Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 59 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Қазақ тіліндегі сөзжасам жүйесі


МАЗМҰНЫ
Кіріспе 5
1 Сөзжасам тарихы 7
1.1 Тілдің сөзжасам жүйесі 7
1.2 Қазақ тіл білімінде сөзжасам мәселесінің жайы 15
1.3 Сөзжасамдық типтің белгілері мен сөзжасамдық жұптың сөзжасамдық ұядағы орны 18
1.4 Сөзжасам тәсілі 22
1.5 Сөзжасам негізділігі 28
2 Сөз таптарының сөзжасамдық жүйесі мен әдістемесі 31
2.1 Есімдер сөзжасамы 31
2.2 Етістіктер сөзжасамы 41
2.3 Үстеулер сөзжасамы 46
2.4 Сөзжасамдық –дай/-дей, -тай/-тей жұрнақтарының қолданылу ерекшілігі мен қалыптасу тарихы 50
2.5 Сөзжасамның әдістемесі хақында 54
Қорытынды 57
Пайдаланылған әдебиеттер 59

Кіріспе

Тілдің сөздік құрамындағы сөздер өзгермейтін, белгілі бір сөз таптарына байланып, қатып қалған нәрсе емес. Тілдің тарихи даму барысында олар үнемі үздіксіз қозғалыста болып, бір сөз табынан екінші бір сөз табына ауысып, өздерінің мәні мен қызметін өзгертіп отырады.
Тілдің негізгі сөздік қоры мен грамматикалық құрылымның қарым – қатынасына лайық сөздердің ішінара бір категориядан екінші категорияға ауысып отырулары тек өткен – қазіргі заманның ғана жемісі емес, ілгері уақыттарда да болатын құбылыстар.
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына орай қайта түлеп, қазіргі заманғы ғылым мен техниканың, әлеуметтік өмір мен қоғамдық қарым – қатынастың сан түрлі саласы бойынша терминдер жүйесін жасау шұғыл қолға алынып, басқа тілдің ықпалынан арылу барысында ана тіліндегі сөздердің байырғы мағыналарына жаңа мағыналар үстеліп немесе сөздерді біріктіру, қосарлау, тіркестіру, қосымша жалғау секілді сөзжасам тәсілдері арқылы жаңа сөздер, терминдер пайда болып жатқан бүгінгі таңда қазақ тілінің сөзжасамдық жүйесінен толық және дұрыс мағлұмат беру, әрі әлеуметтік астары бар маңызды, өте жауапты міндет болып табылады.

1 Сөзжасам тарихы
1.1 Тілдің сөзжасам жүйесі
Кез – келген тілдің лексикасының негізі – сол тілдің негізгі сөздік қоры, яғни ежелден келе жатқан байырғы лексикасы. Баяғы – бағзы заманнан келе жатқан лексика – халық тарихының тілдегі көрінісі. Өйткені халық тарихы – халықтың өткен өмірінің айнасы. Тілдің байырғы лексикасы – халықтың әлеуметтік өмірі мен барлық тіршілігінің, күн – көріс тәсілдерінің, әдет – ғұрып, салт санасының, өскен ортасы мен басқа елдермен қарым – қатынасының тілде замандар бойы сақталынып та, қолданылып та келе жатқан аса құнды асыл мұрасы, сарқылмас қазынасының негізгі көзі.

1.2 Қазақ тіл білімінде сөзжасам мәселесінің жайы

Тіл қоғамда өмір сүреді, қоғамның барлық өмірі тілмен тығыз байланысты. Қоғамның дамуы, ондағы сапалық өзгерістер тілдің құрылымы жағынан дамуына, жетілуіне, саралануына әсер етеді. Тіл құрылымы мен құрылысындағы дамудың нәтижесінде тілдің жаңа саласы-сөзжасам сараланды. Қазіргі кезде қазақ тіл білімінің қалыптасқан күрделі сөзжасам жүйесі бар.

1.3 Сөзжасамдық типтің белгілері мен сөзжасамдық жұптың сөзжасамдық ұядағы орны

Сөзжасамдық тип – тілдің синтетикалық сөзжасам жүйесінің негізгі мәселесі. Сөзжасамдық тип қатыспайтын ешбір сөз табының жүйесі жоқ. Тілімізде туынды түбір сөздер қаншама көп болса, олардың бәрі түрлі сөзжасамдық типтер арқылы жасалған, сөзжасамдық типтсіз жасалған ешбір туынды түбір сөз жоқ. Міне, бұл сөзжасамдық тип мәселесінің сөзжасамнан алатын үлкен орнын, маңызды қызметіне айғақ, дәлел болады.
Ғылымда туынды түбір атаулы толық зерттелді деп айтуға болмайды, ал зерттелгендерінің өзі тек сөзжасамдық жұрнақпен байланысты ғана зерттелген. Ал туынды түбір сөздің мағынасы тек жұрнаққа ғана байланысты емес, туынды сөздің құрамына тегіс қатысты, ол осы уақытқа дейін ескерілмей келді. Сондықтан туынды түбір сөздердің мағыналары толық ашылды деуге ерте.

1.4 Сөзжасам тәсілі
Сөзжасам – тілдік құбылыс ретінде сөз жасау, тілдік сала ретінде туынды сөздің жасалу жүйесі мен семантикалық ерекшелігін зерттейді. Тілдегі жаңа сөздер негізгі тілдік ережелер, белгілер, тәсілдер арқылы жасалады. Қазақ тіл білімінде «бұл саланың объектісіне сөз жасаушы тәсілдер, туынды сөздер, олардың түрлері сөзжасамдық заңдылықтар мен мағына жатады» деп берілген.
Сөзжасам аффикстеріне жатқызылып жүрген қосымшалардың барлығы дерлік әрқашан жаңа сөз тудыра бермейді, сондықтан олардың ерекшеліктері ескерілуі керек. Қандай тәсіл арқылы жасалса да, сөз тудырудың (сөзжасамның) ең басты мәні, ерекше сипаты – жаңа мағыналы сөз / мейлі жалаң сөз, мейлі туынды сөз, мейлі күрделі сөз болсын / жасап, сол арқылы, біріншіден, жаңа ұғымның атауы пайда болып, екіншіден, қазақ тілінің сөздік құрамын байыту.

1.5 Сөзжасам негізділігі

Сөзжасам қазақ тілінде өз алдына сала болып қалыптаспағандықтан, оның терминдері жеткіліксіз, сөзжасамдық ұғымдардың да бәрі толық анықталып бітпеген. Ғылымның соңғы жетістіктеріне байланысты пайда болған сөзжасамдық ұғымдар бар, олар сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы болып, қалыптасуына байланысты туып отыр. Сондықтан осы еңбекте пайдаланылатын сөзжасамдық ұғымдарға түсінік беруді дұрыс көрдік.
Туынды сөз атаулының мағынасына негіз сөздің мағынасы арқау болады, сондықтан туынды сөз негізгі сөзге жатады. Айталық жер, су, тау, көл, бал,бер, ал, же сияқты сөздердің мағынасы неліктен осылай екенін көрсететін дәлел, айғақ жоқ, олардың морфемдік, дыбыстық құрамы ол жөнінен ешбір дерек бермейді.

2 Сөз таптарының сөзжасамдық жүйесі мен әдістемесі
2.1 Есімдер сөзжасамы
Әр сөз табы тілдің белгілі бір сөзжасам жүйесіне бағынады. Сондықтан қазақ тілінің жоғарыда айтылған сөзжасам тәсілдері зат есімнің жасалу жолдарына тікелей қатысты. Қазақ тілінде зат есім тудыратын арнайы жұрнақтары бар. Олар сөз тудыру сипатына қарай өнімді, өнімсіз, күрделі, құрамды, өлі, тірі жұрнақтар болып, есім сөздерден зат есім, етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар болып тағы да үлкен – үлкен топтарға бөлінеді. Зат есім қазақ тілінде мағына тудыруда, қазақ тілінің сөздік құрамын байытуда ең бір актив сөз табы болып табылады. Сөз тудырудың зат есімге үш тәсілі де қатысты. Сондықтан синтетикалық тәсілдің өзі есімдерден зат есім тудыратын өнімді жұрнақтар:

2.2 Етістіктер сөзжасамы
Етістіктің сөзжасам жүйесі өте күрделі. Бұл сөз табының туынды мағыналары әр түрлі сөзжасам амал – тәсілдерін қамтиды. Етістік мағыналарын тудыратын ең өнімді тәсілі – синтетикалық (морфологиялық) тәсіл. Етістік тудыратын жұрнақтар сан жағынан да, қимыл - әрекет мағынасын тудыруы жағынан да, қай сөз табынан болса да, әр қилы. Етістік тудыратын жұрнақтар есімдерден етістік тудыратын өнімді жұрнақтар, етістіктен етістік тудыратын өнімді жұрнақтар болып бөлінеді. Сол сияқты есімдерден етістік тудыратын өнімсіз жұрнақтар, ал етістіктен етістік тудыратын өнімсіз жұрнақтар құрамы жағынан дара (өнімді, өнімсіз), күрделі (өнімді, өнімсіз) болып екіге бөлінеді.

2.3 Үстеулер сөзжасамы
Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер құрамы жағынан әр алуан. Демек, үстеулер, негізінде, өзге сөз таптарынан әр түрлі тәсілдер арқылы ауысып келген сөздер болғандықтан, құрамындағы сөздер де ала – құла болып тұрады. Айтап айтсақ, үстеулер – төмендегідей әрқилы сөз таптарынан (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік т.б.), демек, барлық негізгі сөз таптарынан ауысып құралған сөздер.

2.4 Сөзжасамдық –дай/-дей, -тай/-тей жұрнақтарының қолданылу ерекшілігі мен қалыптасу тарихы
Қазіргі қазақ тілінің жалпы мәселелері біршама жан-жақты зерттелгенмен, әлі де өз шешімін толық таппаған жеклеген мәселелері жеткілікті. Солардың ішінде тіліміздің морфология-синтаксисіне тікелей қатысты кейбіреулерін фонетика-лексикамен, тіпті оларды тіл тарихымен ұштастыра қарастыру қажеттігі аңғарылады. Тіл тарихына қатысты дегенде біз қазіргі тілімізде нақты қолданыста жүрген кейбір морфологиялық тұлғалардың бұрынғы түп тегіне үңілу мәселесін айтамыз.

2.5 Сөзжасамның әдістемесі хақында
Сөзжасам - қазақ тілінің жаңа сөздер жасап, сөздік қорды үнемі байытып отыратын нгізгі жүйесі, яғни сөз жасаудағы заңдылықтар мен ережелердің жиынтығы.
Ол жөнінде ғалым С.Исаев «Қоғамдық өмірдің дамуымен байланысты жаңа ұғымды білдіретін жаңа сөздер пайда болады. Сөздердің пайда болуымен жасалуының белгілі бір заңдылықтары бар» дей келе, сөзжасамға мынадай анықтама береді: «Тілдің сөздік құрамының дамып, осылай жаңа сөздердің пайда болуын ғалым тілінде сөзжасам деп атайды» [39, 32].

Қорытынды
Сөзжасам - тіл білімнің басқа салаларының ешқайсысы атқара алмайтын қызметті жүзеге асырады. Ол - сөзжасамның туынды сөз, жаңа сөз жасау қызметі. Сондықтан сөзжасам жаңа сөз жасаудың барлық мәселелерін түгел қамтиды. Тілдің сөзжасам жүйесінің күрделенуі, баюы, толығуы көбіне сөзжасамдық жұрнақтардың мағыналық құрамының кеңеюі арқылы болады. Сөзжасамдық жұрнақтардың ішінде әр түрлі мағына беретін жұрнақтар жиі кездеседі.