ҚР орталық мемлекеттік музей қорындағы ағаштан жасалған бұйымдар
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І ТАРАУ. Орталық Мемлекеттік Музей қорындағы ағаштан жасалған бұйымдар 8
1.1 Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы - киіз үйдің жасалынуы және құрылысы (музей экспозициясы бойынша) 8
1.2 Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Музей қорындағы ағаштан жасалған тұрмыстық заттар 28
II ТАРАУ. Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Музей қорындағы ағаш бұйымдарды сақтау және қайта қалпына келтіру тәсілдері 39
2.1 Ағаштан жасалған музей бұйымдарды сақтау тәртіптері мен талаптары 39
2.1.1 Температуралық - ылғалдылық тәртіп 39
2.1.2 Жәдігерлерді ауадағы зиянды заттардан сақтау 42
2.1.3 Музейдегі биологиялық режим 44
2.2 Музей қорындағы ағаш бұйымдарды қайта қалпына келтіру (реставрация, консервация) 48
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI 62
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының мәдениеті ғасырлар бойы өзіне ата-бабасының дәстүрін, өмір сүру салтына тән ерекшеліктерін бойына сіңіріп қалыптасты. Халқымыздың көшпелі өмір салты, оның қолөнерінің қалыптасуына әсерін тигізбей қоймады. Күнделікті қажеттіліктерін өтеу үшін халық шеберлері тері өңдеп, жүннен жіп иіріп, тоқыма тоқып, іс тігіп, ағаш өңдеп түрлі бұйымдар жасады. Қазақ зергерлері темірді қамырдай илеп, ағаштан түйін түйе білді. Олар батырларға қару-жарақ, сауыт-сайман соқты, ат әбзелдерін жасады. Ағашты сүйекпен әшекейледі, күнделікті тұрмыста үйді, үй іші жиһаздарын жасады. Әсіресе, жүн мен түбітті жібектей, тері терсекті торқадай құлпыртып бұйым жасауға машықтанған ісмерлердің даңқы алысқа тарады.
Зерттеу жұмысы музей қорындағы жәдігерлерге байланысты болғандықтан, музей ісі теориясынан біраз ғылыми әдебиеттер зерделенді. Өкінішке орай бұл салада қазақ тілінде жазылған әдебиеттер жоқтың қасы. Бұл мәселеге байланысты К.Райымханова мен Д. Қатыранның «Музей ісінің теориясы мен практикасы» атты еңбегінің құндылығы өте зор екендігін айтып кету керек. Онда музей құрылымы, музей қорларын сақтау, музейдегі ғылыми- ағарту жұмыстар кең көлемде жазылған.
Зерттеудің теориялық бөлімін жазу барысында арнайы музейтанулық әдебиеттер қолданылды. Олардың ішінде К.Г.Левыкина, В.Хербстың редакциялығымен шыққан «Музееведение. Музей исторического профиля», Т.Ю. Юреневаның «Музееведение» атты оқу құралдарын ерекше атап өткен жөн. Оларда музейтану ғылымының теориялық негіздері толығымен баяндалады.
А.И.Михайловскаяның «Музейная экспозиция» атты еңбегінде экспозицияны құруға қойылатын талаптар жазылған.
Музей қорындағы бұйымдарды қорғауға, сақтауға байланысты Н.Ребрикованың еңбегін айтып өтуге болады. Сонымен қатар, «Инструкция по учету и хранению музейных ценностей» инструкциясы музей бұйымдарын қорғау, сақтау тәртіптерін белгілейді.
Тақырыптың деректік көзі. Зерттеу жұмысын жазу барысында қолданған деректер, Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік музейіндегі инвентарлық кітаптар, картотекалар, музейдің жылдық есептері, экскурция жүргізушілерге арналып жазылған әдістемелік мәтіндер. Сонымен қатар, экспозициялық қойылымдар, экспозиция материялдары және тікелей музей жәдігерлері.
Жұмыстың мақсаты. Осы тақырыпты зерттеу мақсатым- Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Музей қорындағы ағаш бұйымдардың, қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің бір бөлшегі ретінде, музей арқылы ашып көрсетіп, оларды зерттей отырып, ерекшелігін, түрлерін, жасалу техникасын, қазақ халқының өмірінде алатын орнын анықтап, музей заты, тарихи- мәдени жәдігер ретінде қалың оқырманға, зерттеушілерге танымал ету, насихаттау.
Тақырыптың міндеті.
- қазақ халқының ағаштан жасалған бұйымдарының қалыптасуы, түрлері, қолданыс аясы, қазіргі таңдағы ерекшеліктерін зерттеу;
- Орталық Мемлекеттік Музей қорынтағы ағаш бұйымдарға сипаттама беру;
- Тақырыпқа байланысты ғалымдардың еңбектерін пайдаланып, жан- жақты талқылау;
- Музей қорындағы ағаш бұйымдарды сақтау, қорғау мәселелерін айқындау;
- Музей қорындағы ағаш бұйымдарға реставрация жасау, оның жолдарын музей практикасы жүргізуін ғылыми теориялық әдебиеттерде көрсетілген нормалармен салыстырып, ерекшеліктерін айқындау;
- Ағаш бұйымдардың жасалу технологиясын, құрамын айқындау, салыстыру;
- Музей ісінің оқытылуына үлес қосу, практикалық маңыздылығын көрсету.
- Тақырыптың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе, екі тарау, әр тарау екі тараушадан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
1.2 Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Музей қорындағы ағаштан жасалған тұрмыстық заттар
Қазақ халқының өмір жолы көшпелілік, жартылай көшпелілік және отырықшылық жағдайда өткені бәрімізге белгілі. Осыған орай олардың күнделікті тұрмыста пайдаланған ағаштан жасалған тұрмыстық заттары да көші-қонға немесе отырықшылыққа бейімделіп жасалады.
Ағаштан жасалған үй жиһаздарының құрамына төсек ағаш, жастық ағаш, жүкаяқ, кебеже, сандық, әбдіре, жағлан, қант шаққыш, тоқпақ, саба, аяқ піспек, астау, табақ, тегене, шара аяқ, тостаған, ожау, қасық, күбі, ағаш шелек, келі, келсап және басқа да көптеген бұйымдар кірді [1.18].
Қазақстанда өте кең тараған ағаш бұйымдардың бірі- төсек ағаш (төс ағаш). Қазақтарда төсағаштың жасалу жолына, сыртқы кескініне қарай бірнеше түрі бар. Төсағаштың бірінші түрі жасалу тәсіліне, бет жағына жүргізілетін ою-өрнек, әшекейлеріне қарай әркелкі келеді. Мұның ең көне түріне зер салсақ, оның үш бөлек ағаштан, екі басы мен ортасын қосатын жалпақ тақтайдан, ал артқы беті екі бас пен арасын қосатын екі ұзын шабақтан тұрады. Екі беттің арасын 6-7 шабақпен қосады. Көлденең шабақтар үстіне ұзыннан бірнеше бос тақтай салады. Ал, көлденең шабақтар санын молайтқан жағдайда ұзыннан төселетін тақтайлардың керегі болмайды. Бірақ бірнеше қабат киіз төсеумен ғана шектеледі. Мұндай төсағаштың екі басы қисық біткен төрт ағаш кесіндісінен тұрады. Олардың төмінгі жағынан төрт аяқ шығарылады. Жоғарғы бастары көлденең шабақтармен қосылып, төсектің шалқақтау келген екі басына айналады. Төсек бастарының иіні 135-145 градус шамасындағы доғал бұрыштанып, төрт қырлана немесе жұмырлана шабылады. Тұтас шабылған төсек бастары тым шалқақ болса, аяқтары ішке қарай кіріңкі, ал аяқтары тік болған жағдайда жоғарғы сүйеніштері де тіктеу келеді. Бір-біріне қарама-қарсы орналасатын екі бастың арасын төсектің беті біріктіреді. Төсағаштың бет жағына кейде ою-өрнек ойылса, енді біреулері түгелдей сүйектеліп, күміс әшекейлермен безендіріледі [2.46].
Қазақстанның батыс аудандарында төсағаштың беті түгелдей бедерлі оюлармен көркемделген өте әдемі түрі кездеседі. Мұндай төсағаштардың бет жағы: түзу ағаштан мүсінделе шабылып, сыртына сәл шалқая орналасатын екі басы мен олардың арасын жалғастыратын ұзын, жалпақ тақтайдан тұрады. Ал, екі бас пен бет тақтайдың қиысатын жоғарғы бұрыштарына мүсіндей жонылған миық ағаштар сәндік үшін шегеленеді. Олардың екі басындағы тақтай бетіне ойылатын бедерлі оюлар бірдей болып келеді. Ендігі екі милыққа ойылатын оюлар бірдей болып келеді. Енді мына милыққа ойылатын оюлар сияқты, орта ағаш бетінің оюлары да өз алдына дербес композиция құрайды. Әдетте, төсектің бет тақтайының ортасына үлкен дөңгелек гүл ойылады. Ойылған оюлар мативі негізінен өсімдік тектес болып келеді де, стильденген қошқар мүйіз, сыңар мүйіз және әр түрлі геометриялық фигуралармен толықтырылады. Оюлы өрнектер қызыл, қара бояумен боялған. Музей қорында сақталатын төсек ағаш түрлеріне тоқталайық.
II ТАРАУ. Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Музей қорындағы ағаш бұйымдарды сақтау және қайта қалпына келтіру тәсілдері
2.1 Ағаштан жасалған музей бұйымдарды сақтау тәртіптері мен талаптары
Музей қорында сақталатын бұйымдардың өзіндік ерекшеліктері болуы себепті, сақталу режимдері соған сәйкес жасалынады. Ол жәдігердің мазмұнына, қордың құрылымына, сапасына, санына сақталған мерзіміне сай ерекшеленеді. Әрбір музей, әрбір қор сақтау қоймасы өзінің арнайы бағытына қарай жұмысын ұйымдастырады.
2.1.1 Температуралық - ылғалдылық тәртіп
Температура мен ауа ылғалдылығы заттардың табиғи ескіруіне өте қатты әсерін тигізеді. Бұл әсердің сипаты мен күші заттың жасалған материалынан, оның құрылымынан, қандай ортада болғандығынан, музей жәдігеріне айналғанға дейінгі сақталуына тығыз байланысты.
Органикалық ылғал тартқыш (гигроскопиялық) материалдардан (ағаш, тері, қағаз, мата) жасалған жәдігерлер өте жоғары немесе өте төмен ылғалдылықтан қатты зардап шегеді. Төмен ылғалдылықта бұл материалдарды сызат пайда болады, сығымдалып, беріктілігі, төзімділігі азайып, зат деформацияға (өзгеріске) ұшырайды. Өте жоғары ылғалдылықта бұл заттар ісініп, талшық жіптердің байланысы, жабысуы бұзылады, химиялық өзгерістер күшейеді, зат деформацияға ұшырайды. Өте жоғары ылғалдылық заттың тез құрып кетуіне әсер етеді. Мысалы, суретсалуға (майлы бояумен) арналған кенептің көлемі өзгерсе, бояу қабаты түсіп қалуы мүмкін. Төмен және жоғары ылғалдылықтемір мен эмальдан жасалған заттарға да өте зиян. Темірлерді тат басып қалуы осыдан болады.
2.1.3 Музейдегі биологиялық режим
Музей заттарды биологиялық зиянкестердің әсерінен де бұзылады. Олар зең түскен саңырауқұлақ, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа, кеміргіштер. Сондықтан музейлерде зиянкестердің пайда болуына жол бермейтіндей жағдай жасалуы керек. Егер музейдің температуралық - режимдік ережелері бұзылса, жәдігерлерді шаң-тозаң басса, музейге тамақ сақталатын қоймалар жақын орналасса өте қауіпті ауру жұқтыратын заттарды дезинфекциядан өткізбей, музейге қабылдамайды. Заттарды зең түскен саңырауқұлақтармен бүлінуі ауа арқылы немесе ауру жұққан заттар арқылы таралады. Егер ауа ылғалдылығы 70 проценттен жоғары болса және температура +20 +25 градус С болса бұл ауру өршиді.
2.2 Музей қорындағы ағаш бұйымдарды қайта қалпына келтіру (реставрация, консервация)
Ағаштан жасалған музей бұйымдары қолайсыз жағдай туған кезде физикалық, химиялық бүлінушілікке ұшырайды. Бұл өзгерістер негізінен ауа мен жарықтың әсерінен болады. Жәдігерлер биологиялық зиянды жәндіктердің: шыбын-шіркейлер, құрт-құмырсқа, кеміргіштер мен микроорганизмдердің де әсерінен бұзылуы мүмкін. Бұл факторлардың әсері, ықпалы бір-бірімен тығыз байланыста. Температураның белгілі бір деңгейі және ылғалдық дәрежесі жәдігерлердің табиғи көнеру процесін тездетуі немесе бәсеңдетуі, не баяулатуы мүмкін. Ауаның жоғарғы дәрежедегі ылғалдылығы, егер ғимаратта, бөлмеде газды ластанған заттар болса зиянды химиялық қоспалардың пайда болуына әкеп соғады. Жоғары дәрежедегі ылғалдық шаң-тозаңның да таз (грибковые) ауруларын, яғни микроорганизмдердің қозуынан туатын ауруларды тудырады. Кейбір жәдігерлерге жоғары денгейдегі ауа ылғалдылығы мен жарықтың түсуі бір мезгілде болса, тез бұзылып, ескіреді. Осындай қолайсыз жағдайлардан қорғау үшін музей жәдігерлерін қорғау тәртібі, ережесі болады [16,34].
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ мәдениеті халқымыздың өмір сүру салтына тән ерекшеліктерді бойына сіңіріп қалыптасты. Өткен ғасырлардан бері даламызда өркен жайған көшпелі мал шаруашылығы қолөнер, кәсіп, еңбек құралдары мен баспана, сәулет өнеріне өз нақышын қалдырды. Күнделікті тұрмыста қолданатын бұйымдарды жасау үшін түрлі материалдар қолданылды. Ағаш өңдеу, тері өңдеу, жүннен жіп иіру, тоқыма тоқу, іс тігу кәсіптері озық деңгейде дамыды. Қазақ зергерлері темірді қамырдай илеп, ағаштан түйін түйе білді. Олар батырларға қару-жарақ, сауыт-сайман соқты, ат әбзелдерін жасады, ағашты сүйекпен ойыстырып әшекейледі.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
1. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. А., 1987.
2. Қасиманов . Қазақ халқының қолөнері.
3. Марғұлан Ә.Х. Қазақ халқының қолөнері. 1-2 том.
4. Марғұлан Ә.Х. Юрта и ее убранства.
5. Захарова, Ходжаеева. Казахское национальное жилище.
6. Тәжімұратов. Шебердің қолы ортақ. А., 1977. 745. Т. 28.
7. Қожамқұлов С. Шеберлік мектебі. А., 1993.
8. Жалмұханов Ғ. Зергердің өзі көненің көзі. А., 1985.
9. Қазақтың киіз үйі: Әлемнің Ұлттық бейнесі. – А., 1998.
10. Нәлібаев А. Ағаш ою: балалар мен жасөспірімдерге арналған көмекші құрал. А., 1994.
11. Қазақ өнері: Энциклопедия. А., 2002.
12. Шаңырақ: Қысқаша үй тұрмысы энциклопед. А., 1989.
13. Мұқанов М.С. «Қазақ үйі». А., 1981.
14. Бекешов С.С. Қазақтың дәстүрлі ағаш бұйымдары және оның аймақтық ортақ сипаттары // Ақиқат. 2001. № 9б 95-96 бб.