Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 64 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Абай шығармаларындағы адамгершілік идеясы


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Абай - адамгершілікті жүйелі жырлаған ақын 5
1.1 Ақынның адамгершілік мақсат-мұраты 5
1.2 Абайды тану-адамды тану 17
2 Абай мұрасындағы 29
2.1 Ақынның қара сөздері 29
2.2 Абай педагогикалық көзқарастары 45
Қорытынды 61
Пайдаланылған әдебиеттер 64

Кіріспе
Тақырып өзектілігі: Қазақ әдебиетінде ақындар мен жазушылардың шын өмірде болған оқиғаларды, не өмір шындығына сәйкес дүниелерді, адамның ішкі жан-дүниесі немесе мінез-құлқы жайында өздерінің шығармалары және өлең жолдары арқылы түйнег ойлары жазылады. Әдебиетте жазылған мағлұматтар , қазіргі біздің сүріп жатқан өмірімізге егіз туылғандай ұқсас келгендіктен, бұны кең көлемде қарастыруға болады. Мұндағы көп жәйттар өмірмен тығыз байланысты. Осы дүниемен көп нәрсені байланыстырған еліне ағынан жарылған ақын Абай атамызда бар. Ол үлкен достықты -отбасылық өмірден, жастар сезімін-тұрақтылықтан,әйелге-адамгершілік,әділет тұрғысынан қарауды бастаған адам. Абай жастардың адал махаббаты мен шын достығын уағыздады.Ескі әдет-ғұрып заңдары бойынша өзі бастан кешкен өмір сабағына сүйене отырып,ол шынайы достық сезімді жоғары қойған. Жас ұрпақты ескі тәрбиенің кертартпа жағынан жирендіріп,жаңа өнеге ұсынған. Бұл тұрғыдан оның «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп», «Кейде есер көңіл құрғырың» деген өлеңдерін еске алу орынды.Бұл өлеңдердің лирикалық кейіпкері-шын достық пен махаббатын таппай күйзелген жан. Ол «сол досты» іздеп күңіренеді.

1 Абай - адамгершілікті жүйелі жырлаған ақын
1.1 Ақынның адамгершілік мақсат-мұраты

Адамгершілік-барлық қаламгерлерге ортақ тақырып. Әйтсе де сол қаламгерлердің бәрі де бұрыннан айтылып келе датқан дәстүрлі тақырып-дамгершіліктің өзіндік жүйесін, қалыбын, танымын жасай бермеген. Абайдың өзге ақын-жазушыдан бөлек болатын жағдайы да осы адам болу мен адамгершіліктің жүйелі жолын, өзіндік танымын жасай білуімен байланысты. Ол адамгершілікті көркемдік тұрғыда суреттеумен шектелмей, оны ілім, таным, ойшылдық деңгейіне көтере жырлайды. Абай негізін Аристотель қаласа да, шығыста әл-Фараби бекіте түскен ғылымдар жүйесіндегі «практикалық философия» мемлекет пен жеке адамның игілігі мен бақытын, кемелділікке жетуін сөз ететін саясат пен этиканы қамтиды.

1.2 Абайды тану-адамды тану

Абай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені, тыңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгілерімен деңгейлес тұрғаны-білген адамға айқын шындық. Сан ғасырлық бай поэзиясы, ел қамын
жоқтаған жүздеген жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абай орнының ерекше болуы тегін емес.

2 Абай мұрасындағы
2.1 Ақынның қара сөздері

Абайдың толық жинағында 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары – «қара сөз» деп аталады. Жалпы саны қырық алты бөлек шығарма. Оның алты-жеті үлгісі қысқа келеді. Бұл қатарға қосылатындар он алтыншы, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма төртінші, отыз бірінші, қырық бесінші сөздері. Жалпы қара сөздерден мазмұн, тақырып жағынан өзгешерек тұратын-қырық алтыншы сөз. Ол тарихтық мақала-очерк тәрізді. Қазақ халқының қандай шыққандығына дәлелді, деректі қысқы зерттеу сияқты. Өзге қырық бес сөздің ішінде көлем жағынан ең мол шығарма бұрын Абайдың қолжазбаларында «Ғақлиат тасдиқат» деген атпен бөлекше көшіріліп жүретін дін, мораль мәселелеріндегі Абайдың бір үлкен ой-толғауы болады. Бұл-отыз сегізінші сөз.

2.2 Абай педагогикалық көзқарастары

Абай дүниетанымының негізінде адам мәселесі тұрады. Қазақ ағартушылығының көшбасшысы ретінде ол «Адам бол!» деген сөзді ту етіп көтерді. «Қазақ қоғамын түбегейлі өзгерту керек, ол үшін адамның көзі ашық болу керек. Білімді адам ғана рухани мешеулікті , надандықты, жалаулықты жеңе алады» деген.
Абайдың адам болу туралы ойларының желісі өлеңдерінен басталғанымен, оның негізгі қарасөздерінде толығырақ баяндалатынын жете ескере бермейміз. Абай шығармаларында жиі үшырасатын «Адам болу», «жарым адам», «толық адам», «адамшылық», «адамдық», «адамның адамдығы» деген ұғымдардың бәрі де тәлім-тәрбие психологиясына қатысты қағида тұжырымдар.

Қорытынды
Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Ол өзінің ілімінде, пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді. Кемелдену, жетілу – адам өмірінің мақсаты екенін айтады Абай. Жетілу дегеніміз не? Түрлі жетілулер бар. Мысалы, спортпен шұғылданып өзіміздің денемізді, күш-қуатымызды жетілдірсек, ал ғылым-білім, өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз. Абай осыларды айта отырып, бұлардан гөрі маңыздырақ жетілу барын, ол – рухани жетілу, яғни жанды жетілдіру деп көрсетеді.