Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 65 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Қазақ поэзиясындағы жыраулық дәстүр


МАЗМҰНЫ
Кіріспе 5
1 Жырау мен жыршылық дәстүрдің қазақ әдебиетінде қалыптасуы 8
1.1 Жырау – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі 8
1.2 Ақын-жыраулар поэзиясының зерттелуі 13
1.3 Жыраудың жанрлық ерекшелігі 16
1.4 Қазақ әдебиетіндегі көркемдік дәстүр жалғастығы 28
2 Қазіргі қазақ лирикасындағы жыраулық дәстүр 31
2.1 Жыраулар поэзиясы және дәстүр сабақтастығы 31
2.2 Жыраулар поэзиясы мен ақындар айтысының рухани сабақтастығы 36
2.3 Жыраулар поэзиясындағы жастық пен кәрілік 40
2.4 Қазақ жыраулары - дидактикалық поэзияның әйгілі шеберлері 47
2.5 Ұлт тәуелсіздігінің жалаугері – Қашаған жырау 54
ҚОРЫТЫНДЫ 63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 65

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Кеңес дәуірі тұсында қазақ жырауларының мұраларын зерттеуде біржақты көзқарас қалыптасты. Жырауларды тек хандық дәуір кезіндегі әдеби өткел ретінде, ал зар заман ақындарын «кертартпа» ақын ретінде қабылдадық. Жыраулар мұраларының рухани құндылығы, тақырыптық ерекшелігі мен жанрлық сипаты толық ашылмады. Толғау, терме түріндегі шығармалардың ойшылдық, даналық қасиетін анықтап, оны жырау айтқан күйінен кеңейтіп, ұғымын саралап жеткізе алмадық. Осы мәселелер талай жылдар бойы қордаланып жатты. Демек, жырау мұраларындағы бодандыққа қарсы дүниетаным, болжал, мораль, намыс, дін сияқты өзекті мәселелер жыраулық поэзиядағы әлеуметтік-философиялық сарынға негіз болды. Шығармаларында терең көрініс тауып жатты.

1 Жырау мен жыршылық дәстүрдің қазақ әдебиетінде қалыптасуы

1.1 Жырау – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі
Тарих қашан да өз перзенттерінің құнды мұраларымен қымбат, әрі барлық кезеңдердің сарапшысы. Ерлігі мен еркіндікке құштар күрестерге, батырлығы мен бостандық дегенде жан салмайтын байламдарға, шешендер мен ел тағдырын шешетін сәтте ақыл-парасатымен, дана-сәуегейлігімен өмір шырдығын толғап жеткізуші жырауларға толы бүгінгі күнге өз жемісін жеткізіп отыр.
Тарих толқынында қазақ әдебиеті үшін жарқын белестерге толы бір кезең XV-XVIII ғасыр әдебиеті. XIII-XIV ғасыр моңғол шапқыншылығы зырдаптарынан бас көтеріп, жаңа заман, жаңа өмірге бет бұрған халықтың жаңа шежіресі басталды. Алтын Орда құлап ноғай, қазақ рулары дербестігін алып бөлініп шығып, Ақ Орда халқының жеке мемлекет болып қалыптаса басталу тарихында да заман өз қиындығын кездестірді.

1.2 Ақын-жыраулар поэзиясының зерттелуі
Хандық дәуір әдебиетінің жиналуы, жариялануы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Халық мұрасын зерттеу ісіне ХХ ғ. бас кезінде ғана мүмкіндік туды. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиеттің жиналып, жариялану, зерттелуін үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Бірінші кезеңге ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Кеңес үкіметі орнағанға дейінгі кезең аралығындағы жиналу, жариялану жұмыстары жатады. Бұл ең алдымен Ш.Уәлиханов еңбектерінен көрініс тапты. Қазақ жырауларынан баспа жүзін көрген алғашқы туынды Шалкиіздің «Би Темірге айтқаны» деген толғауы. Баспаға әзірлеген Ш.Уәлиханов. В.В.Радлов жыраулар шығармашылығына қатысты пікірлер айтып, ақын-жыраулардың ел арасына тараған шығармаларын жинастыра бастады. Жыраулар мұрасы М.Османовтың «Ноғай уа құмық шығырлары», М.Бекмұхамедовтың «Жақсы үгіт», Ғ.Мұштақтың «Шайыр», «Көксілдер», Қ.Халидұлының «Тауарих хамса», А.Берқалиұлының «Ақын» жинақтарында сөз болды.

1.3 Жыраудың жанрлық ерекшелігі
Жыраудың жанры – толғау. Толғау – импровизаторлық дәстүрдің дара шығармашылық үлгісі. Сөз өнерінің толғау түрі ежелгі жазба ескерткіштерде аракідік бар болса да, оның жанр ретінде қалыптасуы – XV-XVIII ғасырларға сәйкес келеді. Осы кезеңде ол ерекше өркендеп, биік сатыға көтерілген. Толғау әуел баста магиялық, тотемдік сипатта, табиғат құбылыстарын адамға түсіндіру, бағындыру қажеттігіне байланысты дүниеге келсе де, сөз өнері күрделене, жетіле түсуіне сәйкес қоғамдық, әлеуметтік, этикалық, эстетикалық маңыз алып, жанр ретінде қалыптасып дамуы жыраулық поэзияға тікелей қатысты.

1.4 Қазақ әдебиетіндегі көркемдік дәстүр жалғастығы
Қазақ халқы рухани мәдениеттен кенде халық емес. Көшпелі қазақ жұртының да өткен тарихы бар, адамзат мәдениеті тарихына қосқан өзіндік үлесі бар, үлкен әдебиеті бар. Өмір де, өскелең өнер де бір қалыпта тұра бермейді.
Қазақ халқының біршама мол сақталған әдеби мұрасы – поэзиясы, әсіресе, жыраулар мен ақындар жыры, сан ғасыр бойы сыннан өтіп, халық көкірегінде жатталып, жыраудан жыршыға ұласып, біздің дәуірімізге жеткен сұңғыла сөз зергерлері – XV-XVIII ғасырларда өмір сүрген Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шәлгез, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей, Бұқар, Көпеш, Шал сияқты ақын, жыраулар, XV-XVIII ғасыр ақын, жырауларының өмірі мен шығармашылығы хақында бірқатар зерттеулер жарияланды.

2 Қазіргі қазақ лирикасындағы жыраулық дәстүр

2.1 Жыраулар поэзиясы және дәстүр сабақтастығы
Жыраулар поэзиясы дербес мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген қазақ хандығының әдеби мұрасы. ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда қазақ хандығы құрылып, тайпалар бірлестігінің, феодалдық мемлекеттің нығая бастаған дәуірі. Осы кезден бастап қазақ халқы мәдениетінің де өзіндік беті айқындала түсті. Ол әсіресе халықтың тілінен, әдебиетінен айқын сезілді. Жыраулық поэзия өзінің көркемдік ізденістері мен өмірдің шындық көріністерін бейнелеуде біршама жетістіктерге қол жеткізді. Жыраулар негізін қалаған толғау жанры жеке жанр ретінде қалыптасумен қатар, ең алдымен әлеуметтік-қоғамдық өмірді, сондағы әр алуан адамдар қатынастарын сараптап, ертеңгі болашақ туралы ой түйді. Мұның бәрі дерлік ақыл-нақыл, насихаттық сипаты арқылы көрініп, әдебиетіміздегі дидактикалық мазмұнды жырлардың сапасын арттырды. Бұл дәстүр кейінгі жазба әдебиет өкілдері Абай, Шәкәрім, Сұлтанмахмұт жалғастырған бұқарашыл, ағартушылық бағытқа жол салды.

2.2 Жыраулар поэзиясы мен ақындар айтысының рухани сабақтастығы
Жыраулар поэзиясының өршіл рухы мен би-шешендердің терең ойға құрылған тегеуренді сөздері ХІХ ғасырдағы айтыс ақындарының шығармашылық мұрасына мазмұндық һәм көркемдік тұрғыда мол игі әсерін тигізді.
Жырауға тән кең тыныс, үлкен пафосты тілейтін жырларды Сүйінбай, Жамбыл, Құлмамбет, Досмағамбет, Сарбас, Бақтыбай, Әсет, Кемпірбай т.б. ақындардың айтысынан байқаймыз. Төкпелете жыр төгіп, ұзағынан толғау, сүре айтыстарда жиі кездеседі. Жыраулар поэзиясына тән бұл сипат ақындар айтысында да елдік, халықтық мақсат-мұраттар тұрғысында барынша жарқырай көрінеді. Публцистикаға тән ақпараттық-танымдық, насихатшылдық, ұлттық иделогия көріністерін сүре айтыстарында молынан ұштастыруға болады. Мысалы, Сарбас пен Жамбыл айтысында, Сарбас ақынның мына бір толғамдары жыраулық дәстүр сарынын еске түсіреді:

2.3 Жыраулар поэзиясындағы жастық пен кәрілік
Қашанда заманның бет-бейнесін өрнектеп, ғаламның түрлі құбылыстарына баға беретін тұлғалар - өнер иелері екені даусыз. Өнер иелерінің ішінде табиғат берген ақындығының арқасында мынау пәниге өзгеше көзқараспен қарайтын ақын-жырауларымыздың орнын бөліп көрсетсек болады.
Жыраулар поэзиясы – әдебиетіміздің алтын діңгегі. Жыраулар поэзиясы – сан ғасыр соқпағында сынбаған қазақ тарихының айнасы. Сыпыра жыраудан басталып, 18 ғасырдың көмейінен жыр өрген айтулы жырауларына дейін жалғасатын ұлы көш мұрасы жылдар желісінде биіктей бермек. Өйткені, жыраулар – небір тағылымға толы өсиет қалдырған ақылгөй данышпан бабаларымыз.

2.4 Қазақ жыраулары - дидактикалық поэзияның әйгілі шеберлері
Жырау - жыршы емес. Өйткені жыршының бәрі бірдей ақын бола бермейді. Өз жанынан ешнәрсе шығармай-ақ, біреудің шығарғанын жаттап алу арқылы да оның жыршы атануы мүмкін.
Жырау - әрі ақын, әрі шешен. Ең алдымен ырғағы бар, ұйқасы бір белгілі өлшемге жататын өлеңді жыраушылардың өздері шығаратын болуы шарт.
Екіншіден, жыраушылардың сөздері терең мағыналы, сырты сұлу шешен сөздер, нақыл сөздермен келу керек.
Үшіншіден, әлеуметтік өмірде кейінгілерге үлгі боларлықтай терең ойлы пікір айту қажет. Сонда ғана ол - шын мәнісіндегі жырау атағына ие.

2.5 Ұлт тәуелсіздігінің жалаугері – Қашаған жырау
Қазақ топырағында тәуелсіздік үшін күрес тарихының бірнеше кезеңдері, әр кезеңнің өзіне тән күрес қаруы, амал-әрекеті болды десек, қазақ халқының материалдық және рухани қазынасына қол сұғып қана қоймай, сол арқылы ұлттық еркіндікке шек қоюды мақсат тұтқан отарлаушыларға қарсы халық рухын оятуда жыраулар поэзиясының орны ерекше.

ҚОРЫТЫНДЫ
Жыраулық өнер – тарихы қалыптасқан, дәстүрге ұласқан тұрақты сипатқа ие болған құбылыс. Оның түп-тегіне үңілер болсақ, сонау орхон жазбаларына, оғыз дәуірінің эпикалық мұраларына көз жібереріміз анық. Ол дәуірлерден жеткен музыкалық мақам үлгілері болмаса да, жазба ескерткіштер жоқ емес. Солардың бірі - «Қорқыт ата кітабы». Түркітану ғылымында бүгінгі сыр бойындағы эпикалық дәстүрдің оғыз дәуірімен байланысты жиі айтылады, ІХ-Х ғасырларда оғыз тайпаларының Сыр бойын мекендегені анық. Сол дәуірден қалған музыкалық-әпикалық дәстүр күні бүгінге дейін өзінің байырғы қалпын сақтап, стилдік ерекшеліктерімен дараланып келеді. Бұл, әсіресе, Қорқыттың сүйегі жатқан Қармақшы жеріндегі жыраулық өнерге тән құбылыс.