыс тудыратын сұрақтар оқушы белсенділігін танытып, арттыратын тәсілдердің бір түріне жатса, көркем мәтінді талдау оқушының тәжірибелік жұмысын бақылаудың бір тәсілі, жолы болып келеді.
1.2 «Тіл құрал» еңбегінің ерекшеліктері
Ахмет Байтұрсынұлына өзі көшбасшы болған қазақ тіл білімінде ғана емес, күллі түркологиялық әлемде атақ-абырой әперген «Тіл – құрал» атты кітабы болды.
«Тіл – құралы» оқулығы «Сөз басы», «Тіл мүшелері», «Сөйлеу мен сөйлем», «Сөйлем мен сөз», «Сөз бен буындар», «Буын мен дыбыс», «Қазақ тіліндегі дыбыстар және олардың таңбалануы», «Сөз жазуының жалпы ережелері», «Жұрнақтар» /19 түрі көрсетілді/, «Атауыш сөздер» /зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік/, «Шылау сөздер», «Үстеу, демеу, жалғаулық, одағай сөз, қорыту, тасымал» бөлімдерінен тұрады. Әрбір ұғымға анықтама берген, мысалдар келтірілген, «Сынау» деген айдармен түрлі жаттығу тапсырмалар ұсынылады. Берілетін анықтамалар өте ұғыныңқы, мәселен, зат есімге арналған тұжырымға назар аударайық:
1.3 Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында әдіс – тәсілдерді қолдану жолдары
1. Кітапты қалай оқу керек, оқып отырып, неге назар аудару керек, яғни оқырмандық мәдениетін дамыту мақсатында үнемі басшылық жасау, ақыл-кеңес беру. Төмендегі үлгіде көмекші-нұсқау жазып, оны кабинетке іліп қою.
Мына мәселелерге көңіл бөл
1.4 Көркем шығармаларды оқып-үйренудің әдіс-тәсілдері
Көркем мәтінді талдау шығармашылық жұмыстарды талап етеді. Қай көркем шығарманы оқыса да, оқушылардың ол туралы өзіндік әсері, пікірі туындайды. Біреуге қатты ұнаған шығарма екіншісіне ұнамауы мүмкін. Оқушы көркем туындыны өз дүниетанымы, сезімі, білім дәрежесіне байланысты қабылдайды. Әдеби талдаудың басты мақсаты – оқушылардың өзіндік қабылдауларын, пікірін - әдебиеттану ғылымының талабына сай ғылыми арнаға бағыттау болып табылады.
2 Қазақ жұртының данышпаны
2.1 Ахмет Байтұрсынұлы– қазақ әліпбиінің негізін қалаушы
А.Байтұрсынов мұғалімдер даярлайтын оқу орнын /мектебін/ бітірісімен, 1895 жылдан бастап 13–14 жыл бойы бала оқытумен шұғылданады.. 1895 – 1909 жылдар арасында ауылдық, болыстық бастуыш мектептер мен 5 – 6 жылдық екі кластық училищелерде мұғалім болып қызмет атқарады. Бала оқыта жүріп, сол оқыту ісіне қажетті жағдайларды қарастырады. Ең алдымен қазақ балаларының сауатын қазақша ашатын ұлттық жазу таңбалары /графикасы/ бар ма, екіншіден, оқыту жүйесі жолға қойылған, үкімет тарапынан ашылған мектептер бар ма, үшіншіден, ондай графикасы мен мектебі болған күнде қазақ тіліндегі «Әліппе» кітабы мен оқулықтары бар ма, міне осыларға назар аударуы. Әрине, осылардың бірде-біреуінің жоқ екенін біледі және осыларды дүниеге келтірмейінше, жүзеге асырмайынша, қазақ даласындағы оқу-ағарту ісін дұрыс жүргізу мүмкін емес екендігін жақсы түсінеді.
2.2 Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығын оқыту
Бағдарламада Ахмет Байтұрсынұлы қазақ мәдениеті тарихында ірі тұлға, аса көрнекті ғалым, қоғам қайраткері және белгілі де беделді ақын, аудармашы болғанын білгізу мақсаты қойылады.
Алғашқы сабақта Ахмет өмірінің елеул кезеңдері – оқып білім алуы, мұғалімдік қызметі, саяси іске араласуы, «Қазақ» газетіндегі жұмысы, «Алаш» қозғалысынан өтіп, Кеңес өкіметі жағына бет бұруы, қоғамдық, ұстаздық қызмет атқаруы, жазықсыз айыпталуы таныстырылады. Ахмет өміріне қатысты мәліметтерді таныстыруда оқушылардың білгісі келетін деректері-жазықсыз айыпталуы, оның себебі,бастан кешкен азаптары, өмірінің соңғы жылдары.
Оқулық ақын өміріне қатысты деректерді, естелік материалдарды түгел қамти алмайды. Сондықтан мұғалім бұл орайда С. Кәкішевтің «Ахаң туралы ақиқат» кітабын (1992ж), «Бес арыс» кітабындағы (1992ж) Г.Дулатованың естеліктерінен үзінділер мен газет-журналдардағы зерттеу мақалаларды, Ахметтің шығармалар жинағын пайдаланады.
2.3 Ахмет шығармаларын орта мектепте оқытудағы жұмыстар
Қазіргі кезең тарихымызды түбірімен қайта қарастыруды талап етіп отыр. Әдебиетті оқыту алдында да келелі міндеттер тұр. «Халық жауы» болып жабылып келген саңлақтар шығармасын былай қойғанда, өзіміз әбден білеміз, танимсыз деген ақын –жазушылар шығармаларын қайта қарастырып, саясат «құрбанына» айналған еңбектеріне жол ашып, оларды партиялық идеядан аршып, халқымен табыстыру-басты мақсат болуы керек.
2.4 Ахмет шығармаларын өтуде жаңа технология пайдаланудың тиімді жолдары
Қазіргі заман – бұрын – соңды болып көрмеген бәсекелестік заманы. Ұзақ жылдар бойы білім беру тек рухани – интеллектуалдық көзқараста болып келсе, енді білім туралы әлеуметтік әділдік пен өмір сапасына қажет құрал ретінде түсінік қалыптасуда. Себебі халықтың саналық деңгейінің өсуі де, мемлекеттік саясатты түсінуі де білік пен білімді қажет етеді.
Президент Н.Назарбаевтың «ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте, оның білімділік деңгейімен айқындалатынын» ерекше атап көрсетуінде де үлкен маңыз бар. Өйткені кез келген мемлекеттің рухани, әлеуметтік – экономикалық дәрежесі сонда өмір сүретін халықтардың білім деңгейіне қатысты бағаланады. Ендеше, еліміз сенім артып отырған бүгінгі студент, ертеңгі мамандар жаңа заман талабына сай, терең білімді, пайым – парасаты мол, өрелі жастар болуы керек.
2.5 Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын ертеңгіліктерде пайдалану
Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуге тиіс. Әдебиет- өнер, сөз өнері пәні. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Сөз жоқ икем дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілеті, дарынына әсер ету, оған әрі қарай білім берумен қоса жүреді. Бірақ осы жұмыстардың барлығын сабақ процесінде жүзеге асыру мүмкін нәрсе емес. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие берудің басты-басты мәселелері сыныптан тыс жұмыстарды тиімді ұйымдастыру арқылы жүргізіледі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ахметтің қай шығармасын алсақ та халықтығы басым, тәлім – тәрбиеге толы. Ұлы Ахметтің қазақ өмірінің қай кезеңіне де дәл келмейтін сөзі бар ма, тәйірі! Мына жолдар да бүгінгі жас ұрпаққа білдіргелі отырған зиялылар мен қазақ ұлтының қасиет тұтар қазынасы болып табылады.. Қай шығармасын алып талдасақ та, халық мұрасының айнасы екендігіне сөз жоқ.