Д. Исабеков шығармаларындағы ұлттық дәстүрлер көрінісі
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Дулат Исабеков прозасының психологизм сипаты 5
1.1 Жазушы шығармаларындағы ұлттық таным 5
1.2 Д.Исабеков шығармаларындағы психологизмнің көріну тәсілдері 8
2 Д.Исабеков повестерінің көркемдік және танымдық сипаты 14
2.1 Д. Исабеков шығармашылығындағы замандас бейнесі 14
2.2 Жазушы шығармаларындағы жатсыну мәселесі мен антиутопиялық сарын іздері 16
Қорытынды 22
Пайдаланылған әдебиеттер 23
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: ХХ ғасырдың 60 - жылдарынан қазақ прозасының дамуына өз үлесін қосқан қаламгерлер қатарында ерекше орыны бар жазушының бірі – Дулат Исабеков. Көрнекті қаламгердің жазушылық шеберлігі мен көркем туындыларында замана мәселелерін көркемдеудегі суреткерлік болмысы, шығармаларындағы кейіпкердің ішкі жан иірімдерін бейнелеу жолдары кеңінен ашылып, автордың өзіне ғана тән қолтаңбасы сараланады, сонымен бірге жазушының суреткерлік болмысына тән стильдік ерекшелік кеңінен қарастырылады. ХХ ғасырдың 60 – 80-жылдарындағы әдеби процесті зерделеу - күрделі де көп қырлы құбылыс. ХХ ғасыр аяғындағы әдебиет, оның ішінде 60 – 80-жылдар прозасының хал-ахуалы туралы пікір айту, әрине, іштей қайшылықтарға толы. Осы кезде әдебиет аулына келген, өндірте жазған, туындыларымен қоғамға серпіліс әкелген жазушылар шығармашылығына баса назар аудару қажет. Д.Исабеков шығармаларының тақырыбы, стилі, образдар құрылымы, композициясы туралы бағалы пікірлер айтылғанымен, прозалық туындыларының көркемдік ерекшелігі жүйелі түрде зерттеу өзегіне алынып, ғылыми мақсатта қарастырылмады.
1 Дулат Исабеков прозасының психологизм сипаты
1.1 Жазушы шығармаларындағы ұлттық таным
Д.Исабековтің шығармалары – өмірдің өзінен алынып, айналадағы күнде көріп жүрген құбылыстар өзіндік құнарлы да қарапайым тілімен әлеуметтік деңгейге дейін көтерілген шыншыл туындылар. Суреткердің арнасынан асқақтамай, қысқа да жинақы жазылған әңгіме, повестерінде адам өмірі, табиғи тазалық, адамгершілік, қазақы мінез, қоғамдық өзгерістер шынайы суреттелген.
Жазушы шығармаларында («Ескерткіш», «Бонапарттың үйленуі», «Талахан-186», «Қара шаңырақ», «Кемпірлер», «Ай-Петри ақиқаты», «Шойынқұлақ» және т.б.) көбіне қоғамды тікелей әлеуметтік айыптау, сынау-мінеу жоқ, жазушы, керісінше, салқын қанды әңгімеші ретінде көрініп, кейіпкерлерін әлеуметтік - психологиялық типтер деңгейіне көтере, сюжеттерді күлкілі ситуация төңірегінде өрбіте отырып, үлкен философиялық жинақтауға қол жеткізеді.
1.2 Д.Исабеков шығармаларындағы психологизмнің көріну тәсілдері
Зерттеу нысанына алынып отырған суреткердің адамгершілік-парасаттылық сияқты мәселелерді көтерген шығармаларынан байқалатын басты ерекшелік – адамның ішкі әлемін, рухани сырын айқын аңғарту. Осыдан бастау алып, жалғасын тауып жататын жаңалықтың бірі – жазушы қаламынан туған көптеген шығармаларға тән тамаша нәзіктік, сазды сыршылдық, әдемі әуездік. Жазушы шығармашылығындағы кейіпкер психологиясының ашылуы олардың сөйлеген сөздері арқылы, іс-әрекеттері, ішкі монолог, психологиялық диалогтар, ым-ишарат, жест, бет құбылысы, дене қозғалысы, психологиялық пейзаж, параллелизм, деталь, портрет, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау, өзіндік таным, түс көру, сандырақтау, күлкі, жылау, сыр ашу және т.б. арқылы жүзеге асып жатады.
2 Д.Исабеков повестерінің көркемдік және танымдық сипаты
2.1 Д. Исабеков шығармашылығындағы замандас бейнесі
Дулат Исабеков – қарапайым ауыл адамдарының бар болмысын аса сезімталдықпен орынды аша білген – психолог жазушы. Жазушы кейіпкерлерінің жүрек сыздатар аянышты тағдырын түрлі жағдайлар аясында бейнелеп, тығырықтан шығуға ұмтылған талпыныстарын әсерлі де аянышты қалыпта суреттеп, оқырман қауымының көңіл таразысына салып отырады. Мәселен, жазушының «Мәңгілік қағида» атты әңгімесінде жас жеткіншек Андастың аянышты халге душар болғандығы жайлы айтылады. Бүкіл ғұмырында не көрсе де, үнсіз көріп, көндіккен Андас басына түскен ауыр тауқыметті көтеруге тағы да үнсіз келіседі. Жалғыз тірегі – осы үнсіздіктен құтқаратын, көңілін жылытатын тәтті арманын да аяусыз суық қолдар мәңгілік тартып алғандай. Әңгіменің «Мәңгілік қағида» деп аталуының себебі де автор танымынан туындаған ой-өрнегіне келіп саяды.
2.2 Жазушы шығармаларындағы жатсыну мәселесі мен антиутопиялық сарын іздері
Қазіргі әлем әдебиеттануында, соның ішінде орыс әдебиеттану ғылымында соны леп болып танылып келе жатқан жатсыну мәселесі қазақ әдебиеттану ғылымында аз зерттелген сала болып саналатыны айқын. Жатсыну мәселесіне қазақ ғалымдарының ішінде философ ғалымдар көбірек ден қойып жатқаны–құптарлық жайт.
«Жатсыну сияқты философиялық категория – экзистенциализмнің күрделі концепцияларының бірі. Жатсыну мәселесі қазақ әдебиеттану ғылымында аз зерттелген. Философияның да ғылыми мәселесі ретінде жатсыну көп жылдар бойы маркстік-лениндік ілімге қарсы қойылып, тек бір жақты түсініктердің ауқымында қалып қойды. Бүгінгі дәуірде, әлемдік мәдениеттердің интеграциясы күшейген шақта рухани ықпалдардың төркінін танып, өрісін барлау ғылым алдындағы маңызды істердің бірі екені анық» [12, 80].
Қорытынды
Адамзаттың асыл армандар жолындағы күресін, парасатын жырлап, жан дүниесінің сырын шерту – көркем әдебиеттің әріден келе жатқан басты мұраты. Бұл мақсат ешқашан да өз маңызын жоймақ емес. Қайта күн өтіп, заман өзгерген оның мәні арта түседі. Себебі қай кезде де әдебиеттің өзегі – адам, оның ішкі әлемі. Шын мәніндегі әдебиетте адамгершілік ізденістері болуы міндетті. Зерттеу жұмысымыздың өзегі болған Д.Исабековтің қай шығармасы да адамгершіліктің алтын ізін салуымен қазақ әдебиетінде өзіндік орын қалдырып отыр.