Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 62 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

Қазахстан Республикасындағы инвестициялық қызметін талдау


Мазмұны
Кіріспе 6
1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің экономикалық мәні 9
1.1 Инвестиция түсінігінің пайда болуы және дамуы 9
1.2 Инвестициялық қызметінің операцияларының түрлері 15
1.3 Инвестицияларды есептеу әдістерінің түрлері 19
2 Кәсіпоріннің инвестициялық қызметін талдауы және бағалауы 27
2.1 Инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында тартымды ресурстардың құрлымы мен даму ерекшелігі 27
2.2 Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау әдістерін қолдануы 34
2.3 2007-2009 жылдардағы инвестициялық қызметті қаржыландыру ресурстарына талдау 39
3 Болашақта кәсіпорындағы инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер және жетілдіру жолдары 50
Қорытынды 57
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 60
Қосымша 62

Кіріспе
Нарық жағдайында өнеркәсіп өндірісі жаңа технологиялық базаға көшу кезінде, ұдайы өндіріске капитал салудың нәтижесінде «инвестиция» түсінігі негізгі болып саналады. Өйткені нарық жағдайындағы үрдісте инвестиция негізінде жаңалық түрін өндіріске еңгізу арқылы өнімнің жаңа немесе жетілдіретін түрін шығару, өндіріс техникаларын жаңалау, технология тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру іске асырылады.
Сонымен, өндірісті инновациялық деңгейде жүргізу деп ғылыми және техника жетістіктер негізінде тиімді, пайдалы өciм беретін, тұтынушылардың талабын жаңа әдіспен қамтамасыз етілуін осы тақырыптын актуалдығы болып табылады деп айтуға болады.
Ал инвестиция термині біздің экономикамызға енген жаңа ұғым (ағыл. - investments) - «күрделі қаржы салу» деген ұғымды білдіреді. Бұл ұғым қазіргі экономикалық жағдайында «күрделі каржы салу» ұғымына қарағанда кең мағыналы ұғым.

1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің экономикалық мәні
1.1 Инвестиция түсінігінің пайда болуы және дамуы
Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар бар мүшелер. Сондай – ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады.
Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде банктік жүйеге келтіріледі.

1.2 Инвестициялық қызметінің операцияларының түрлері
Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді.
Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор. Бұл тұрғыдан инвестициялық іс - әрекетті екі құрамдас бөлікке жіктеуге болады. Экономикалық құрылым мынадай элементтерден және инвестициялық іс-әрекеттің нәтижесінен тұрады [2]:

1.3 Инвестицияларды есептеу әдістерінің түрлері
Инвестициялар бірнеше түрге бөлінеді: венчурлық, тікелей, портфельдік, аннуитеттік түрде болады [Қосымша А].
Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде. Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да, салынатын қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.

2 Кәсіпоріннің инвестициялық қызметін талдауы және бағалауы
2.1 Инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында тартымды ресурстардың құрлымы мен даму ерекшелігі
Батыс елдердің бір қатарында қазіргі несие жүйесінде инвестициялық банктер өздерінің дамуын алды. Батыс елдердің инвестициялық банктердің пайда болып, басқа банктерден бөлінуіне еңбек бөлінісі және несие аясындағы мамандану әкелді.
Инвестициялық банктердің негізгі қызметі -ұзақ мерзімді ссудалық капиталды мобилизациялау және оны қарыз алушыларға акцияларды, облигацияларды және орналастыру арқылы, қарыздық міндеттемелердің басқа түрлері арқылы беру. Әр ірі фирма, корпорация әдетте өзінің инвестициялық банкісімен жұмыс істейді және сол банктің қызметін пайдаланады. Қазіргі инвестициялық банктердің екі түрі қызмет етеді:

2.2 Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау әдістерін қолдануы

Инвестициялық қызметті талдау үшін практикада бірнеше әдістер колдануға болады. Оның бір қатарын жоғарғы тармақтарда қарастырғанбыз. Осы тақырыпта аудандағы шағын кәсіпорынның – «Строймастер» ЖШС инвестициялық қызметтін қарастырамыз. Бүл кәсіпорынның негізгі қызметі – жаңа құрылыс және жөндеу құрылыс жұмыстары.

2.3 2007-2009 жылдардағы инвестициялық қызметті қаржыландыру ресурстарына талдау
Қазақстан тұңғыш президенті Н.Ә Назарбаев нарықтық қатынастары ерте қалыптасқан, нарықтық құрылымдары әбден дамыған Америка Құрама Штаттары, Европа, Азияжолбарыстары болып саналатын Оңтүстік Корея, Гонконг, Тайвань, Сингапур, Индонезия, Малайзия, Тайланд және Филипин елдерімен дипломатиялық достық қарым-қатынас орнатып, олардың әлемдегі ірі-ірі транс-ұлттық компанияларын Қазақстан экономикасына тартты. Соның арқасында, әсіресе, шикізат саласына миллиардтаған доллар шетелдік қаражат ұзақ мерзімге әкелініп, Қазақстан экономикасына қан жүгіре бастады.

3 Болашақта кәсіпорындағы инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер және жетілдіру жолдары
Экономиканың дамуында жақсы қалыптасқан ол инвестициялық саясат. Экономикадағы бағаны ырықтандыру және қайта құру саясатының арқасында пайда болған 136 аса ірі және орташа тауар өндірушілердің біріктіретін индустриялық базаның маңызы зор.

Қорытынды
Инвестициялық қызметті жүзеге асыру арқылы мемлекет инновациялық жетістіктерге жете алады. Ескере кететін болсақ ұзақ мерзімді қаржыландырудың бірден бір қайнар көзі болып табылатын инвестициялар, лизингтер, бағалы қағаздар болып табылады. Бүгінгі күні біздің елімізде осы инвестициялық саясат, лизингтік келісім және қор биржасындағы бағалы қағаздардың қарқынды дамуы күннен күнге өз мәресіне жетуде.